Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықтың тұрмыс деңгейі: түсінігі және факторларының топтамасы

Автор:   •  Апрель 8, 2019  •  Статья  •  2,239 Слов (9 Страниц)  •  992 Просмотры

Страница 1 из 9

ӘОЖ 330.59

М. Жанат1, К. М. Жумаксанова2

1С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ., Қазақстан

2Т. Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

zhanmyrza.qaz@gmail.com

Халықтың тұрмыс деңгейі: түсінігі және факторларының топтамасы

Бүгінде халықтың тұрмысын тұрмыстық ахуалды сипаттаушы түрлі көрсеткіштер негізінде бағалау жұмыстары барлық елдерде дерлік жүргізіліп отырғанымен, олардың «халықтың тұрмыс деңгейі» категориясын түрлі мағынада қабылдаулары, тұрмыстық ахуалды бағалаушы көрсеткіштерінің жалпыға ортақ жүйесінің жоқтығы секілді бірқатар кемшіліктері бар. Мұндай жетіспеушіліктер аймақтық, мемлекеттік, халықаралық деңгейлерде халықтың тұрмыс деңгейін анықтау, оның серпінін бағалауға мүмкіндіктер бермеуде.

Аталмыш теоретикалық-әдістемелік жетіспеушілік мәселелерін шешу үшін бірінші, «халықтың тұрмыс деңгейі» категориясына нақтылы анықтама берілуі тиіс. Екінші, халықтың тұрмысының барлық қырларын қамтыған көрсеткіштер кешені қалыптастырылуы керек. Үшінші, бұл кешендік көрсеткіштер тұрмыстық ахуалдың нақтылы бір қырын сипаттауы бойынша кешен ішінде өзара топтастырылуы керек. Тек осындай жүйелілік түрлі елдердегі, аймақтардағы халықтың тұрмыс деңгейлерін анықтауға және оларды өзара салыстыруға мүмкіндіктер берері хақ.

Мұндай теоретикалық-әдістемелік жүйелілікті қалыптастыру мақсатында мақалада «халықтың тұрмыс деңгейі» категориясы жан-жақты сараланып, нақтылы анықтама берілген. Оның «өмір сапасы» категориясынан айырмашылығы айқындалып көрсетілген. Сондай-ақ, тектестік (сипаттық) белгілері бойынша халықтың тұрмыс деңгейіне ықпал етуші факторлар топтары қалыптастырылады.

Кілтті сөздер: халықтың тұрмыс деңгейі, тұрмыс деңгейінің көрсеткіші, тұрмыс деңгейінің факторлары тобы, өмір сапасы, қажеттіліктер.

М. Жанат1, К. М. Жумаксанова2

1Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова, г. Павлодар, Казахстан

2 Казахского Экономического Университета имени Т.Рыскулова, г. Алматы, Казахстан

Уровень жизни населения: понятие и группировка факторов

На сегодняшний день почти во всех странах мира проводиться работы по оценке жизни населения на основе различных показателей, которые характеризует состояние жизни. Но, во всех таких работах присутствует несколько недостатки, таких как: разные восприятие (понимание) смысла категории «уровень жизни населения»; отсутствие всеобщей системы показателей уровня жизни и т.д. Такие недостатки не позволяет определять и сравнивать уровня жизни населения в масштабе региона, страны.

Чтобы устранить высшее перечисленных теоретико-методологических недостатков, надо: во-первых, дать конкретную определения к категорию «уровень жизни населения»; во-вторых, сформировать комплекс показателей уровня жизни, которые характеризует уровня жизни населения с разных сторон. В третьих, сгруппировать этих показателей комплекса по сторонам жизни населения, которые они характеризует. Только такая системность дает возможностей определят и сравнивать уровня жизни населения разных стран и регионов.

В целях формировать такую теоретическую-методологическую комплекс мер в статьи рассматривается уровень жизни населения с разных сторон и дается конкретное определение ему. Выделяется его отличия от категории «качество жизни». А также, формируется групп факторов по характерным признакам влияния ту ли иную сторону уровня жизни населения.

Ключевые слова: уровень жизни населения, показатель уровня жизни, групп факторов уровня жизни, качество жизни, потребности.

М. Zhanat1, К. М. Zhumaksanova2

1S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar, Kazakhstan

...

Скачать:   txt (33.4 Kb)   pdf (519.2 Kb)   docx (294.6 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club