ҚР халықтың тұрмыс деңгейін статистикалық зерттеу
Автор: ARHNAJIE6GG656 • Декабрь 25, 2022 • Реферат • 4,526 Слов (19 Страниц) • 321 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылымминистрлігі
НАРХОЗ Университеті
[pic 1]
«Цифрлік инженерия және мәліметтерді талдау» ҒБД
Ғылыми жоба
Тақырыбы: ҚР халықтың тұрмыс деңгейін статистикалық зерттеу
Орындағандар:
Ғылыми жетекші:
Тобы:
Алматы 2022[pic 2][pic 3]
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
I ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
- Халықтың тұрмыс деңгейі әлеуметтік-экономикалық категория ретінде...........................................................................................................................4
- Халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштер жүйесі......................................6
II ҚР ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІН СТАТИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
2.1 Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің динамикасын талдау.................9
2.2 Халықтың тұрмыс деңгейіне әсер ететін факторларға корреляциялық-регрессиялық талдау..................................................................................................10
2.3 Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштеріне аймақтық талдау.......................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................29
Аннотация
Аталмыш ғылыми жобада Қазақстан Республикасы халқының тұрмыс деңгейі статистикалық тұрғыдан қарастырылды. Теория бөлімінде халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштеріне жалпы сипаттама беріп кетсек, практика бөлімінде оларға динамикалық, корреляциялық-регрессиялық жан-жақты талдаулар жүргізілді. Қазіргі уақыттағы еліміздегі әлеуеттің хал-ахуалын аймақтық зерттеулер жүргізе отырып, алдыңғы жылдармен салыстырып есептедік.
В данном проекте мы рассматривали уровень жизни населения Республики Казахстан со статистической точки зрения. В теоретическом разделе мы дали общую характеристику показателей уровня жизни населения, а в практической части провели корреляционный-регрессионный анализ и исследовали динамику основных показателей уровня жизни населения Казахстана. Мы рассматривали дифференциациюуровня жизни населения страны по регионам, сравнив с предыдущими годами.
In the section of the theory we gave a general description of the indicators of the standard of living of the population, and in the practical department a correlation-regression analysis and dynamics. We examined the standard of living of the In this project we considered lives of the population of the Republic of Kazakhstan from the statistical point of view. In the section of the theory we have given the general description of indicators of the standard of living of the population, and in practical department have conducted a correlation-regression analysis and dynamics. We considered the standard of living of the population of the country's population by regions, comparing it with previous years.
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта еліміздегі әлеуметтік мәселелердің басым көпшілігі осы халықтың тұрмыс деңгейіне келіп тіреледі. Халықтың тұрмыс деңгейі адамдардың қажетті игіліктер мен қызметтерді тұтынуда қол жеткізген деңгейін көрсетеді. Бұл – қоғам өміріндегі барлық әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтып көрсететін күрделі категория. Тұрмыс деңгейі ұғымын кең ауқымда қарастырғанда бұл ұғым халықтың әр түрлі игіліктер мен қызметтерді тұтынумен қатар еңбек және демалыс жағдайы, әлеуметтік қамсыздандыру мен кепілдіктер, тұлға құқықтарын сақтау, бос уақыттың болуы және оны жақсы пайдалану мүмкіндігі, табиғи-климаттық жағдайлар сияқты сипаттамаларды да қамтиды. Мұндай жағдайда тұрмыс деңгейі ұғымының орынына «тұрмыс сапасы» термині жиі қолданылады.
Халықтың тұрмыс деңгейі статистикалық зерттеудің негізгі объектісі болып табылады. Өйткені, тұрмыс деңгейі әлеуметтік-экономикалық статистиканың қажетті көрсеткіші ретінде адамдардың қызметтер мен тауарларға деген түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін сипаттайтын көрсеткіштері болып саналады.
Халықтың тұрмыс деңгейін статистикалық тұрғыдан зерттеудің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
-халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының табыс деңгейін, оның динамикасын зерттеу;
-халықтың тұтыну шығындарын зерттеу;
...