Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үздік қызметші

Автор:   •  Ноябрь 26, 2018  •  Эссе  •  502 Слов (3 Страниц)  •  1,249 Просмотры

Страница 1 из 3

Үздік қызметші атағына, мен неге лайықпын?

«Халқына қызмет көрсету – білімнен емес мінезден»

Ә. Бөкейханов

Адам бар жерде қоғам бар. Қазіргі жаһандық үрдіс қоғамның неше мың, сан алуан түрін айтқындап, формалап келеді. Қоғамның тірегі, саналы тіршілік иелері. Сондықтан, жарық әлемді құраушы пенделердің қандай детальдағы құрсауда тұрып, қандай адами атмосферамен тыныстайтыны тікелей өткені мен бүгіні һәм болашағына деген мақсат мүддесіне байланысты. Көптің басын біріктірген қоғам қашанда жойқын прогреске ие, әрдайым дамып, жетіліп отыратын мемлекеттің қозғаушы күші. «Құмнан тас жасай алмайсың. Көптің демі көрікпен бірдей. Көп темірді де балқытады» деп, жазушы Ілияс Есенберлин «Алтын орда» трилогиясында айтқанындай, қай ұлт пен ұлыстың, дербес державаның, өз алдына мемлекет құрған қоғамның негізгі қозғаушы күші де, сол бар дүниені жасақтаушы да халқы. Осы қоғам атты жаратылыстың дамуы, жаһандық үдеріспен үзеңгі қағысуы, әлем санасатын мүдделі бірлік болуы үшін жан жақты қамтамасыз етілген орта болуы шарт. Өткен ғасырдың басында, бұл ойымызды Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов дәл, мірдің оғындай, тап басып, бейнелеп айтып кеткен екен. «Халқына қызмет көрсету – білімнен емес мінезден».  Қандай орынды тіркес, текті тәмсіл... қанша жерден білімің тасып, білігің шарықтап бара жатса да, өз қара қан басының мүддесінен аса алмайтын аласалар қаншама... Алдымен ұлтқа қызмет қылып, халыққа пайдасын тигізуді ойға алу үлкен көрегенділік пен адами тектілікті жинақтайтын қасиет. Өзінің басынан ұлттың мәртебесін биік қоятын азаматтар шынайы Әлихан айтқан тіркестің кейіпкерлері. Ондай ұлтқа қызмет қылатын азаматтар қай заманда да, қай қоғамда да болады. Әбіш Кекілбаев өзінің «Ханша-Дария хикаясы» атты повестінде: «Басын баққандардан тек басын бағатындар туады. Басын бағатындардың мойын омыртқа сүйегі осал болады» деп жазады. Шіркін, абыздың дәл айтуынан Әлиханның ұлтқа қызмет қылу деген мінезден дегені айқайлап көрініп, тұрған жоқ па... Бұл ұғым қоғамдық қағида. Осынау ойдың жүзеге асуы, әр адамның өзінен бастау алуы керек. Әр адам отының басын, туған мекенін, отанын шыбын жанындай таяу көрсе, өздігінен мінезде механизмге айналар еді. Сондықтан, қазақтың жерін басқан әр тұрғын, елінің мүддесі үшін қызмет қылса, көркею қолда, мәңгілік ел болу, санадағы сенімділіктің бәйтерегі болары анық.  Мен де өз таңдаған кәсібім, мемлекеттік істер саласында іргелі қызмет атқарып, елдің нығаюуына  үлесімді қосатыным белгілі. Ол үшін қолымдағы атқарар іс пен амалдың тұтастығын бекітіп, мемлекеттік істерді ата заң аясында мейлінше мүлтіксіз орындап, еліміздің даму саясатына сенімді серпін бола біліп, елбасымыздың үндеулеріне қалтқысыз қызмет қылып, әрбір басым бағыттары бойынша амал етіп, қоғамға насихат етіп, Алаштың мәңгілік ел болуына теңізге тамған тамшыдай болса да септігімді тигізсем, пенделік парызым мен адамдық борышымның ақталғаны. Сондықтан, мен өз кәсібімнің озық маманы болуға тиістімін. Себебі, бұл саланы өз ерік жігерімнің жалынымен қолға алып, игерген потенциалымды барынша салып келемін. «Көп білген кісі кемеңгер емес, білгені елге көп пайда келтірген кісі кемеңгер» деп ежелгі абыз Эсхил айтпақшы, бар білгенімді өз ісіме, ел мүддесі үшін барынша сарқып жұмсасам, мендік міндеттің орындалғаны. Ендеше,  «Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап, ол жанбаса лапылдап, аспан қалай, ашылмақ», деп түрік ақыны Назым Хикмет жырлағандай, әр қазақ өзінің елі мен жері үшін аянбай амал етуі шарт. Сонда ғана шартарап, қазақтың маңдай бағының мәртебесі жолында арда анадан өнген өрендерінің іс қылғанына сүйсінбек, келер ұрпақ құрметпен қарамақ. Мен қалай да, өз қызыметімнің үздігі боламын. Себебі, елімнің ертеңі бүгінгі әр қазақтан басталмақ.

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (125.8 Kb)   docx (11.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club