Соғыстан кейінгі жылдардағы Шығыс Қазақстан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Автор: nazymsrsembi • Октябрь 12, 2023 • Доклад • 8,232 Слов (33 Страниц) • 279 Просмотры
Соғыстан кейінгі жылдардағы Шығыс Қазақстан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
3. Шығыс Қазақстандағы әлеуметтік үрдістер.
3.1. Аймақ тұрғындарының әлеуметтік – демографиялық құрылымындағы өзгерістер.
Соғыстан кейінгі жылдары Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық құрылымында да көптеген өзгерістер орын алды. Бірінші кезекте бұл, өнеркәсіп салаларының дамуымен тығыз байланысты болды. Себебі, аймақта өндірістің қарқынды дамуының салдарынан, адамдар қалаға қарай жылжып, халықтың этноәлеуметтік құрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Шығыс Қазақстан облысы өзінің әкімшілік статусын тек, 1939 жылы ғана алды. Ал, Семей облысы бұрыннан-ақ қала халқы көптеп қоныстанған, ірі облыс ретінде белгілі.
1940-1950 жылдар аралығында Қазақстанның жұрты аз мөлшерде ғана өсті (7,2℅-ға), барлық тұрғындардың орташа жылдық өсу қарқыны 0,7 құрады, оның ішінде қалалық – 3,1 ℅ болса, ауылдың халқы жыл сайын (0,5 ℅-ға) кеміп отырды.
Соғыс жылдарында туу көрсеткішінің төмендеуімен қатар, республикаға фашистер жаулап алған жерлердегі тұрғындар эвакуацияланды. Қазақстанға жүздеген өндіріс кәсіпорындары мен мекемелері, көптеген жұмысшылар, инженерлік – техникалық жұмысшылар мен олардың отбасылары да эвакуацияланды. Қалаларда өндірістік және құрылыстық жұмыстардың артуына байланысты, ауыл тұрғындары қалаға ағыла бастады, сонымен қатар қала тұрғындарының саны сырттан келушілердің есебенен де арта бастады. Соғыстан кейінгі жылдары эвакуацияланған тұрғындар мен кәсіпорындар азат етілген аймақтарға орналастырыла бастады. Әрине, бұл үрдіс республика тұрғындарының динамикасына өз әсерін тигізді.
40-шы жылдардың соңында қала тұрғындарының санының төмендеуі байқалды, алайда 50-ші жылдардың басында – ақ бұл жағдай айтарлықтай өзгерді. 1950 жылдары Шығыс Қазақстанда дүниеге келгендердің саны артқаны байқалды, бұл облысқа өсімпаз жастағы адамдардың келе бастауымен тікелей байланысты болды. Ал, Шығыс Қазақстан өңірінің қалаларына адамдардың ағылып келе бастауының негізгі себебі, өнеркәсіптік өндірістің дамуы мен жұмысшы күшінің тапшылығына байланысты еді. Осы кезеңде өлу көрсеткіші де жоғарылады, соның ішінде 1 жасқа дейін шетінеген балалар да бар. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 109,6 ℅ - ға жетсе, Семей облысында өлім көрсеткіші – 96 ℅ - ға жетті. /160/. Өлім көрсеткішінің жоғарылауының негізгі себептері туберкулез ауруы (17,5 ℅), тыныс жолдарының қабынуы (15,0 ℅), жүрек аурулары (9,8 ℅) және жұқпалы іш ауруы (дизентерия 9,6 ℅).
Семей облысында 1950 жылдың екінші кварталында 3561 адам дүниеге келсе, 11338 адам көз жұмды, осы кезеңдегі табиғи өсім 2223 адамға тең келді. Осы кезеңмен салыстырғанда 1949 жылы өлгендердің саны өсіп, туылғандардың саны айтарлықтай азайды, осылардың нәтижесінде табиғи өсім көрсеткіші күрт төмендеді. /161/.
Қарастырылып отырған кезеңнің соңына қарай жағдай біршама өзгеріп, өңірдің табиғи өсім көрсеткіші ұлғая бастады. Осылайша, Семей өңірінде 1958 жылы туылғандардың саны 1956 жылмен салыстырғанда 1654 адамға немесе 10,6 ℅ - ға артты. Өлім көрсеткіші азайды: қалалық жерлерде өлім жағдайлары 7,3 ℅ - ға, ал ауылдық жерлерде 5,8 ℅ - ға дейін төмендеді. Нәтижесінде табиғи өсім көрсеткіші 1896 адамға немесе 16,7 ℅ - ға ұлғайды. Ауылдық жерлерде дүниеге келгендердің саны қалалық жерлерге қарағанда көбірек болды, әйтседе 1958 жылы қалалардағы туу көрсеткіші артып, табиғи өсім 14,3 ℅ - ды құрады.
Осылайша, 1950-1960 жылдар тұрғындардың табиғи өсімі ең жоғары жылдар болды: барлық өңір тұрғындарының орташа жылдық өсім көрсеткіші 4,0 ℅ құраса, қалалық – 5,7 және ауылдық – 2,8 ℅ болды. Осы кезеңде туу коэффиценті жеке жылдары артып отырды, бірақ кезеңнің соңында ол 1950 жылғы дәрежеде қалды. Бір кақытта өлім көрсеткіші де күрт төмендеді (шамамен 1,8 есе). 1960 жылға қарай республикадағы табиғи өсім көрсеткіші өзінің максималды дәрежесіне жетті – 30,6 ℅. /162/.
Халықтың табиғи өсім көрсеткіші (1000 адамға шаққанда)
...