Өндірістік тәжірибе есебі ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Автор: AidaNus • Сентябрь 12, 2022 • Отчет по практике • 2,376 Слов (10 Страниц) • 867 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Экономика және құқық институты
Өндірістік тәжірибе есебі Мамандық - Құқықтану
Орындаған: 3 курс студенті, күндізгі оқу нысаны
Жетекші:
Есепті қорғау
орындалуы «__» __2022ж.
Баға- ______________.
Қостанай 2021ж.
Кіріспе
Мен, ... , өндірістік тәжірибемді ... «...» өттім. Өндірістік тәжірибеден өту аралығы 30.05.2021ж. - 02.07.2021ж. Келген сәттен бастап жетекшім болып ... тағайындалды.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және "ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес құрылған жергілікті соттар құрайды.
... қалалық сотының құрамында жоғары білікті судьялар, бас мамандар, жетекші мамандар, сот отырысының хатшылары, кеңсе, мұрағат қызметкерлері жұмыс атқарады, олардың практикалық жұмыс тәжірибесі мол және соттар мен құқық қорғау органдарының жұмыс ерекшеліктерін жақсы меңгерген.
Сот қызметін реттейтін негізгі құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық Заңы;
- Процессуалдық заңнама;
- басқа да нормативтік-құқықтық актілер.
Судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тек Конституцияға бағынады. Өз жұмысы барысында олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілерін қолданады. Сотта іс жүзінде жұмыс жүргізу үшін құқықтық сипаттағы мерзімді басылымдар (газеттер, журналдар және т.б.) бар, мекеменің компьютерінде жазылған ақпараттық – құқықтық база пайдаланылады.
Негізгі бөлім
Тәжірибе басында мамандардың жұмыс тәртібімен ішкі тәртіппен, техникалық қауіпсіздік және де өндірістік санитарлық сақтау шараларымен сонымен қатар ұжым мүшелерімен таныстым.
Тәжірибенің келесі кезеңі іс жүргізу тәртібімен танысу болды.
Кеңсе меңгерушісі және соттың барлық қызметкерлері қазіргі заманғы компьютерлік әдістерін жеткілікті дәрежеде меңгеруі тиіс. Іс қағаздарын жүргізу, соттардың құрылымын, ҚР іс жүргізу заңнамасының нормаларын, нұсқаулықты және басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу, өзінің кәсіби деңгейін және іскерлік біліктілігін үнемі арттырып отыруы қажет. Сот қызметкерлері ҚР Жоғарғы Соты жанындағы судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша қайта даярлау курстарынан өтеді.
Соттардың бас және жетекші мамандарының міндеттері:
- Келіп түскен ұсыныстарды, арыздарды, шағымдарды есепке алу және тіркеу және оларды қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау;
- Сот істерін және талап арыздарды автоматты түрде бөлу;
- ҚР заңнамасын және сот практикасын жүйелеуді жүргізу;
- Сот практикасын талдауға қатысу.
Сот кеңсесінің маманына –
Қызметтік хат алмасуды жүргізу, ағымдағы құжаттаманы ресімдеу, кіріс және шығыс хат-хабарларды журналдарда, карточкаларда тіркеу, сот төрағасының, судьяның - сот кеңсесі меңгерушісінің тапсырмасы бойынша басқа жұмысты орындау.
Құжаттарды дайындау кезінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың атауларын жазудың бірізділігін сақтаған жөн. Құжаттар компьютермен, қолмен, сондай-ақ аралас түрде жасалуы мүмкін. Қолжазбаның бірінші бетінің жоғарғы сол жақ бұрышында басып шығаруға қажетті даналардың саны, өз тегі және құжаттардың күні көрсетіледі.
...