Әлемнің шиеленісті аймақтары: себептері мен салдарлары
Автор: aytolynu • Октябрь 15, 2021 • Реферат • 700 Слов (3 Страниц) • 716 Просмотры
)
Тақырыбы: Әлемнің шиеленісті аймақтары: себептері мен салдарлары.
Таяу Шығыс мәселесі: Ливия мемлекеті
Алматы, 2021 оқу жылы
Мазмұны
- Кіріспе
- Шиеленіс дегеніміз не?
- Негізгі бөлім
- Ливия мемлекетіндегі шиеленістің шығу себебі;
- Шиеленіс салдары;
- Қорытынды
- Қазіргі кездегі жағдайы.
- Пайдаланылған әдебиеттер
- Кіріспе.
Шиеленіс дегеніміз не?
Ең бірінші біз шиеленіс деген сөздің өзіңе тоқталатын болсақ, шиеленіс – бұл қоғамдық өмірде пайда болатын әлеуметтік құбылыс. Шиеленіс адамның жағдайының , орнының әртүрлі жақтарын көрсетеді. Шиеленіс кең түрде дамыған құбылыс. Конфликтті жағдайлар қоғам өмірінің барлық сферасында болады, ол экономика болсын, саясат болсын, мәдениет болсын, идеология болсын. Яғни, адамдар немесе мемлекеттер арасындағы түсініспеушілік, олардың қызығушылықтарының әр түрлі болуы, саяси аренадағы орындары т.б. себептер үлкенді-кішілі шиеленіске әкеліп соғады. Қазіргі таңда әлемде осыған байланысты көптеген аймақтарда шиеленіскен жағдайлар орын алуда. Оларға мысал ретінде Таяу Шығыстағы, Шығыс Азиядағы немесе Африка аймағындағы қақтығыстарды айтуға болады.
- Негізгі бөлім.
Таяу Шығыс аймағы.
Таяу Шығыстың нақты шекаралары және ішінде қайсы мемлекеттердің орын алатыны пікірталаста. Дегенмен жалпы көзқарас батыста Мароккодан бастап, Иранның шығыс шекараларына дейінгі аймақ Таяу Шығыс деп аталады. Яғни бүкіл Солтүстік Африка, Израиль, Иран, Түркия және Араб құрлығына қоса Араб елдерін қамтиды. Қазіргі таңда Таяу Шығыс әлемнің ең мәселелі аймақтарының бірі. Бәлкім ең мәселелі аймағы. Аймақ елдерінің әрқайсысы өз ішінде әртүрлі мөлшерде маңызды мәселелермен күресуге мәжбүр. Сирия, Йемен және Ливияда ашық түрде бір азаматтық соғыс болуда. Бірақ аймақта табыссыз мемлекеттер тек қана бұлар емес. Көптеген ел де бұл қауіпті кезеңнің алдында тұр. Оларда қазірше ішкі соғыс болмаса да әрқашан болуы мүмкін. Осы аталған мемлекеттер арасындағы Ливия мемлекетінде орын алған шиеленіске тоқтала кетсем ...
Ливия мемлекеті – Солтүстік Африкадағы Жерорта теңізі жағалауындағы мемлекет. Батысында Алжирмен, солтүстік-батысында Туниспен, оңтүстігінде Чад және Нигермен, оңтүстік-шығысында Суданмен, шығысында Египетпен шектеседі. Солтүстігінде оны Жерорта теңізі шайып жатыр. Ауданы 1,759,541 км2, оның 90% -ы шөл дала, Ливия Африкадағы жер көлемі бойынша төртінші және әлемдегі он алтыншы мемлекет. Астанасы - Триполи. Мемлекеттік тіл - араб тілі.
Ливия мемлекетіндегі шиеленістің себебі.
Ливиядағы екінші қырғи қабақ соғыс.
Басталған уақыты: 2014 жылдың 16 мамыры
Себеп: Ливия ұлттық армиясының генерал-майоры Халифа Хафтар, Бенгази қаласының маңындағы Қарулы Күштердің оған қарасты бөлімдерінің кең ауқымды әуе және жер үсті операциясының басталғанын жариялады. Қақтығыс негізінен Ливияның солтүстігінде, исламшыл күштер мен олардың қарсыластары арасында локализацияланған. Хафтардың әскери шабуылына «Абырой операциясы» деген ат берілді. 18 мамырда операция Триполиге дейін кеңейтілді. 25 маусымда Өкілдер палатасына сайлау өткізілді, исламшылар жеңіліске ұшырады, бірақ 13 шілдеде олар Триполи әуежайын басып алу үшін Ливияның таңы операциясының басталғанын жариялады. 40 күндік шайқастан кейін олар әлі де Триполиге өз бақылауын орнатты, содан кейін олар өкілдер палатасы түрінде нақты билікті мойындамайтындықтарын жариялап, жалпы ұлттық конгрестің қызметін қалпына келтірді. 25 тамызда ВНК-ның кейбір өкілдері Триполиде жиналыс өткізіп, өздерін заңды үкімет деп жариялап, Омар әл-Хасиді премьер-министр етіп сайлады. Бұл елде қос билікке әкелді. Өкілдер палатасы Тобрук қаласында орналасты.
...