Ағылшын және қазақ тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер
Автор: merk_arthur • Октябрь 22, 2018 • Курсовая работа • 11,617 Слов (47 Страниц) • 979 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Атырау облыстық дарынды балаларғы арналған
интернаттық мекемесі бар “Білім-Инновация” лицейі
Муханғали Ислам X сынып
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция: Тіл білімі
Жетекші: Аймұқатов Төлеген Галиевич
Атырау облыстық “Білім-Инновация” лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі “педагог шебер”
Ғылыми жетекші: Абдол Элеонора Досжанқызы
Х. Досмухамедо атындағы
Атырау мемлекеттік университеті
Атырау-2018
Атырау облыстық “Білім-Инновация”
лицейінің 10 “A” сынып оқушысы Мұханғали Ислам Жанатұлының «Ағылшын және қазақ тілдеріндегіқарсы мәндес фразеологизмдер» деген тақырыпта жазған ғылыми жұмысына
Пікір
Бұл жоба- қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерге тән айырмашылықтарды зерттеу мен ұқсастықтарын қарастыруға арналған жұмыс. Қазіргі дамыған әлеуметтік қоғамда фразеологизмдердің қолдану аясы әдебиеттің бірнеше тармағында айрықша рөл атқаратындығын ескере келе, жоба тақырыбын актуалды деп қарастыруға әбден болады.
Ұсынылған жұмыстың авторлары берілген тақырыпты ашуға қажет дерлік барлық мағлұматтарды жинады, және де айта кетерлік жайт, жоба авторлары жан-жақты жинақталған ақпараттарды қорытындылап, өздерінің де ұсынған тұшымды ойларын сіздерге ашық жеткізуге тырысты.
Атырау облыстық“Білім-Инновация”
лицейінің ағылшын
тілі пәні мұғалімі Аймұқатов Т.Г.
Атырау облыстық “Білім-Инновация” лицейінің 10 “A” сынып оқушысы Мұханғали Ислам Жанатұлының «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер» деген тақырыпта жазған ғылыми жұмысына
Сын Пікір
Бұл ағылшын тілі аумағындағы жоба заманға сай және әртүрлі ғылыми зерттеулерге толы болып табылады. Мұханғали Исламның бұл жобасы тақырыбына сай қөзқарастарды, деректерді қамтиды. Бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті, сондықтан осы тақырыпты талдағандығын дұрыс деп есептеймін.
Зерттеу барысында автор қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің ара-жігін ажыратып, олардың мағынасын аша білді. Фразеологизмдердің өзіне тән күрделі мағынасы бар екені сөзсіз, алайда автор оны басқада жолдармен түсіндіріп, олардың мағынасын нақты бере білді.
Ғылыми мақала барлық талаптарды қанағаттандырады және мамандардың назарына лайықты. Зерттелетін жұмыс – елеулі, қызықты және Қазақстан Республикасының ғылыми жобалар байқауында қаралуға ұсынылады.
Ғылыми жетекші: Абдол Элеонора Досжанқызы
Х. Досмухамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті
Абстракт
Актуальность
Актуальность нашей темы заключается в том что, в наше время очень важно не только знать язык, но и культуру своего языка. На данный момент мы будем обсуждать разницу и сходства казахских и английских фразеологизмов. Фразеологизмы позволяют не только понять свой язык, но и понимать взгляды и истории народа. В них отображается огромный исторический опыт, история и культура людей. Фразеологизмы - это часть фольклора, отображающая всю сущность народа.
...