«Адам-машина-өндірістік орта» жүйесі
Автор: GJ999 • Февраль 8, 2018 • Лекция • 2,601 Слов (11 Страниц) • 2,939 Просмотры
№2 дәріс. «Адам-машина-өндірістік орта» жүйесі
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қауіптіліктер. Қауіптіліктер жіктелімі.
2. Өндірістік ортаның зиянды факторлары және олардың адамға әсері.
3. Жұмыстың ауырлық және зияндылық бойынша жіктелімі
4. Өндірістік қауіпсіздік теориясының негіздері.
5. «Адам-машина-өндірістік орта» жүйесіндегі проблемалар.
1. Қауіптіліктер. Қауіптіліктер жіктелімі
Қауіпті жағдай – жазатайым оқиғаның туындауының аса жоғары ықтимал-дылығы болатын жағдай. Қауіптілік – адамға теріс ықпал ететін және мате-риалдық зиян әкелетін немесе қоршаған ортаға қиратушы әсер ететін құбылыстар немесе процестердің туындау жағдайы.
Қауіптіліктер пайда болу көзіне байланысты былайша жіктеледі:
1) әлеуметтік;
2) табиғи;
3) биологиялық;
4) экологиялық;
5) техногендік;
6) соғыс уақыты қауіптіліктері.
Әлеуметтік қауіптілік – жеке тұлғалар немесе адамдар тобының өзара қарым- қатынасынан туындайтын қауіптіліктер.
Табиғи қауіптілік – жер бетінде болатын дүлей зілзалалар немесе адамның табиғатты дұрыс пайдаланбауынан болатын қауіптіліктер.
Биологиялық қауіптілік – жанды объектілерден туындайтын қауіпті-ліктер.
Экологиялық қауіптіліктер – топырақты, ауызсу және шаруашылықтық су көздерін, ауаны өндіріс қалдықтарымен, адам тіршілігі өнімдерімен, адам ағза-сына зиянды ауыр металдар және олардың қосылыстарымен минералды тыңайт-қыштар, пестицидтер, консерванттар, мұнай өнімдері, қалдық газдар, жану өнім-дері, химиялық заттар, соның ішінде аса қауіптілері – фреон, күкірт қышқылы, фосфор, азот және т.б. ластау нәтижесінде туындайтын қауіптіліктер.
Техногендік қауіптілік – адамның өндірістік қызметіне байланысты қауіпті-ліктер мен зияндылықтар.
2. Өндірістік ортаның зиянды факторлары және олардың адамға әсері
Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік саланың әр түрлі көрсеткіштеріне әсер етеді, ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, жарақаттану мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді.
Қауiптi еңбек жағдайлары - еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған жағдайда белгiлi бiр өндiрiстiк немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсерi қыз-меткердiң жарақаттануына, кәсiптiк ауруға шалдығуына, денсаулығының кенет-тен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсiптiк ауруға шалдығуы не өлiмi туындайтын еңбек жағдайлары.
Қауiптi өндiрiстiк фактор - қызметкерге әсер етуi еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндiрiстiк жарақатқа немесе кәсiптiк ауруға) немесе өлiмге әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор.
Зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiстiк фактор-лардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары.
Зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың іс-әрекеті табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді.
Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б.
2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.
...