Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қ. Сәтбаев және Қазақстан ғылымы

Автор:   •  Декабрь 6, 2019  •  Реферат  •  2,858 Слов (12 Страниц)  •  1,252 Просмотры

Страница 1 из 12

Жоспар

Кіріспе..............................................................................................................

3

1.

Қаныш Сәтбаевтың өміртарихы мен ғылым жолындағы алғашқы қадамы......................................................................................................

4

1.1

Ғалымның қысқаша өмірбаяны..............................................................

4

1.2

Қ. Сәтбаевтың ғылымға келу жолы.......................................................

5

2.

Қ. Сәтбаев және Қазақстан ғылымы.......................................................

8

2.1

Қаныш Сәтбаевтің Қазақстан Ғылым академиясын ашудағы еңбегі..

8

2.2

Қаныш Сәтбаев - ұлы ғалым, геолог, қоғам қайраткері........................

9

Қорытынды......................................................................................................

11

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................

13


Кіріспе

Ғылыми енбектері біздің еліміздің ғана емес, бүкіл әлемге әйгілі академик Имантайұлы Сәтбаев өзінің бүкіл өмірін Қазақстанның жер қойнауындағы байлығын Отан игілігіне жұмсарнады. Қаныш Сәтбаев - 640-тан астам еңбектің авторы, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Ол Жезқазған мыс рудалы ауданын ашуда көп еңбек сіңірді.

КСРО Ғылым академиясының академигі Қаныш Сәтбаев республикамызда ғылымның т рлі саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан дарынды ұйымдастырушы, басшы да. Ол Геология ғылымдары институтын басқарды, ал 1946-1952 және 1955-1964 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті болды.

Қазақстаннан шыққан тұңғыш академик Қ. И. Сәтбаевтың ғылымды дамытуға сіңірген зор еңбегі жоғары бағаланды: ол төрт мәрте Ленин орденімен, екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, көптеген медальдармен марапатталды, жаңа бір минерал Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталады.

Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген академик - қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс. Ол аса көрнекті ғалым-геолог қана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, әлемдік өреге көтерілген ойшыл ғұлама. Қаныш Имантайұлы мемлекет және қоғам қайраткері ретінде, ғалымдығы мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Қазақстанның индустриялық даму жолындағы әркениетті үрдістің көн басында болып кемеңгер ғалым атанды.


1 бөлім. Қаныш Сәтбаевтың өміртарихы мен ғылым жолындағы алғашқы қадамы

1. 1. Ғалымның қысқаша өмірбаяны

Қ. И. Сәтбаев 1889 жылы 12 сәуірде Семей губерниясы Павлодар уезі, Ақкелін болысының 4 ші ауылында (қазіргі Қазақстан Республикасы Павлодар облысы Баянауыл ауданының) Теңдік поселкісінде туған.

Сәтбаевтің отаны - көгілдір көлді, гранит жартасы, қарайғалы, қайынды орманды ертегідей сұлу Баянауыл.

Қаныштың әкесі - Имантай Сәтбаев (1845-1928) өз ортасында беделді, көшпелі малшы болатын. Жас кезінде Омбыдағы медреседе оқыды, Шоқан Уалихановпен де таныс болатын. Әкесінің ықпалымен жас бала араб, парсы тілдерін ықыластана үйреніп, Хафиздің, Сағдидің, Науаидің өлеңдерін жаттап өсті.

Қ. И. Сәтбаевтың анасы - Әлима (1862-1904) кішкене Қанышқа бес жас толмай қайтыс болады. Ол туғанда қойған қатал естілетін «Faбдулғани» деген есімінің орнына бүлдіршінге еркелетіп айтатын Қаныш есімін береді. Әлима қайтыс болғаннан кейін оны әкесінің бәйбішесі мейірімді Нұрым аналық қамқорлыққа алады.

Қаныштың жерлесі әрі досы Әлкей Хақанұлының мәліметтері бойынша, революциядан (1917ж.) бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. «Қаныштып әкесі Имантай - ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын…

...

Скачать:   txt (42.2 Kb)   pdf (130.1 Kb)   docx (21.7 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club