Ағылшын тілінен қазақ тіліне қарсы мәндес фразеологизмдерді аудару тәсілдері
Автор: merk_arthur • Октябрь 22, 2018 • Курсовая работа • 23,719 Слов (95 Страниц) • 1,109 Просмотры
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚАРСЫ МӘНДЕС ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................................... | 3 |
Тарау 1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚАРСЫ МӘНДЕС ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ САРАЛАУ ЖОЛДАРЫ................... | 7 |
1.1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдерінің зерттелу тарихы...................................................................................................... | 7 |
1.2. Қарсы мәндес фразеологизмдердің лингвистикалық ұғым ретінде зерттелуі тарихы.............................................................................................. | 20 |
Тарау 2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР - ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ..................................... | 34 |
2.1. Қарсы мәндес фразеологизмдердің семантикалық сипаты.................. | 43 |
2.2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің жасалу жолдары..................................................... | 50 54 |
Тарау 3. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚАРСЫ МӘНДЕС ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. | 59 |
3.1. Ағылшын тілінен қазақ тіліне қарсы мәндес фразеологизмдерді аудару тәсілдері................................................................................................ | 64 |
3.2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі қарсы мәндес | 73 |
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... | 96 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................. 100 | |
ҚОСЫМША........................................................................................................... 106 |
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі уақытта Тәуелсіздігімізді алғалы бері туған тіліміздің еңсесі көтеріліп артуда. Еліміздің салт-дәстүрлері және мәдениеті қайта өрлеп, әдебиетіміз құнды бола түсті. Халыққа қолданысында жүрген фразеологизмдердің күші артуда. Қоғамдық халықтың арасында тіліміз дамып, әлеуметтiк және саяси-экономикамызбен, өмiрiміз өркендеуде. Осы тұрғыда қоғам өмiрiнiң даму деңгейі түрлi бағытта көрiнетiнi анық, әдеби тiлдiң даму шеңберi ұлғайып, өсуде. Еліміздің егемендігін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі – ұлттың ынтымақтығы мен бірлігі. Ал қазақ ұлтының ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлттық тіліміздің тұтастығы және оның әдебиетімізбен тығыз байланыстылығында. Расыменде, тіл-адам қоғамының туындылары ішіндегі асылдың асылы, қымбаттың қымбат казанасы, адамды адам еткен ұлы күштердің бірі. Жүректің терең сырлары, өмір ағымдары, дәлірек айтқанда, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазынаның бірі - ана тілі. Өйткені ұлтты біріктіретін, оны өзге этностардан ерекше етіп,айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі, соның ішінен негізгі орны ерекше ол - фразеологизмдер. Әртүрлі халықтың қарсы мәндес фразеологизмдерін салыстыру, аудару немесе зерттеу халықтар арасындағы көптеген ортақ ойларын ашады, сондай-ақ бірін-бірі жақсы түсінуге және жақындасуына мүмкіндік туғызады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жалпы, тіл білімінде фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры мен құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес. Яғни біздің бұл тақырыпқа арнайы баруымыздың себебі, әдеби тіл дамуының ұлттық кезең сипатын танытатын алғашқы ағылшын және қазақ тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдерді ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Бұл – бір. Екіншіден, XX ғасыр басындағы фразеологизмдерің қарсы мәндес мағынасы әр түрлі себептермен толыққанды зерттелмей келеді. Жалпы диссертациялық жұмысқа арқау болған Ж.К. Қонақбаеваның орыс, қазақ тіліндегі фразеологиялық антонимдерді салыстыра зерттеу жұмысынан кейін ағылшын және қазақ тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдерді зерттеу нысанына айнала қойған жоқ.
...