Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР прокурорлық қадағалаудың мәні мен міндеттері. «ҚР прокурорлық қадағалау» курсының пәні және жүйесі

Автор:   •  Март 14, 2022  •  Лекция  •  21,425 Слов (86 Страниц)  •  773 Просмотры

Страница 1 из 86

ДӘРІС ЖИЫНТЫҒЫ

1 Тақырып: ҚР прокурорлық қадағалаудың мәні мен міндеттері. «ҚР прокурорлық қадағалау» курсының пәні және жүйесі.    

Жоспар:

1. Прокурорлық қадағалаудың мазмұны.

2.  Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері.

1. ҚР Конституциясының 1 б. 83 б. сәйкес «прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының  және өзгеде нормативтік құқықтық актілердің дәл және біріңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама және тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады». ҚР Конституциясы және «Прокуратура туралы» ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады.

Заңдардың және жарлықтардың дәл әрі бірінғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі ҚР Бас прокуроры және бағынышты прокурорлар болып табылады. Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бұзушылықтарды аңықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалауды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірынғай қолданылуына жоғары қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың – прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады.

Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, барлық кәсіпорындарға, меншік нысанына қарамастан атқарушы және бөлу органдарына және лауазымды адамдарға, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен республиканың азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдар мен шет елдіктерге қатысты әрекет етеді. Заңдармен белгіленген тәртіппен негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тиісті.

Сонымен қатар курста Қазақстан Республикасы прокуратурасының құқықтық статистиканы қалыптастыру, арнайы есепке алуды жүргiзу жəне осы саладағы заңдардың қолдануын қадағалаудың маңызы, қылмыспен күрес жəне оның алдын алудағы құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестiру жөнiндегi қызметiнiң маңызы мен мақсаты, басқа шет елдер прокуратурасымен халықаралық құқықтық қатынастары мəселелерi де қаралады.

«Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау» оқу пəнi бiрқатар оқу пəндерiмен, атап айтқанда, қылмыстық құқықпен, қылмыстық процеспен, азаматтық құқықпен, азаматтық iс жүргiзумен, əкiмшiлiк, атқарушылық жəне т.б. құқықтық пəндермен тығыз байланыста болады.

«Прокурорлық қадағалау» курсы шартты түрде жалпы және ерекше бөлімдеріне бөлінеді.

Жалпы бөлім прокуратураның тағайындау мәселелері, оның функциялары мен басқа мемлекеттік органдар арасындағы орны, прокуратура органдарын ұйымдастыруға тарихи сілтемелері және оның негізгі даму кезендерін, мендеттері мен ұйымдастыру принциптерінің ашатын ҚР прокуратура құрылымын және жүйесін, прокуратура туралы  заңдарды  сипаттайтын мазмұндағы такырыптарды қамтиды.

Ерекше бөлімде  прокурорлық қадағалаудың бағыттары, прокуратура органдарының қызметтеріне өту мәселелері, прокуратура органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау және басқа мәселелері зерделенеді. 

Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері өзара тығыз байланысты.

Прокурорлық қадағалаудың міндеттері үш түрге бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы және жеке (нақты).

Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-құқықтық актілермен анықталады.

Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан тұрады; оларға мыналар жатады:

  • республика аумағында заңдардың, ҚР-ның Призеденті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірынғай қолданылуын қадағалау;
  • жедел-іздестіру қызметін, анықтама мен тергеудің зандылығын қадағалау;
  • кез келген зандылық  бұзушылықты анықтау, жою жөнінде шаралар қолдану;
  • әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің зандылығын қадағалау;
  • республиканың Конституциясы мен зандарына қайшы келетін заңдарға өзге де құқықтық актілерге наразылық жасау;
  • сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;
  • заңда белгіленген жағдайда,тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру.

Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бұйрықтарымен және өзге де құқықтық актілермен реттеледі.  

...

Скачать:   txt (314 Kb)   pdf (551.8 Kb)   docx (118.1 Kb)  
Продолжить читать еще 85 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club