Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттанудың негізгі парадигмаларына жалпы сипаттама

Автор:   •  Март 30, 2023  •  Реферат  •  1,002 Слов (5 Страниц)  •  286 Просмотры

Страница 1 из 5

Жоспар:

  1. Кіріспе. Саясаттанудың негізгі парадигмаларына жалпы сипаттама
  2. Негізгі бөлім
  1. Парадигмалардың түрлері және де сипаттамасы. Теологиялық, географиялық, биосаяси парадигмалар.
  2. Әлеуметтік-центристік, мәдени, рационалды-сыни, жанжалдық және консенсустық парадигмалар.
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиет

Саясаттану қоғамдық – гуманитарлық ғылымдар қатарына,сонымен қатар  көп парадигмалық пәндер санатына жатады. Саясаттың түрлі тұжырымдамалық әдіс – тәсілдерін зерттейді. Парадигма дегеніміз зерттелетін мәселені шешуге үлгі ретінде алынған теория.

Парадигма грек тілінен аударғанда        «мысал, модель,үлгі» дегенді білдіреді.

Бұл ұғымды америкалық ғалым, философия тарихшысы Томас Кун(1922 1996) ғылыми айналымға енгізді.

Парадигма саясатты зерттеудің бағытын айқындайды.Саясаттанудың негізгі парадигмалары: теологиялық,натуралистік және әлеуметтік – центристік.

Теологиялық парадигма дегеніміз грек тілінен аударғанда Тео – құдай, logos – ілім дегенді білдіріп, саясат пен биліктің пайда болуын жаратылыстан тыс

тылсым күштер мен діни наным – сенімдердің ықпалы деп түсіндіреді. Бұл саяси процестер мен құбылыстар бирнеше ғасыр жалғасты.

Мысал келтіретін болсақ, ежелгі Египетте күн құдайына теңесе, ежелгі Қытайда императорды Аспанның баласы деп сенген.

Орта ғасырда саясат, билік пен мемлекетті діни тұрғыдан түсіндіру дамыды.Мысал ретінде әулие Аврелий Августиннің «Құдай қаласы туралы» еңбегін келтіруге болады. Оның бұл еңбегі теологиялық парадигма негізінде жазылған болып, жердегі мемлекет – зұлымдық пен күнә патшалығы және Құдай мемлекеті – христиан шіркеуі деп көрсетеді.

Ортағасырлық ойшыл Фома Аквинский теологиялық тәсілді қолданып,биліктің үш элементін көрсетеді: қағидат, тәсіл және жүзеге асыру.

Бірінші элемент Құдайдан келеді, келесі екі элемент адамның қатысуымен болады деп көрсеткен.

  Натуралистік парадигма дегеніміз бұл саясаттың ерекшеліктерін,табиғи факторлармен – географиялық орта, климаттық жағдайлар, биологиялық және нәсілдік ерекшеліктер арқылы түсіндіретін теория. Натуралистік парадигма адамды табиғаттан ажыратпай, оның бір бөлігі деп қарастырады. Мысал келтіретін болсақ, Аристотель адамды саяси жануар, ал жеке меншікті  табиғи құбылыс  деп санаған. Қоғамды биологиялық организм ретінде қарастыру идеясы пайда болады.XVII – XVIII ғасырларда натурализм еуропалық ағартушылық ойдың  негізгі қағидасына айналды. Бұл ойдың жақтаушылары физикалық ғылымдағы заңдарды қоғамдық өмірмен байланыстыруға тырысты. XIX ғасырда бұл идеялар одан ары жалғасты.

Саясаттанудағы натурализм геосаясатта, биосаясатта және психологиялық тұжырымдамаларда көрінді, сол үшін атуралистік парадигма үш тармақтан тұрады.

Географиялық парадигма.Геосаясаттың негізін қалаушы француз ойшылы  Жан Боден климаттың адам мінез – құлқына әсер етеді деп санады. Бұл тұжырымдаманы ары қарай француз ойшылы Ш.Л. Монтескье дамытқан.

Оның айтуы бойынша, географиялық орта, климат халықтың рухын, басқару формасын және әлеуметтік құрылымныңсипатын анықтайды.

XIX – XX ғасырлар аралығында адамзат тарихын табиғат тарихымен салыстыру идеясын ұсынған К. Риттер, саяси зерттеулердің антропо – географиялық принциптерін Ф.Ратцель,Х. Маккиндер,электоральды географияны тұжырымдаған А. Зигфрид сынды ғалымдардың зияткерлік қолдауына ие болды.

Оксфорд университетінің профессоры Х.Маккиндер ХХ ғасырдың көптегкен геосаси тұжырымдамалардың негізін қалады. Маккиндер әлемді құрлық пен теңізге бөлді. Оның ойынша теңізге шыға алмайтын мемлекеттер даму жағынан артта қалатынын айтқан. Қазіргі саяси тұжырымдамаларда  геосаяси көзқарастар кез келген мемлекеттің саяси бағытын қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Биосаяси парадигма. Бұл парадигма ХХ ғасырда саясатты зерттеудің тәуелсіз әдістемесі ретінде америкалық саяси ғылымда дамыды. Осы принциптер бойынша, ХХ ғасыр басындағы америкалық саясаттанудың жетекші бағыттарының бірі – бихевиоризм қалыптасты.Оның негізін қалаушылар Чикаго саясаттану мектебін құрған америкалық саясаткерлер Ч. Мерриам мен Г. Лассуэлл болып саналады. Бихевиоризм әртүрлі топтар мен жеке тұлғалардың  саяси мінез – құлқына ықпал ету арқылы билікке қол жеткізуін түсіндіреді.Билікке ұмтылуды барлық жерде көруге болады: ерлі – зайыптыларда, бала мен ата – ана, бастықтар мен қол астындағылар т.б. арасындағы қатынастарда.Қазіргі уақытта биосаяси идеялар феминистік теорияларда әйелдердің саяси мінез – құлқының ерекшеліктерін түсіндіруде қолданылады.

...

Скачать:   txt (15.4 Kb)   pdf (85.8 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club