Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жоғары және төменгі қуыс веналар жүйесі, оның қалыптасу көздері. Лимфа жүйесі. Лимфа тамырлары және адам денесіндегі жекеленген лимфа түйі

Автор:   •  Январь 21, 2021  •  Реферат  •  2,106 Слов (9 Страниц)  •  2,393 Просмотры

Страница 1 из 9

Тақырыбы;Жоғары және төменгі қуыс веналар жүйесі, оның қалыптасу көздері. Лимфа жүйесі. Лимфа тамырлары және адам денесіндегі жекеленген лимфа түйіндері.

Үлкен қан айналу шеңберінің веналары.Үлкен шеңбер веналары артерияларымен параллель жатады. Қөбіне сол параллель жатқан артериялармен аттас келеді. Ал, қол-аяқ веналары беткей (теріасты) және терең веналар болып екіге бөлінеді. Терең веналары қосарланып, аттас артериялармен параллель жатса, беткей веналары тері астында жай көзге көрініп өтеді.

Ішкі мойыңдырық венасы (vena jugularis interna) бассүйектің мойындырық тесігінен төмен түсіп, жалпы ұйқы артериясымен бірге шығады. Оның барлық тармақтары бассүйек сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Адам денесіндегі вена тамырларын орналасуына қарай және дененің қай бөлігінен жиналуына байланысты жоғарғы, төменгі қуысты және қақпа веналарының жүйесі деп үшке бөледі.

Жоғарғы қуыс вена жүйесі дененің жоғарғы бөлігінен (бастан, мойыннан, қол мен көкірек клеткасынан) вена қанын жинаса, төменгі қуыс вена жүйесі дененің төменгі (аяқтан, жамбас және құрсақ) бөлігінен жинайды. Қақпа венасының жүйесі қанды ішек қарыннан, көкбауырдан жинап бауырға әкеледі. Бауырда улы заттарынан усыздандырылған қан бауыр веналары арқылы төменгі қуысты венаға ашылады. Оң жүрекшеге екі қуысты венамен бірге жүректің өз веналары да ашылады. Сонымен, қорытып айтқанда, оң жүрекше үлкен қан айналу шеңберінің барлық вена тамырларымен бірге жүрек вена тамырларының ашылатын жері болып саналады.

Жоғарғы қуыс венасының жүйесі. Бұл жүйе қанды бас, мойын, қол, көкірек қуысынан жинайды. Ол өте қысқа және жуан тамыр. Мұның өзі оң және сол иық-бас бағанының қосылуынан пайда болып оң жүрекшеге келіп ашылады, клапаны болмайды.

Қөкірек клеткасының веналарына сыңарлы және жартылай сыңарлы веналар жатады. Олар вена қанын көкірек клеткасының қабырғасынан жинайды. Сыңарлы венаға барлық оң қабырғааралық веналар ашылса, жартылай сыңарлы венаға сол жақ қабырғааралық веналармен өңеш және кеңірдек веналары құяды. Жартылай сыңарлы вена омыртқа жотасының сол жағымен жоғары қарай көтеріліп, орта жерінен сыңарлы венаға қосылып кетеді.

Бас және мойын веналарына ішкі және сыртқы мойындырық веналары жатады. Олардың ішкі мойындырық венасы ми сауытының негізінен басталып, бұғанаға дейін жетеді. Бұл тамыр көздің, есту мүшелерінің, беттің жалпы венасын, жұтқыншақ венасын тіл және қалқан безінің веналарын жинақтап, бұғанаасты венасына қосылып иық-бас венасын түзеді. Қорытып айтқанда, бұл веналар мидың барлық бөлігінен және мойын органдарынан вена қанын жинайды. Сыртқы мойындырық венасы (наружная яремная вена) тері астында жатады. Ол құлақ қалқанымен шүйде және артқы бет веналарының бірігуінен басталып, тікелей төс-бұғана-емізікше етінің сыртқы бетімен төмен түседі. Оны мойынның ет жапқышы жауып жатады. Жалпы алғанда сыртқы мойындырық венасы бастың шүйде бөлігінен және мойынның тері мен еттерінен, бет бөліктерінен вена қанын жинақтап бұғанаасты венаға немесе венозды бұрышқа құяды.

Қолдың веналары.

Қолдың веналары орналасуына қарай теріасты және терең веналар болып белінеді. Теріасты немесе беткей жатқан веналар артерияларымен кабаттаспай, тері астында орналасады. Олар тері астынан вена қанын жинаса, терең веналар қолдың терең жатқан еттерінен, сүйектерінен және буындарынан вена қанын жннайды. Олардың теріасты веналарынан айырмасы қолдын артерияларымен аттас келеді де және олармен параллель орналасады. Қол веналарында клапандар көп болады, тек анастомозданған жерлерінде ғана клапандар болмайды.

Қолдың теріасты веналарына басты вена мен негізгі вена жатады. Бұл екі вена қол басының веноздық торынан басталып кол басының сыртқы венасын түзіп, алақан бетіндегі екі артериялық доғаға ұқсас веналық доға түзеді. Осы қол басының торынан басталған басты вена

...

Скачать:   txt (29.6 Kb)   pdf (56.5 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club