Бөлек тұрған өндірістік ғимаратының жылыту жүйесі
Автор: Saagindykov • Май 27, 2019 • Курсовая работа • 5,955 Слов (24 Страниц) • 847 Просмотры
Кіріспе
Салқын мерзім кезінде адамның өмір тіршілігі және жұмыс атқаруы жайлы болуы үшін ғимарат бөлмелерінде оптималды температуралық жағдайды қамтамасыз ету қажет , бұл жағдай жылыту жүйесі арқылы қарастырылады.
Жалпы қазіргі таңда энергия үнемдеу технологияларын қолдану – қоршаған ортаға кері әсер тигізуді азайтудың және энергия қолдану эффективтілігін арттырудың ең оңтайлы әдісі болып табылады. Қазандықтарды көптеп қолдану қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Сондықтан еліміздегі энергетикалық орнына үлкен станциялар салынуда , мұның өзі отынды тиімді пайдалануға және отынды аз мөлшерде өндіруге әсерін тигізеді . Жылыту жүйесі салқын мерзімде жұмыс атқарады. Батыс Қазақстанда жылыту мерзімі 15-ші қазаннан 15-ші сәуірге дейін қосылады. Жылыту жүйесін жобалауда сыртқы ауаның есепті температурасы ретінде ҚНжЕ 2.04-01-2001 құрылыстық климотология бойынша ең салқын 5 күндік қабылданады . Курстық жұмыста бөле тұрған өндірістік ғимаратының жылыту жүйесі қарастырылады. Ғимараттың бөлмелерінің ішкі ауасына және оны қоршау беттеріннің температурасын қажетті деңгейде ұстап тұру үшін жылыту жүйесі қажет , яғни оптималды температуралық жағдай арқылы жылулық комфорттық жағдай туғызады. Жылыту ретінде сулы жүйесі қабылданады жәнне оны жобалау кезінде қазіргі заманға сай аспатары мен жабдықтары қолданылады.
Ауыл шаруашылығында жылудың біраз мөлшері жылыту мен желдетуге , мал шаруашылығы мен құс өсіру бөлмелерінде қажетті параметрлерді қамтамасыз етуге , қоймалар мен топырағы қорғалатын құрлыстарға, азық дайындауға , жасанды салқын алуға және т.б. нысандарға жұмсалады.
Жылу энергиясының басым бөлігі республикамыздағы қалалар мен ауылдарды жылытуға және оларды ыстық сумен қамтуға жұмсалады. Өнеркәсіптік нысандарды басым жылыту мен желдетуге кететін жылудың шығыны бөлмелердің көлеміне , ғимараттың климаттық орналасу аумағына , бөлмелердің атқаратын қызметіне , өндіріс түріне , шығаратын залалды заттардың болуына байланысты.
Ыстық сумен қамтудағы жылу шығыны кәсіпорында жұмыс жасайтын адам санымен және , сонымен қатар , ыстық суды тұтынатын қондырғылар санымен анықталады.
Жоғарыда аталған барлық жағдайларда жылуды тасымалдаумен жылу масса алмасу бірге жүреді . Осы құбылыстар өзара байланысты. Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістерінің технологиялық прроцестерінде жылуды тасымалдау заңдарын ашып білу маманға белгіленген процестерді басқарудың үйлесімді әдістерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жылулық процестердің теориясын және энегетияның ауысуының негізі заңдылықтарын игермей жылуды ұтымды пайдалану мүмкін болмайды.
Отын – энергетикалық ресурстарды үнемдеудеуге , өндірістің әртүрлі салаларында дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мәселерлерді шешу инжерлердің дайындық деңгейіне байланысты.
Сонымен, курстық жұмыстың мақсаты – дәнекерлеу цехінің жылыту жүйесін жан-жақты зерттеу , ғимаратты жылыту жүйелерін таңдап алу , ғимарат қоршауы арқылы өтетін жылу шығыны есептей отырып,орталықтандырылған жылыту жүйесінің жылыту аспаптарын таңдап алу және қызу аудандарын есептеуді анықтау.[1;4;5;7;8;]
Жылыту жүйесінің түрін таңдап алу
Жылыту жүйесі – барлық жылытылатын бөлмелерге қажетті мөлшерде жылуды өндіріп, тасымалдап және жеткізуге арналған конструктивтік элементтердің жиынтығы.
Бөлек тұрған ғимаратының жылыту жүйесіндегі конструктивтік элементтері:
1. Жанған отын немесе басқа жылу көзінен жылу алатын жылу алмастырғыш;
2. Бөлмелерге жылуды беретін жылыту аспаптары;
3. жылу алмастырғыштан жылыту аспаптарына жылутасығышты жеткізуге
...