Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философияның қалыптасуы және дамуы

Автор:   •  Февраль 7, 2022  •  Практическая работа  •  349 Слов (2 Страниц)  •  363 Просмотры

Страница 1 из 2

Пән атауы: Философия

Тақырып: №1

Практикалық сабақ: Философияның қалыптасуы және дамуы

Тапсырмалар:.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Философияның зерттеу әдістері: диалектика және метафизика.

Философиялық зерттеулердің көмегімен философия әдістері жүзеге асады. Олай болса, негізгі философиялық әдістерден диалектика мен оған қарама-қарсы метафизика әдісін қарастырсақ. Диалектика - заттар мен құбылыстардың өзгерістерін, себеп-салдарын, дамуын, қарама-қайшылықтарын бақылайтын философиялық зерттеулер әдісі. Алғаш  болып Платон диалектиканы бірдеңеге жауап берудің әдісі ретінде қолданды және көрсетті, өйткені ол арқылы ақиқатқа жетуге болатын. Диалектиканың ерекшелігі - объектіні бөліп алып қарастырады және статистикалық, бір мағыналы зерттелуінде, яғни,  қайшылықтарға көңіл бөлінбей, тек ақиқат ізделінеді. Метафизика - объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады. Метафизикалық әдіс бойынша үдерістермен заттар бір ұстаныммен қарастырылады. Бар немесе жоқ, ақ не қара, дос не жау, т.б. Мысалы, қимылды қарастырған кезде метафизика оның толып жатқан формаларының біреуіне ғана мойын бұрады.

  1. Философияның негізгі бағыттарын талдаңыз: «материализм», «идеализм»

Жалпы дүниені тану мәселесі дүниені тануға болатын және дүниені тану мүмкін емес болып ажыратылады. Материализм және идеализм дүниені тануға болатын философияның негізгі екі бағыты. Екеуі де дүниенің түп негізі, бастамасы не деген сұраққа жауап беру мақсатындағы бағыттар. Материализм материя мен сана қатынасында материя бірінші  болып табылатындығын көрсеткен  философия бағыты. Материя санаға тәуелсіз өз заңдылықтарымен өмір сүреді. Ал идеализм материализмге қарама-қарсы бағыт, материя мен сана қатынасында сананы қолдайтын философия бағыты. Ол обьективті және субьективті пікірден тұрады. Обьективті идеализмде ой, идея ғана нақты өмір сүреді. Идея бірінші барлық қоршаған шындық ой әлемі мен заттар әлеміне бөлінеді. Ой әлемі бастапқыда әлемдік ақылда болады. Заттар әлемі, материалды әлем өз бетінше өмір сүрмейді және заттар әлемінің нәтижесі болып табылады. Әр бірлік зат, сол заттың ойының іске асуы. Субъективті идеализмде ойлар адамның ақыл есінде өмір сүреді.

...

Скачать:   txt (5.2 Kb)   pdf (67 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club