Экономикалық теория ғылымының қалыптасуы және дамуы
Автор: Araillllim • Апрель 15, 2023 • Реферат • 2,265 Слов (10 Страниц) • 329 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі»
Кафедрасы: «Бизнес-технологиялар»
СӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық теория ғылымының қалыптасуы және дамуы.
Шектеулі ресурстар мәселесі.
Меншік қатынастары
Тексерген: Талғат Табеев
Орындаған: Арайлым Бахтыбек
Тобы:К5
Алматы 2022
Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы, саясатты, мәдениетті және т.б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық теория осылардың біреуі болып табылады. Экономикалық теория –адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын тиімді, оңтайлы бөлуді, айырбастауды және тұтынуды зерттейтін ғылым. Экономикалық теория, методологиялық ғылым ретінде, алдымен қоғам дамуындағы өндіріс пен айырбастың орнын сипаттайтын мәселелерді зерттейді, және солай болуы да қажет. Өйткені, адамдар тұтынбай, немесе, еңбек нәтижелері- материалдық , рухани , және әлеуметтік игіліктер арқылы бір-бірімен айырбасқа түспей , өмір сүруі мүмкін емес.
Ол экономикалық ғылымды танып білудің негізгі қағидаларын қалыптастырды. Аристотельмен жасалған анализ, синтез, индукция, дедукция, аналогия және басқа да таным әдістері бүгінгі күнге дейін экономикалық құбылыстар мен үдерістерді талдауда кеңінен қолданылып келеді. Әрине, бұл жерде экономикалық теория пәнінің дамуы мен әрі қарай күрделенуі барысында оны танып білудің әдіс-тәсілдері үнемі жетілдіріліп отырады. Экономикалық ғылымның әдісі деп кең мағынада, біз экономикалық үдерістердің нақты ақиқаттылығына жету жолдарының және экономикалық құбылыстарды зерттеу құралдарының жиынтығын айтамыз.
Экономикалық теорияның міндеті-күрделі экономикалық жүйенің дамуы елдің экономикалық әлеуетін барынша ұтымды пайдалану, мемлекеттің экономикалық іс-әрекеті мен жеке-дара экономикалық еркіндіктің ортақ үйлесімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Экономикалық теорияның шаруашылық қызметіндегі міндеті-барынша аз шығынмен мақсатқа жету және мүмкін болатын қажеттілікті қанағаттандыру, экономикалық шешімдерді қабылдау , ұтымды әрекет ету болып табылады.
Әрбір ғылымның белгілі бір байланыстылық ортасы болады , сол сияқты экономикалық теорияның да қатынасты салалары бар. Солардың бірі де, бірегейі экономикалық заңдар. Кез келген сферадағыдай экономикалық теорияда да , өзіндік заңдары ерекше рөлге ие. Өйткені , зерттеліп отырған құбылыстардың мәні экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларда нақты көрініс табады.
Экономикалық заңдар – бұл адамдар өмірінде үнемі тұрақты түрде қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен құбылыстар. Ол қоғамдық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша экономикалық қатынастардың даму заңдары болып табылады. Экономикалық заңдар ұзақ мерзім бойы өмір сүретін мәңгілік заңдар емес. Экономикалық заңдар тарихи тұрғыда белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы экономикалық жағдайлардың өзгерісімен тікелей байланысты болып табылады. Бұған қарамастан экономикалық заңдарды анықтау экономикалық теорияның аса маңызды қызметтеріне жатады , себебі осындай заңдарды талдаудың негізінде тиімді экономикалық саясатты қалыптастыруға болады.
...