Әлемнің физикалық географиялық аймақтары пәні және оның географиялық ғылымдар арасындағы алатын орны
Автор: Серікбол Абдиманат • Сентябрь 27, 2022 • Реферат • 704 Слов (3 Страниц) • 368 Просмотры
№1-дәріс
Кіріспе. Әлемнің физикалық географиялық аймақтары пәні және оның географиялық ғылымдар арасындағы алатын орны
Әлемнің физикалық географиялық аймақтары физикалық география ғылымдар тобына жатады.
Физикалық география экономикалық және әлеуметтік географиямен бірігіп, географиялық ғылымдар жүйесін құрайды. География ғылымының бұл екі саласы бір-бірінен өздерінің зерттеу нысаны бойынша айырылады. Экономикалық және әлеуметтік география өндірістік аумақтық кешендерді, ал физикалық география аумақтық табиғат кезендерін зерттейді. Екінші сөзбен айтқанда, біріншісі адам иесі өндірістің орналасу заңдылықтарымен айналысса, екіншісі - Жер бетінің табиғатында орын алатын процестердің түзілу және таралу заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан экономикалық және әлеуметтік география қоғамдық, ал физикалық геофафия табиғаттық ғылымдар тобына жатады. Жер табиғаты мен адам қоғамының арасындағы байланысты бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.Солай бола тұра көптеген ғалымдар екеуін біртұтас география ғылымына жатқызады.
Олар:
1) адам табиғат компоненттерінің құрамдас бөлігі (биосфераның бір бөлігі) болып табылады. Олардың таралуы мен дамуының негізінде табиғи заңдылықтар жатыр. Сонымен бірге өндіргіш күштердің дамуы мен таралуы табиғатты, табиғат ресурстарын пайдаланумен тікелей байланысты;
2) адамдар өз кезегінде табиғатқа аса зор ықпал жасайды. Мұндай ықпал қазіргі кезде жергілікті, аудандық көлемнен ғаламдық шеңберге дейін көтеріліп отыр (мысалға, Жер шарындағы ауаның орташа жылдық температурасының көтерілуі).
Бұл екі жақты байланыс физикалық және экономикалық географияның біртұтастығын айқындайды.
Өз кезегінде физикалық, география ғылымдары жалпы жертану (жалпы физикалық география), физикалық география және аудандық (региондық) физикалық географияға бөлінеді. Физикалық географияның бұл үлкен тарауы Жердің географиялық қабығын әр түрлі тұрғыдан алып қарастырады.
Географиялық қабық өте күрделі табиғи құрылым. Оны құраушы табиғат бөлшектері компоненттер (латынша құраушы)деп аталады. Географиялық қабықтың компоненттері — тау жыныстары және одан түзілген жер бедері, ауа, су, топырақ, организмдер бір-бірімен өзара әрекеттесіп, байланысудың нәтижесінде әртүрлі мөлшердегі физикалық, географиялық немесе табиғат кешендеріне бірігеді. Жер шарындағы ең ірі кешен - жердің географиялық, қабығы болып табылады.
Географиялық қабықты, оның құрылысын және ондағы физикалық географпялық процестердің жалпы заңдылықта біртұтас жүйе ретінде жалпы жертану (жалпы физикалық, география) зерттейді.
Географиялық, қабықтың кеңістік бойынша жіктелуіне байланысты үлкен алқаптарды қамтитын неғұрлым ірі табиғат кешендері шағынырақ табиғат кешендеріне бөлінеді. Кеңістік жіктелу бірліктерін анықтау, картаға түсіру және оларға кешенді физикалық географиялық сипаттама беру мәселелерімен аудандық, (региондық,) физикалық, география айналысады.
Бұл айтылғандардан басқа географиялық қабықты жеке компоненттері бойынша зерттеу жұмысымен физикалық географияның үшінші бір тарауы- салалық, физикалық география айналысады. Географиялық қабықтың даму тарихын-палеогеография, жер бедерін - геоморфология, құрлық суын - гидрология, мұхиттарды — океанология, климатты - климатология, топырақты - топырақтану, Жер бетіндегі тіршілікті - биогеография қарастырады.
Әлемнің физикалық географиялық аймақтары аудандық физикалық географияға жатады. Оның зерттеу нысаны жер шары табиғатының жалпы ерекшеліктері және ондағы аумақтық табиғат кешендері.
...