Ағылшын және қазақ тілдеріндегі келер шақ
Автор: arailym97 • Февраль 20, 2019 • Курсовая работа • 17,836 Слов (72 Страниц) • 1,387 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 5 | |
1 | ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТІЛДІК ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ | 7 |
1.1 | Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері | 7 |
1.2 | Шақтық локалдылық / шақтық бейлокалдылық категориясының семантикалық аспектісі | 12 |
1.3 | Шақтық локалдылық / шақтық бейлокалдылық функционалды-семантикалық категориясы | 26 |
2 | AҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚAЗAҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ КЕЛЕР ШAҚТЫҢ ҚОЛДAНЫС AЯСЫ | 34 |
2.1 | Келер шақтың парадигмасы және келер шақ тұлғаларының тілдік функциялары | 34 |
2.2 | Aғылшын тіліндегі келер шaқтың aтқaрaтын қызметі | 39 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 49 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 51 |
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Функционалды грамматиканың негізгі принципі – тілдік бірліктердің қолданылуындағы мағыналық, мазмұндық жағын, яғни қызметін басшылыққа алып, әртүрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктерді қарым-қатынас процесімен, сөйлеу жағдаятымен тікелей байланыста қарастыру. Бұл зерттеу әдісінде тілдік категориялардың ішкі мағынасын жан-жақты ашып көрсетуде дәстүрлі лингвистиканың әдіс-тәсілдері де қолданыстан тыс қалмайды. Себебі кез келген тіл белгілі бір лексикалық, грамматикалық парадигмаға түскен тұтастық болып табылады. Біз жұмысымызда функционалды-семантикалық өріс теориясының негізгі зерттеу нысаны болып танылатын екі бағытты («тұлғадан → мағынаға қарайғы» және «мағынадан → тұлғаға қарайғы») да қоса пайдалана отырып, шақтық локалдылық / шақтық бейлокалдылық (ары қарай шақтық локалдылық / шақтық бейлокалдылық) категориясын білдіретін түрлі тіл деңгейіндегі бірліктердің тілдік жүйедегі қызметі мен сөйлеу жағдаятындағы жұмсалымдық әлеуеті қарастырылады.
Шақтық локалдылық / шақтық бейлокалдылық қазақ тілінде бұған дейін тұтас функционалды-семантикалық категория ретінде арнайы зерттеу нысаны болмаған. Зерттеу барысында теориялық мәселелерге байланысты Э. Кошмидер, Н.А. Козинцева, Ш. Балли, В.В. Виноградов, А.М. Пешковский, А.Б. Шапиро, Г.В. Гак, Г.В. Колшанский, М.В. Ляпон, Г.А. Золотова, М.А. Шелякин, Н.Ю. Шведова, Т.П. Ломтев, М.Г. Грепль, М.Б. Будильцева, Г.А. Эслон, А.В. Бондарко, Н.Е. Петров, В.Н. Бондаренко, Л.А. Бирюлин, Т.И. Дешериева және т.б. ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алдық. Қазақ тіл білімінде шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылық категориясына қатысты зерттеу жұмыстары болмағанымен, функционалды грамматика теориясына қатысты А. Байтұрсынұлы, Ы. Маманов, Н.Т. Сауранбаев, И. Ұйықбаев, З.Қ. Ахметжанова, Е.Н. Жанпейісов, Қ. Рысалды, Б. Шалабаев, Б. Қапалбеков еңбектерінің алатын орны ерекше. Осы орайда жас зерттеушілер О. Жұбаева, М. Жолшаева, А. Жаңабекова, С. Құлмановтардың еңбектерін атап өткен жөн.
Тілдің маңызды қызметтерінің бірі саналатын коммуникация мен танымдық әрекет сөйлеуде айқын көрінетіндіктен, тіліміздегі функционалды-семантикалық өрістерді функционалды грамматика тұрғысынан тіл және сөйлеу деңгейінде қарастыру қажеттігі туындап отыр. Бұл орайда локалдылық семантикасын коммуникативтік-прагматикалық аспектіде зерттеу өзекті мәселердің бірі болып есептеледі.
Жұмыстың мaқсaты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мaқсaты aғылшын және қaзaқ тілдеріндегі келер шaқ формaлaрының семaнтикaсын қaрaстырып, ұқсaстықтaры мен aйырмaшылықтaрын aтaп көрсету.
...