Жол-көлік оқиғасы кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Автор: zamanbekdauren • Январь 21, 2023 • Лекция • 561 Слов (3 Страниц) • 239 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.СЕРИКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебі
Баяндама
Тақырыбы: «Жол-көлік оқиғасы кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу»
Орындаған: Әділбек.Ж
Тексерген: Толықбаева.Б.М
2023 жыл
Жол-көлік оқиғасы кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Бүгінгі күндері жолдарда көптеген апаттар мен жол-көлік оқиғалары болып жатқан кезде жәбірленушілерге бірінші көмек көрсете білу маңызды болып табылады. Дұрыс көрсетілмеген көмектің соңы қайғылы жағдайға әкеліп соғатынын есте сақтаған жөн.
Жәбірленушілердің өмірі-бірінші кезекте апат куәгеріне байланысты. Жыл сайын Қазақстанда жол-көлік оқиғаларынан (ЖКО) бірнеше мың адам көз жұмып, көптеген адамдар жарақат алып, соның нәтижесінде мүгедектерге айналып жатады. Өлімге әкеп соғатын негізгі себеп ЖКӨ мен алған жарақаттар емес, ал дұрыс көрсетілмеген алғашқы көмек болып табылады. Статистикаға сүйенетін болсақ, азаматтардың: 20%- апатта ауыр жарақат алу нәтижесінде, 10%- жедел көмектің кеш келуінен, ал енді ойлаңыныздар 70%- куәгерлердің іс-әрекет етпеуінен. Уақытылы және дұрыс көрсетілген медициналық көмектің арқасында ЖКО зардап шеккен азаматтардың көбінін өмірлерін сақтап қалуға болады.
Әрбір адамның парызы өз бауырларына осы көмекті көрсету болып табылады. Апат куәгері болған адамдар көбіне ешқандай іс-әрекет етпейді. Өз бауырлары мен қарындастары қалай қиналып, жан тәсілім етіп жатқандарын телефон мен де табылады. Бірінші медициналық көмек- бұл адамдардың 70% құтқару мүмкіндігі. Бірақ адам оны дұрыс көрсете білуі керек. Бұл істең негізі-жәбірленушіге зиян келтіріп алмау. Қате және орынсыз іс-әрекеттер, жәбірленушіге көмек көрсетудің орнына соңы ауыр болатын жағдайларға әкеліп соғады.
Клиникалық өлім кезіндегі бірінші медициналық көмек. Клиникалық өлімнің белгілерін қарастырайық. Бірінші кезекте жүрек соғысын, демалысын және санасына көңіл аудару керек. Егер олар болмай, көзқарашығы үлкейіп кетсе, адам организмінде өмірінің маңызды процестері жалғасып жататын клиникалық өлім орыналды. Және де ұйқы мен сәулелік артериялар арқасында пульсты анықтау керек. Жәбірленушіні клиникалық өлім жағдайынан шығару үшін бірінші кезекте өкпенің желдетілуін, жабық жүрек мпссажын жасау арқылы қанайналымын қалпына келтіру керек.
...