Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Т. Ізтiлеуұлы шыfармалары тiлiндегi үнемдеу құбылысы

Автор:   •  Апрель 6, 2021  •  Доклад  •  2,255 Слов (10 Страниц)  •  333 Просмотры

Страница 1 из 10

Т. ІЗТІЛЕУҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ ТІЛІНДЕГІ

ҮНЕМДЕУ ҚҰБЫЛЫСЫ

Құндақбаева Л.Ш.

ҚР ІІМ Академиясы қазақ тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты

        Тіліміздегі фонетикалық ерекшеліктердің ішінде сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың түсіріліп айтылуы (редукция, элизия құбылыстары), дауыссыздардың түсіп қалу (аферезис, синкопа, диереза, апокопа құбылыстары) фонетика саласындағы үнемдеу заңдылығынан туындайтын құбылыстар екені белгілі. Тіл-тілде сөздердің жазылуда не айтылуда қысқарып кетуі, яғни оның ықшамдалып, жазуға да, айтуға да оңтайлы болып келуі тілдің артикуляциялық базасының ыңғайына қарай болып отыратын өзгерістер. Сөздің неғұрлым жеңіл және үйлесімді болып айтылуы оның фонетикалық, грамматикалық құрылымына өзгеріс әкеледі, яғни сөздегі дыбыстар, кейде буындар да, түсіп қалады. Сөз жеңіл айтылып, тез түсіндірілетін ықшамды қалыпқа түседі. Осындай дыбыстардың, буындардың кеміп қалуын үнемдеу заңдылығы немесе лингвистикалық үнемдеу («лингвистическая экономия») деп жүрміз [1, 534 б.]. Бұл заңдылық бойынша сөйлеп тұрған субъект өзінің күш-қуатын, сөйлеп тұрғандағы сөйлеу энергиясын үнемдеуге тырысады. Бұл әрекет тіл жүйесінің барлық деңгейінде – фонетика, лексика, морфология, синтаксисте, сөзжасамда кездесе береді. Ол туралы қазақ тіл білімінде ең алғаш пікір айтқандардың бірі – Б. Сағындықұлы. Ол: «Біздің байқауымызша, үнемдеу құбылысы тілдің бүкіл жүйесін – фонетиканы да, лексиканы да, морфологияны да, синтаксисті де қамтиды. Алайда, бұл заңдылық тіл білімінде әр түрлі терминдермен аталып жүр. Мысалы, ол фонетикада «элизия», «апокопа», «гаплология» деп аталса, лексикада – «метонимия», морфологияда – «сіңісу», «кіріккен сөздер», синтаксисте – «эллипсис», «толымсыз сөйлемдер» деп аталады. Түптеп келгенде, үнемдеу процесінде пайда болатын соңғы нәтиже – белгілі бір дыбыстың, буынның, сөздің, тіпті сөйлемнің қысқартылып, ықшамдалып айтылуы. Біздіңше бытырап жүрген терминдердің барлығының басын қосып, үнемдеу заңы деп атаған дұрыс», - деп, осы құбылысқа анықтама берген десе де болады [2, 69 б.].

        Осы үнемдеу заңдылығына бағынып, өзгеріске ұшыраған сөздердің әдеби нормаға еніп кеткендері бар да, әдеби нормаға енбегендері бар. Ал біз мысал келтіріп, талдау жасаған фонетикалық ерекшеліктер, түптеп келгенде, әдеби тіл нормасына жатпайтын сөздер болып табылады. Академик Р. Сыздық тілімен айтқанда, бұл құбылыстарды «әдеби тілден ауытқу» деуге болады. Ол ауытқудың «уәжді ауытқу» және «уәжсіз ауытқу» деген түрлерін айтады [3, 210 б.]. Осы ауытқу түрлері жөнінде сөз қозғаған Б. Сағындықұлының айтуы бойынша, қазақ тіліндегі дыбыстардың өзара алмасу ерекшеліктерін өзара «тектес (сәйкес)» дыбыстардың алмасуы (бұларды уәжді ауытқу десе де болады) және «әр тектес», тектес емес (кездейсоқ) дыбыстардың алмасуы (уәжсіз  ауытқу) деуге болады. Осы уәжді, уәжсіз нормадан ауытқыған сөздердің ақын шығармаларында көбіне әлдеқандай себептерге байланысты, негізінен, экспрессивті (бейнелі) түрде айту үшін, кейбір мақсаттарға (өлең жолдарында дыбыстар симметриясын сақтау, сөздің бейнелілік мағынасын арттыра түсу, сөзді түрлендіре түсу, т.т.) байланысты өзгертіліп, құбылтып айтылатын да (әр түрлі сөз келбетінің белгілі бір жағдаятта өзіндік айтылу түріне байланысты) жағдайлары кездесетінін көруге болады. Осы мәселелерді зерттеу жұмыстары тілдің дыбыстық бірліктерінің стилистикалық ресурстарын қарау немесе дыбыстардың фоностилистикалық қызметтерін анықтау мәселесіне де алып келетін жұмыс. Бұл өз алдына бір бөлек зерттеуді талап ететін дүние. Біздің негізгі сөз еткелі отырған мәселеміз – үнемдеу құбылысының ақын Тұрмағамбет шығармаларында қалай көрініс бергендігі жөнінде болмақ.

...

Скачать:   txt (22 Kb)   pdf (167 Kb)   docx (17 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club