Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құрылыс материалы ретінде қамысты қолданудың перспективасы

Автор:   •  Апрель 15, 2020  •  Реферат  •  3,059 Слов (13 Страниц)  •  434 Просмотры

Страница 1 из 13

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Жакишева Жулдыз Нурлановна

Техникалық факультеттің І курс студенті

Тақырыбы: Құрылыс материалы ретінде қамысты қолданудың перспективасы

Секция: экономика

Ғылыми жетекшісі: Шакерхан Назым

Физика магистрі, физика және химия кафедрасының ассистенті

Астана[pic 1]

2018 оқу жылы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3

І тарау. ҚАМЫС ӨСІМДІГІНІҢ МАҢЫЗЫ

1.1. Қамыс өсімдігі және оның артықшылықтары............................................ 5

1.2 Қамыс құрылыс шикізаты ретінде................................................................ 7

ІІ тарау. [pic 2] ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛЫ РЕТІНДЕ ҚАМЫСТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

2.1 Қамыстың құрылыстағы бірегейлігінің сыры.............................................. 9

2.2 Қамыстан құрылыс материалын алу жолдары............................................. 11

2.3. Негізгі экономикалық көрсетілімдері.......................................................... 14

Қорытынды.......................................................................................................... 17

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................. 18

КІРІСПЕ

        Қазақстанның құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Елімізде құрылыс бәсеңдеген жоқ. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде ел экономикасының дамуына ықпал ететін құрылыс саласындағы маңызды бағдарламалар кезең-кезеңмен орындалып келеді. Нарық заңына орай, тұрғын үйдің бағасы қымбаттады. Оның үстіне, халықтың ауылдан қалаға үдере көшуі тұрғын үйге деген сұранысты жоғарылатты [1]. Заман талабына сай құрылыс саласында түрлі материалдар қолданылып келеді. Атап айтсақ, негізгі құрылыс материалдары ретінде бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар және т.б. пайдаланылып келеді [2]. Бірақ 2000 жылдан бастап құрылыс материалдары бағасы өсті, ол импорттың өсуіне алып келді. 2008 жылы құрылыс материалдары нарығындағы импорттың үлесі 46,7%-ды құрады [1].

Зерттеу жұмысы құрылыс материалы ретінде қамысты қолданудың тиімділігіне арналады. Бұл өсімдік түрін құрылыс материалын әзірлеуде пайдалануға болатыны әлдеқашан дәлелденген. Құрылыс материалы ретінде қамыс-блогын өндіру үшін пайдаланылатын минералдық шикізат базасы Екібастұз өңірі үшін қолжетімді әрі арзан болып табылады.

Зерттеу нысаны - Екібастұз  өңірінде құрылыс материалы ретінде қамысты қолданудың перспективасын қарастыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты -  аймақта құрылыс материалы ретінде қамысты пайдаланып, қамыс-блогы мен шлак-блогын жасау және қолдануды салыстыру жолы арқылы ұсынылып отырған шикізат көзінің артықшылығын дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Қамыс өсімдігі қасиеттерінің сипаттамасын зерделеу;
  • Қамыс-блогы мен шлак-блогын жасау және қолдануды салыстыру;  
  • Қамысты құрылыс материалдарын әзірлеуде алуан түрлерін талдау;
  • Құрылыс саласындағы қамысты пайдаланудың экономикалық пайдасын анықтау.

Зерттеу әдістері. Жұмыста сипаттау, талдау, іріктеу, жүйелеу, топтастыру әдістері кеңінен қолданылды.

Зерттеудің болжамы. Екібастұз өңірінің өнеркәсібіне экономикалық жағынан тиімді қамыстан құрылыс материалын жасауды енгізу.

Жұмыстың жаңашылдығы мен практикалық мәні. Қоршаған ортаға және тұрғындарға басқа құрылыс материалдарына қарағанда арзандылығымен және шикізаттың қолжетіділігімен ерекшеленеді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, іштей тараушаларға жіктелген екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

...

Скачать:   txt (43.7 Kb)   pdf (218.1 Kb)   docx (572.1 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club