Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аударма –тілдердің ұштасуы, билингвизм құбылысы

Автор:   •  Июнь 8, 2018  •  Курсовая работа  •  5,838 Слов (24 Страниц)  •  819 Просмотры

Страница 1 из 24

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаты. Әлемдік экономиканың өсуіне байланысты кәсіпкерлер, мемлекеттік қайраткерлер және кәсіпорын басшылары келіссөздердің жүргізілуі мен мәмілелердің шешімі үшін аудармашы қызметін қажет етеді. Сыртқы экономиялық қызметкерлермен үнемі шұғылданатын кәйбір кәсіпорындар тұрақты негіздегі аударма мамандарымен тығыз жұмыс жасайды.

Қызмет көрсету саласының биік дамытуы аудармашының сапалы қызметкерлерімен пайдалануыға мүмкіндік береді. Біздің күндерде ең үлкен сұраныспен ілеспе және кезекті ауызша аударма түрлері дайындалады. Ілеспе аударма кезінде маман шетел мәтінін үзіліссіз аударады. Ал кезекті аудармада мәтін әңгімелесуші жасаған үзіліс кезінде аударылады.

Аударма өзге тілдегі мәтінді(жай сөзден бастап романға дейін қамтиды) мағынасы бойынша бір тілге аудару. Бір тілден екінші тілге аударылған сөздің жазылуы, айтылуы  өзгереді. Осы аударма процесін жүзеге асыратын адамды аудармашы деп атайды. Аудармашы белгілі бір тілдерді жетік меңгерумен қатар, өзінің саласына қатысты оның жұмысының материялы болатын жаңалықтарды жан-жақты білуі тиіс. Ауызша аударма кезінде аудармашы мәтінді есту арқылы, ауызекі тілде аударады. Аудармашы сөйлеушінің қасында болады. Ауызша аударма үлгеруді қажет ететін сөйлеушінің сөйлеу шапшаңдығын, есімдерді, сандарды, даталарды есте сақтау қабілетін және олардың орын тәртібін білуді қажет етеді. Ауызша аударатын аудармашының есте сақтау қабілеті жақсы болуы керек. Міндетті талабы-тез аудару.

Аудармашы қандай сапаға ие болуы керек? Аудармашы қызметінің бір маңыздылығы-ол аударып отырған жұмыс саласын өте жақсы талдай білуі керек.

Курстық жұмыстың мақсаты: Ауызша аударманы жүзеге асыру процесінде туындайтын контекстті қателіктерді зерттеу және оларды түзету әдістері болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті: 

-Ауызша аударманың ерекшеліктері, ұғымы және оның түрлерін сипаттау: ілеспе және ізбе-із аударма;

-Ауызша аударманы жүзеге асыруда туындайтын типтік қателіктерді түзету мақсатында анықтау;

-Ауызша аударманы жүзеге асырудағы аудармашылардың жіберетін қателіктерін түзету тәсілдерін қарастыру;

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1. АУЫЗША АУДАРМАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ

1.1 Аударма –тілдердің ұштасуы, билингвизм құбылысы.

Аударма – кез келгенге сыбаға ретінде беріле салмаған, тілдік түйсігі терең дарын иесінің сыйы саналатын шығармашылық өнер, өзегін талдырып, танбай, талмай еңбек етуді талап ететін кәсіп.

Аударма – адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Халық арасында үзілмейтін үрдіс. Аударма көптеген халықтардың тілдерінің және әдебиеттерінің пайда болуында және дамуында маңызды рөл атқарады.

Аудармашы түпнұсқа тілін терең әрі жан-жақты біліп, сондай-ақ, сол халықтың тарихы мен мәдениетін көрсеткен жағдайда ғана аудармашы аударманың әлеуметтік жоспарын сәтті орындайды.

«Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін ауызша немесе жазбаша мəтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге аударма сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нəтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.

Аудару принципі мен аударманың дəлме-дəлдігі туралы ұғым  заманалар озған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, орта ғасырларда əріпшілдік, сіреспе аударма басым болса, бертін келе жаңғыру дəуірінде, XVII-XVIII ғасырларда «еркін» аударма етек алды. Одан соң əдебиет əлемінде балама аударма пайда болды.

Ағылшын және көптеген басқа еуропалық тілдерде аударма түрлері екі түрлі сөзбен беріледі. Ағылшынша жазбаша аударатын аудармашыны – «translator», ауызша аударатын тәржімешіні – «interpreter» дейді.

Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады:

...

Скачать:   txt (82.6 Kb)   pdf (322.1 Kb)   docx (42.5 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club