Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық антонимдердің компоненттері
Автор: kbakhyt3003 • Апрель 15, 2019 • Дипломная работа • 14,598 Слов (59 Страниц) • 1,025 Просмотры
ЖОСПАР
КІРІСПЕ................................................................................................................. 3
1 ТАРАУ.ТАРАУ АНТОНИМИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ-ТІЛ БІЛІМІНІҢ ОБЪЕКТІСІ
1.1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антоним ұғымы және антонимдердің түрлері .................................................................................................................... 5
1.2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антонимдердің жасалу жолдары. ..... 10
1.3. Логикалық карама-карсылық пен антонимдік қарама-қарсылықтың
ұқсастығы мен айырмашылығы ......................................................................... 16
2 ТАРАУ.АНТОНИМДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ АЯСЫ
2.1. Антонимдердің синонимдермен байланысы ............................................ .29
2.2. Антонимия және полисемия ........................................................................ 35
2.3. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антонимдердің қолданылу жиілігі ... 40
3 ТАРАУ. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ АНТОНИМДЕР
3.1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық антонимдердің компоненттері ...................................................................................................... 45
3.2. Бір құрылымды және әр құрылымды фразеологиялық антонимдер........ 48
3.3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық антонимдердің морфологиялық классификациясы .................................................................... 50
3.4. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық антонимдерде кездесетін құрылымдық және семантикалық қарама-қарсылықтың түрлері 52
3.5. Антонимиялық компоненттер кездеспейтін фразеологизмдер .............. 56
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 58
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ АНТОНИМДЕР............ 73
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................. 77
КІРІСПЕ
Бұл дипломдық жұмыс лексиканың кешірек зерттеле бастаған, әлі де болса ақтара қарап, тереңдей үңіліп зерттейтін саласы – антонимияға арналады.Таңдалынып алынған зерттеу жұмысының тақырыбы «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антонимдер, олардың семантикалық табиғаты»деп аталады.Жұмыс кіріспеден,3 тараудан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және зерттеу жұмысына қосымша ағылшын және қазақ тілдеріндегі антонимдер сөздігінен тұрады.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық антонимдердің тілдік сипаты және қолданылу ерекшеліктері.
Таңдалынып алынған тақырыптың мақсаты екі тілдегі антоним құбылысының қолданылу аясын, оның семантикалық табиғатын айқындап, жасалу жолдары мен троп түрлерімен байланысын анықтау,екі тілдегі фразеологиялық антонимдерде кездесетін мағыналық және құрылымдық ерекшеліктерін жан-жақты қарастыру, сондай-ақ қазақ және ағылшын тілдерінің лексикалық жүйесіндегі антонимдердің маңызын анықтау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі екі тілдегі мағынасы қарама –қарсы сөздердің қолдануда қиындық туғызып, кейбір сөздердің антонимдік жұптары бірнеше жолмен берілетіндігіне байланысты, өйткені лексиканың осы саласына
байланысты күні бүгінге дейін шешімін таппай жүрген өзекті мәселелер көп. Бұл жұмыстың теориялық құндылығы семасиология саласына, салыстырмалы лексикология салаларына үлес қосу.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы жұмыстың керекті материалдарын пайдаланып, «тілдегі антонимдік қатынастар»атты мектептерде үйірме сабақтарын немесе арнайы курстарды өткізуге болады. Сондай-ақ қосымша оқулықтарды даярлауда, курстық жұмыс жазарда да қолдануға болады.
Зерттеуді жүргізу барысында мынандай материалдар пайдаланылды: қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі түсіндірмелі, фразеологиялық және антонимдер сөздіктері, ғылыми мақалалар, мақал-мәтелдер жинақтары, У.Шекспир сонеттері, а.Құнанбаев, Т.Нұрмұхамедов, Д.Әбілевтердің шығармаларынан алынған үзінділер тағы басқа материалдар. Диплом жұмысын жазарда салыстырмалы әдіс, компоненттік талдау және тағы басқа әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының бірінші тарауы екі тілде антонимге берілген анықтамалар, оның жасалу жолдары, логикалық карама-карсылық пен антонимдік қарама-қарсылықтың ұқсастығы мен айырмашылығы, антонимдердің синонимдермен байланысына фразеологиялық антонимдерге арналады
...