Үздік мемлекеттік қызметші
Автор: Altyntobe • Май 25, 2020 • Эссе • 629 Слов (3 Страниц) • 646 Просмотры
Жүректің түріп құлағын,
Ойланып тағы қарашы.
Кімсің сен, қайда тұрағың,
Енді қайда барасың?
Омар Һайям
Қандай мемлекеттің болмасын дамуы, әлемдік аренада өзін таныта білуі ең алдымен алдыға қойған мақсат-жоспарына байланысты. Мол қажырлы еңбек пен зор нәтижені көрсететін осындай даму жолындағы жоспарлардың бірі – стратегиялық жоспар. Жалпы біздің елімізде осы күнге дейін бірнеше стратегиялық жоспарлар жүзеге асты.
Еліміз егемендігін алғаннан бері мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы ішкі және сыртқы жағдайларды барынша қолданып келеді. Нақтырақ тоқтала кетсек, сыртқы жағдайды реттеу үшін бірінші бағытта көршілес мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ынтымақтастық пен бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымды мақсаты болып саналды. Басқа елдермен достық қарым-қатынасты орната отырып, әлемдік қоғамдастықты қолдады. Осындай саясатты ұстанған Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастамасымен Қазақстан ЕурАзЭҚ одағына мүше болып кірді. Одан бөлек, әлемдік маңызы зор көптеген ұйымдар мен одақтарда, жиындарда еліміз әлемге өзін таныта білді десек болады.
Осы орайда, Елбасы ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығына белгіленген барлық міндеттерді шештік деп хабарлаған болатын. Сонымен қатар, осыдан тұп-тура он жыл бұрын «бүкіл елдің жалпыхалықтық міндеті индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы болу тиіс» екендігін айтқан Н.Назарбаев тек осылай ғана әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіре алатынымызды мәлімдеген болатын. Міне, содан бері он жыл уақыт өтті. Осы уақыт ішінде еліміздің саяси жүйесі мен экономикалық-әлеуметтік ахуалы қарқынды түрде дамыды. Елімізге ірі көлемдегі инвестициялар тартылып, ел ішіндегі орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылды.
Биылғы жылдың ағымында мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдау арнады. Осы жолдауда «заман талабына сай тиімді мемлекет» құрып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынған болатын. Мемлекет игілігі жолында қызмет ететін бірден-бір мамандар болса ол – мемлекеттік қызметкерлер. Әрбір мемлекеттік қызметкердің алдында үлкен жауапкершілік пен зор талаптың тұрғандығын осыдан-ақ оңай аңғаруға болады. Сол себепті де, әрбір маман елге деген сүйіспеншілікті бірінші қоюы абзал.
Қазіргі таңда, мен жұмыс атқарып жатқан ауыл әкімшілігін
Мемлекеттің керегесі кең, босағасы берік болуының бірнеше алғышарттарының бар екендігі баршамызға мәлім. Ел ертеңін жарқын ету жолында барлық қазақстандықтардың үлес салмағы зор. Мемлекет - мектеп партасында отырған жас жеткіншек пен еңкейген қариядан, бойында күш-жігері тасыған жастардан құралатын болғандықтан, елдегі халықтың қай-қайсысы болмасын елеусіз қалмауы тиіс. Сондықтан елімізде жоспарланып, орындалып жастқан бағдарламалардың барлығы халық игілігі үшін. «Басты байлыққа - халықты» балаған еліміздің ертеңі әрдайым жарқын болары сөзсіз.
...