Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай – тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары

Автор:   •  Январь 21, 2021  •  Лекция  •  2,840 Слов (12 Страниц)  •  1,070 Просмотры

Страница 1 из 12

Лекция  №1. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай – тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары

1.1.Кіріспе

1.2.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

1.3.Патша үкіметінің Қазақстандағы аграрлық саястының зардаптары

            Кіші және Орта жүздердің Ресей құрамына енгеннен кейінгі кезеңдерде патша үкіметі Қазақ өңірінде біршама саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге бет алды. селитра қорларының бар екені ерекше атап көрсеткен.

Уақыт өткен сайын қазақ-орыс қатынастарының аумағы кеңейіп оның отарлық сипаты күрделене түскен. XVIII ғасырдың орта шенінде Ресей билеушілері елдің сыртқы саясатына ерекше назар аударып, бүкіл елде, оның ішінде Еділ-Жайық жағалауларында, Сібір мен Қазақстанда әскери бекіністерді қайтадан жабдықтауға кіріседі. Осы кезде Жайықтың оң жағалауында осындағы казактардың күшімен 14 қамал: Переволоцк, Татищев, Нижнеозерная, Рассыпная, Елек және Жайық қалашықтары, Сахарная, Калмыково, Көш-Жайык, Кулагино, Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынды. 1748 жылдан бастап мемлекет Үкімімен Жайық және осы өңірдегі шұрайлы жерлерде келімсек және казактарға хутор тұргызу ісі қолға алынды. Тек Орынбор түбіндегі хуторларда 1769 жылдың басында гарнизон әскерлері бар, отбасылармен қоса казактар мен қоныс аударғандар саны 15 мың адамға жеткен.

Қазақ даласын әскери шебімен біртіндеп қамту Ресей үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт-мешер халқы жылдан-жылға көбейді. Қамалдар салу едәуір еңбек қорларын (адам) талап етті, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі туды. Әскери бекіністер ауданының тұрғындарына астық өндіру үшін жер үлесі берілді. Уақыт өткен сайын бұл өңірлерде казак станциялары мен шаруа слободалары бой көтерді. Аталған шаралар жергілікті халықтың, дәстүрлі көшіп-қонатын жерлерін шектеп келімсек пен қазақтардың арасындағы қатынасты шиеленістірді, тіпті, өңірдегі шаруаға ең ыңғайлы қыстауларды біртіндеп хандар, сұлтандар, ру басы-старшындар иемденуіне кең жол ашылды.   XVIII    ғасырдың   50-шы    жылдарынан    бастап, көшіп-қонатын   жерлерді   ұлғайту   туралы   патша   үкіметімен   бейбіт келіссөздердің нәтижесін көрмеген қазақтар тыйым салынған жерлерге малдарын өз бетімен бағып жайды. Әскери бекіністерге жасалған шабуылдар мен қазақ ауылдарының жаппай ауа  көшіп кетуін  жер кыспағына   қарсы   наразылық  екені   анық   бола   бастады.   Қазақтар Жоңғариядағы,   Бұқар  мен  Ташкент түбіндегі  бос  жерлерге де  қоныстануға әрекеттенді.  1757 жылы олар Кубаньға көшіп барған калмақтармен келіссөздер жүргізді, сөйтіп өздеріне Алтысу деп аталатын жерге көшу мүмкіндігіне де өтінді.

 XVIII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап орталық үкімет шекаралық аймақтардағы қарулы күштерді көбейтіп, бұл жерлердегі қазақ арасында барлаулар ұйымдастырып, осындай шаралар арқылы орыс қамалдарын қаупсіздендіруге және жергілікті тұрғындарды "қорқытып әрі тиісінше бағындырып" ұстау саясатына шешімді бағыт алды. Осындай айлалардың бірі - барымтаны сылтауратып, патша үкіметі осы ауданда өзінің позицияларын нығайту үшін қазақтардың, Еділ қалмақтары мен башқұрттардың арасындағы ұлттық алауыздықты жүйелі ушықтыруға тырысты.

