Жалпы желдету жүйесі туралы мәлімет және өндірістік орынды зерттеу барысында қолданылатын есептеулер
Автор: 73738nef • Октябрь 14, 2018 • Курсовая работа • 6,437 Слов (26 Страниц) • 1,605 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 2 | |
1 | Негізгі бөлім | 3 |
1.1 1.2 | Нан зауытындағы нан өндіру және оның принципиалдық сұлбасы. ,,Атамекен”корпарациясы ЖШС туралы Желдету жүйесі, түрлері және ұйымдастырылуы бойынша бөлінуі | 3 8 |
1.3 | Өндірістік алаңдар, ғимараттар, құрылыстар және жайларға қойылатын талаптар | 10 |
2 | Тәжірибелік бөлім | 13 |
2.1 | Жалпы желдету жүйесі туралы мәлімет және өндірістік орынды зерттеу барысында қолданылатын есептеулер | 13 |
2.2 | Өндіріс орнындағы бөлінетін жылу мөлшерін есептеу | 15 |
2.3 | Өндіріс орнындағы ылғал бөліну мен газ бөлінуді есептеу | 19 |
2.4 | Өндірістік орынның желдету жүйесін есептеу | 21 |
3 | Қорытынды | 25 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 26 | |
Кіріспе
Бөлмелерде санитарлық — гигиеналық және технологиялық талаптарды қанағаттандыратын ауа ортасының қалыпты параметрлерін қолдау үшін желтдеткішті орнатады. Желдету - ғимарат ішіндегі ауаны зиянды заттардан тазартып, керек кезінде таза ауамен алмастырып отыру. Ол адам денсаулығына қолайлы микроклимат қалыптастырушы бірден-бір жүйе. Қазіргі таңда желдету жүйесі әрбір ғимаратта, әрбір үйде қолайлы микроклиматты қалыптастырып тұруда үлкен рөл атқарады.
Бүгінгі күні желдету жүйесінің дамуы желдеткіштердің түрлері көбеюіне байланысты қарқындап дамуда. Әр ғимараттар мен зертханалық кабинеттерге арналған желдеткіш түрлері де ойлап табылған. Өндіріс орындарында өнімге байланысты желдеткіштер пайдаланылады. Қазіргі уақытта еңбекті қорғау мен жағдайларын жақсарту, оның ғылыми ұйымдастырылуы, еңбек етушілер денсаулығын сақтау мәселелері өте өзекті. Мәнді назар сондай-ақ ауа қауызын сақтауға да бөлінеді. Бұл мәселереді желдету жүйесінің тиімді жұмысынсыз шешу мүмкін емес.
Өндірістік желдету жобасын орныдаудың негізгі мәселесі – еңбек шарттарын жақсартуға, оның өндірушілігі мен шығарылатын өнім сапасының жоғарылауына, кадрлар ағысының төмендеуіне, өндірістін жарақаттану мен кәсіби аурулардың төмендеуіне көмектесетін желдету жүйелерінің әсерлі тиімді жұмысын қамту, өндірітіп аурулардан қоршаған ортаны қорғау. Жүйе жұмысының тиімділігі көбінесе инженерлік есептеулерді толтырудың дұрыстығына, жаңа жабдықтарды, автоматтандыру құралдарын, қолдану шарттарын пайдалануға байланысты.
Ауа ылғалдылығы мен температура технологиялық үрдістерді жүргізу талаптарына сәйкес келуі керек, ал ауаалмасу бөлінетін зияндықтарды толықтай ассимилдеуі керек. Ауа алмасуды ұйымдастыру әдісі өндірістін бөлмелерді белгілеуге байланысты.
Мақсаты: Өндіріс орындағы жылу бөлінуді(адамнан бөлінетін, қондырғылардан бөлінетін, жарық шамдарынан бөлінетін, электр пештерінен бөлінетін), ылғалдылықты, ауа алмасуды, өндірістік желдету жүйелерін жобалаудың теориялық білімі мен практикалық есептеулерді ұйымдастыру.
Міндеттері: Курстық жұмыстың негізгі міндеттері келесідей теориялық және практикалық есептерді қарастыру болып табылады:
- Өндірістегі жылу бөліну көздерін анықтау және есептеу;
- Жұмыс орнындағы ылғал бөлінуді есептеу;
- Өндірістік цехтағы ауа алмасымды есептеу;
- желдету жүйесіне байланысты есептер шығару;
- зиянды бөлулерді, соратын зонтты, ауа таратқышты есептеу.
- желдету жүйесі жұмысының тиімділігін анықтау және санитарлық бақылау жүргізу
1 Негізгі бөлім
- Нан зауытындағы нан өндіру және оның принципиалдық сұлбасы. ,,Атамекен”корпарациясы ЖШС туралы
Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі - нан және нан өнімдері. Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады. Бұл өнімдерді күнделікті қолданылып отырады, сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады. Нан адамға қажетті минералдық заттардың жеткізушісі. Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы бұл – алатын шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз, шығынсыз, ұтымды, тиімді пайдалану, ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті энергиямен, яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, минералды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл энергия көздері нанда көп кездеседі және организмге күнделікті түсіп отырады. Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болу керек. Нан пісіру өндірісінің наны мен өнімдері біздің өмірімізде орасан зор рөл ойнайды. Нан адамның тағам рационында, әсіресе нан өндірісі терең және ежелгі дәстүрлермен байланысты біздің мемлекетімізде маңызды орынға ие. Нан ерекше дәмімен, хош иісімен, қоректілігімен, сұрыптамасының әртүрлілігімен бұрыннан әйгілі. Қазір формалық және жалпақ таба нандардың әр түрін ғана емес, сонымен бірге батон тәрізді өнімдер, кондитерлік өндіріс өнімдері, сонымен қатар нан пісіру өндірісінің өнімдерінің бүкіл спектрін алуға болады. Нан – адам ағзасы үшін қажетті заттардың үлкен көлемінен тұратын пайдалы биологиялық өнім. Бұл ақуыздар, ақуыз байланыстары, жоғары молекулалы майлар, крахмал, сонымен қатар витаминдер. Әсіресе нанда адамның нерв жүйесінің қалып функциялануы үшін қажетті В тобының витаминдері көп болады. Нан өндіру процесі икемді, күрделі әрі бейнетті. Нан бөлкесі пештен шығуы үшін ол көптеген машиналар мен технологиялық агрегаттардан өтуі қажет. Өндіру процесі 12 сағатқа дейін жалғасады. Нан және түрлі нан азықтарының технологиялық процесі келесі алты кезеңнен тұрады: шикізатты қабылдау және сақтау; шикізатты өндіріске қосуға әзірлеу; қамыр дайындау; қамырды өңдеу; пісіру және пісірілген өнімдерді сақтау, оларды сауда торабына жіберу. Нан зауытындағы нан дайындаудың принципиалдық сұлбасы 1 – суретте көрсетілген[3].
...