Қазақ және татар тілдеріндегі сәйкес фразеологизмдер
Автор: togubaieva • Декабрь 25, 2018 • Доклад • 1,231 Слов (5 Страниц) • 1,154 Просмотры
Тогубаева А.К
Еуразия Гуманитарлық Институты
ҚТӘ-2-13 тобының студенті.
Қазақ және татар тілдеріндегі сәйкес фразеологизмдер
Кез келген ұлттың мәдени өмірінің көрінісі фразеологиялық қордан ерекше байқалатыны мәлім. Яғни фразеологизмдердің халық айнасы екені сөзсіз. Ұлт мәдениет оның ғылымында, өмірінде, дінінде тіл арқылы танылады. Ал фразеологиялық материалдар ұлттық мәдени маңызы бар деректерден тұрады. Бұл деректердің түп төркіні таралу, шығу көзі фразеологизмдердің тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Фразеологизмдердегі өзінің мағына тұтастығы, қолданылу тиянақтылығы, даяр қалпында қолдану тұрақтылығы сияқты белгілердің арқасында ұлт тілінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
Фразеологизмдер - «құрамындағы сыңарлары өте тұрақты болып келетін, қолданысқа әрдайым даяр қалпында жұмсалатын, «тұрақтылық», «тұтастылық», «тиянақтылық», «түйдектілік», «бөлек бітімділік», «бейнелілік» сияқты басты қасиеттерімен сипатталатын тұрақты сөз тіркестері»(1)
Қазақ және татар тілдеріндегі ұқсас ортақ фразеологизмдерді салыстыра қараудағы негізгі мақсат-бұл тілдердің туыстық жақындығы,сондай-ақ қазақтар мен татарлардың рухани, мәдени тарихи жақындастығын осы тұрақты тіркестер негізінде анықтай түсу болып табылады.
Ұлттың рухани дүниетанымын, салт-санасын, ұлттық мінезін өн бойына жиып, сан ғасырлар өтсе де санадан өшпейтін ұлт тіліндегі асыл қазыналардың бірі – фразеологизмдер.Қазақ және татар тілдеріндегі фразеологиялық параллельдер олардың сөздік құрамында әбден орныққан. Екі тіл бойынша салыстыра отырып,жинақтаған фразеологизмдерді қарастырғанда, фразеологизмдердің ұқсастығы мен құрамы жағынан толық сәйкес келетін,сондай-ақ кейбір фразеологизмдердің компоненттерінде сәл өзгерістер болғанымен,бірақ мазмұны ұқсас фразеологизмдер кездеседі.
Фразеологияда жүйеліліктің мәнін ашуға Ройзензонның семантикалық өріс әдісімен тілдің фразеологиялық құрамын зерттеудің тәсілі ықпал етуде.(2)
Лингвистикадағы семантикалық өріс - бұл сөздер мен айтылудың жиынтығы,ол тақырыптық қатарды құрап,белгілі бір мағынаны білдіреді.
Осы тұжырымды негізге ала отырып, Қазақ және татар тілдеріндегі сәйкес фразеологизмдерді былайша тақырыптарын жіктеп топтасырып қарастыруға болады:
1.адам мінезі мен ақыл-ой қабілетін сипаттайтын фразеологизмдер:адам ойлау қабілетінің жағымды мінездемесі және де жағымсыз образды фразеологизмдер эпитет көмегімен туады(тат.аңгыра сарык кебек,кабак баш)бұл топшадағы фразеологизмдердің айырмашылығы амбивалетілігінде.негізгі тірек сөздері « білім» және « ақыл».ақыл бастан-асыл тастан- «ақыл баштан аслы таштан»,білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар- «беләге юан берне егар,белеме юан меңне егар»,білімсіз достан,білімді дұшпан артық- «белексез дустан,белекле дошман артық»,білім инемен құдық қазғандай-«белем алу эне белэн кое казу»ақыл беру- «акыл биру»,ақыл енді (кірді)- «акыл керу»,ақыл үйрету- «акыл өйрәтү»,ақыл тапты- «акыл табу»,ақыл тоқтату- «акылга утырту».
2.адамның эмоциялық сипатын білдіретін фразеологизмдер: Қазіргі тілдік қорда қолданылып жүрген фразеологизмдердің біразы адам эмоциясына қатысты. Адам эмоциясына қатысты фразеологиздердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие болады. адам өміріндегі эмоционалды тұсын сипаттайды,бұған кіретін тұрақты сөз тіркестері семантика жағынан кең және алуан түрлі болып келеді.мысалы қорқу мағнасында жүрегі ұшты-йөрәк кубу зәресі ұшты-кот очу, көзі шарасынан шықты-күзе шар булу,
3.аң жан жануарлар атауымен сипатталатын фразеологизмдер: Қазақ халқында ит жеті қазынаның бірі ретінде саналатыны белгілі. Осы жағдай татарлар да бар сияқты. Мәселен, екі тілде де иттің образы тұрақты тіркестерде жиі қолданылады. Итке қатысты қолданылатын тұрақты тіркестер иттің мінезін, бабын, күйін т.б. қасиеттерін сипаттаса, адамға қатысты ауыспалы мәнде қолданылатын тұрақты тіркестер адамның жағымды – жағымсыз мінез – құлықтарын бейнелейді. Әу бастан ит – адамның досы деген түсінік қалыптасқан. Мысық тілеу тіркесіне қатысты халқымызда мынадай аңыз әңгіме бар: ит өзін асыраған үйдің балалары көп болса, қолдарына ұстап шыққан нандарын тойып болған соң тастап кетсе, тояр едім деп балалардың көп болғандығын, молшылық болғандығын қалап, соған тілеулес болады екен. Ал, мысық болса, «мені асыраған иемнің екі көзі соқыр болса ғой, алдындағы тамағын тартып жер едім», – деп армандайды екен. Әрине, мұның бәрі аңыз әңгіме десек те, қазақтардың мысықпен салыстырғанда, итті көбіне жоғары бағалайтындықтарын байқауға болады. Ит қазақтардың танымында жеті қазынаның бірі саналып қоймай, он екі мүшел жылдың біріне кіреді. «Ит жеті қазынаның бірі», - дей тұра халқымыз оны жағымсыз эмоциямен де ассоциациялайды. Қазақтардың тілдік қауымдастығында біреуді қатты жек көргенде иттің образы алынатыны белгілі.
...