Отаршы үкіметінің қазақ арасындагы іс-қимылдары олардың жаулап алғаннан кейінгі алғашқы жылдарда жергілікті халыққа байланысты әжептәуір саясат жүргізді. Жерді пайдалану саласындағы шектеу шараларымен, әскери барлаулар, этнос-аралық қақтығыстар, тіпті ру-тайпа билеушілерін бір-бірімен қырылыстырумен қатар келіссөздер де жүргізіліп, сауда-экономикалық қатынастары жандандырылып отырды.

ХVIII ғ. мен ХІХ ғасырдың ортасында қазақ елінің шаруашылығы ерте заманнан табиғаттық және жағрафиялық ерекшеліктері мен тығыз байланысты қалыптасқан - көшпелі мал шаруашылығы болды. Яғни - өндіруші шаруашылықтың негізгі түрі экстенсивті әрдайым қозғалыстағы мал бағып өсіру болған, ал тұрғындардың басым көпшілігі көшіп-қонуға бейімделген. Көшпелі өмір салтының ерекшелігі мал азығы мен су көздерінің тапшылығы себепті малды жыл бойы жайып бағу еді. Көшіп-қонудың қашықтығы орта есеппен алғанда 50-100 шақырым, ал кейбір рулар (әлім, байұлы) 1000-2500 шақырымға дейін баратын. Көшпенділердің өмірінде қалыптасқан табиғат қорларын кысқы, көктемгі, жазғы және күзгі жайылымдарға пайдалану тәсілі каралып отырған кезеңде де сақталды. Жағрафиялық ортаның ерекшеліктері және ата-тектен келе жатқан мал табындарының түліктік құрамы да аса көп өзгеріске ұшыраған жоқ. ХVІII-ХІХ ғ.ғ. бүкіл мал арасындағы қой малының үлес салмағы орта есеппен оның 60 процентін, жылқылар-13, мүйізді ірі қара мал-12, түйелер-4 процентін құрады. Малдың түліктік құрамын реттеуде олардың шаруашылықтық (ет, сүт, жүн, күш) және қоғамдық-саяси өмірде (көлік, соғыс мақсаттары) көп қажетке пайдалану мүмкіндіктері маңызды роль атқарды. Осы кезде де мал шаруашылығының дәсүрлі екі түрі дамыды көшпелі ( қолдан жасалған су көздерін пайдалануға негізделген) және жартылай көшпелі ( табиғи шығатын су қорларын пайдалануға негізделген). Көшпелі мал шаруашылығы Маңқыстау өңірінде, Үстірт маңында, Батыс және Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында кең тарады. Бұл өңірдегі қазақтардың ұстаған малының құрамында неғұрлым ширақ қимылдайтын -және төзімді түліктері (қойлар мен түйелер) басым болды, материалдық, мәдениеттің, барлық бұйымдары (киіз үй, тұрмыстық аспаптары) күнделікті өмір жайына және шаруашылығына сай келді.Жауын-шашыны мол, жыл бойы ағын суы сарқылмайтын өзендері бар, топырағы құнарлы аудандарда көшпелі мал шарушылығының өзге түрі қалыптасты. Оларға далалық және орманды-далалық өңірлердегі, тау бөктері мен биік таулы белдеулердегі өзендер мен  көлдер маңайындағы алқаптар жатады. Басқа жерлермен салыстырғанда шөп шығымының жоғары болуы және су қорымен жақсы қамтамасыз етілуі бұл аудандар да малшылардың бір орында ұзақ қоныс тебуінің көшіп-қону машақатының сиреуін, орын ауыстырушылықтың шектелуін айқындап берді. Бұл өңірлердегі қазақтар мүйізді ірі қара мен жылқыларды көп ұстады. Малды жайып бағу әдісінде де өзіне тән ерекшеліктер байқалады: мал қыстататын тұрақты орындар болды, демек оларда тұрғын үйлер мен мал қоралары салынған. Мұндай мекендердің маңайында көшпенділердің бір тобы егіншілікпен және балық, аң аулаумен айналысқан. Шаруашылықтың бұл түрінің үлес салмағы, әсіресе, Шығыс және Солтүстік Қазақстанда орын алған.

...

Скачать:   txt (39.2 Kb)   pdf (131.2 Kb)   docx (17.7 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club