ЖОАЖЖ ұғымы, оның мақсаты мен автоматтандыру объектісі
Автор: karakat.zhan • Декабрь 23, 2024 • Реферат • 8,841 Слов (36 Страниц) • 5 Просмотры
Д 1. КІРІСПЕ. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАУ ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСУ
- ЖОАЖЖ ұғымы, оның мақсаты мен автоматтандыру объектісі
Жерді орналастырыу тапсырмаларын шешу үлкен көлемдегі деректерді өңдеумен және жерді пайдалану мониторингін жүргізумен байланысты. Экономикалық, экологиялық және басқа да жағдайларды модельдеу арқылы еңбек өнімділігін арттыру және жерді орналастыру жобалау және іздестіру жұмыстарының сапасын жоғарылату ақпараттық технологиялар, компьютерлік технологиялар мен қазіргі бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану негізінде мүмкін болады.
ЖОАЖЖ – жобалауды автоматтандыру құралдарының кешенінен тұратын ұйымдастырушылық-техникалық жүйе, ол жобалау ұйымының бөлімшелерімен өзара үйлестірілген және ЭЕМ-де автоматтандырылған режимде жобалауды жүзеге асырады.
ЖОАЖЖ -дың негізгі мақсаты – жерлерді рационалды пайдалану мен қорғауды жоғары сапалы деңгейде ұйымдастыру мәселелерін шешу. Мұндай технологияларды қолдану ақпаратты алу, өңдеу және оңтайландыру процесстерін жетілдіру арқылы шешімдер қабылдау жылдамдығын арттыруды, сапасын жақсартуды және еңбек шығынын азайтуды қамтамасыз етеді.
Автоматтандыру объектісі – жерді орналастырыу жобалауының процесстері, деректерді жинау, жинақтау және өңдеу, жобалық шешімдерді негіздеу, жобалық құжаттаманы қалыптастыру.
Анықталғандай, жерді орналастырыу жобалары мәтіндік және графикалық құжаттардың жиынтығынан тұрады, олар өндіріс аумақтарын ұйымдастыруды, жерлерді рационалды пайдалануды және қорғауды үнемі өзгеріп тұратын процестерді реттейді. Сондықтан, жерді пайдалану жобалауы бір реттік немесе мерзімді әрекет емес, жобаларды әзірлеу, жетілдіру және жүзеге асырудың үздіксіз процесі болып табылады. Осыған байланысты, ЖОАЖЖ үздіксіз әрекет ететін және дамып отыратын автоматтандырылған жүйе ретінде әзірленуі тиіс, ол жерді иелену және пайдалану процесін мемлекеттік реттеу жүйесімен үздіксіз байланыста болады.
1.2. ЖОАЖЖ Р-дың рөлі, орны және функциялары
Жерді орналастырыу қызметінің функцияларының айтарлықтай кеңеюі өзара байланысқан әртүрлі автоматтандырылған жүйелерді құруды талап етеді (горизонталды байланыс), көп деңгейлі құрылымдары бар (вертикалды байланыс) және тек ішкі пайдаланушылар үшін ғана емес, сонымен қатар сыртқы стандартты және стандартты емес сұраныстар үшін де ашық болуы қажет.
Олардың қатарына мыналар кіреді:
- ТГАӨА - топографо-геодезиялық және аэросурет-геодезиялық ақпаратты алу мен өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
- КДӨАЖ - картографиялық деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
- ЖКАЖ - жер кадастрын автоматтандырылған жүйесі;
- ЖЖОАЖ - жоспарлы жерді орналастырыу есептеулерінің автоматтандырылған жүйесі;
- АЖОЖЖР - автоматтандырылған жерді орналастырыу жобалау жүйесі.
Бұл бөлініс белгілі бір дәрежеде шартты болып табылады, өйткені кейбір жүйелер (мысалы, КДӨАЖ) басқа құрылымдарға (мысалы, ЖКАЖ) қосалқы жүйелер ретінде кіре алады. Алайда, олардың негізгі функционалдық мәні оларды жеткілікті дәрежеде автономды етеді. Мысалы, ТГАӨА аэрофотогеодезиялық және жерүсті әдістермен электрондық тахеометрлерді, спутник жүйелерін, цифрлік құралдарды, сканерлерді, дәстүрлі әдістер мен құралдарды пайдалана отырып ақпарат алуға арналған. Оның негізінде метриялық және семантикалық ақпарат алынып, топографо-геодезиялық деректердің банкі құрылады.
Картографиялық деректерді өңдеу жүйесі (КДӨАЖ) картографиялық материалдарды цифрлық түрге өзгерту және жер бедери цифрлық модельдерін (ЖБЦМ) жасау үшін қолданылады, сондай-ақ дайын немесе басқа жүйелерде бар ЖБЦМ -дерді карталар жасау, олардың тиражын шығару және графикалық өңдеу үшін пайдаланады.
ЖКАЖ жер учаскелерінің сандық және сапалық сипаттамалары бойынша мәліметтерді жинақтайды және жерлердің есебін жүргізу, жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды тіркеу, топырақтарды бағалау, жерлерді бағалау, жерді пайдалану мониторингін жүргізу және мемлекеттік органдарға ақпараттық қызмет көрсету үшін арналған. Бұл әділетті реттеу, экономикалық құралдар мен ынталандыру әдістерін қолдану мақсатында жүргізіледі.
...