Қонақжайлық индустриясын мемлекеттік реттеуді жетілдіруде туристік бизнесті дамыту
Автор: meru123 • Апрель 28, 2020 • Курсовая работа • 7,748 Слов (31 Страниц) • 743 Просмотры
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Қонақжайлық индустриясын мемлекеттік реттеуді жетілдіруде туристік бизнесті дамыту»
5В090200 - «Туризм» мамандығы бойынша
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
МАЗМҰНЫ
Бет
КІРІСПЕ.................................................................................................................... 3
1.ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қонақжайлық индустриясы құрама элементтері, даму тарихы........................4
1.2 Туризм саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесі. Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттары..................................................................7
2.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ, ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫ
2.1 Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің даму деңгейі, қазіргі жағдайы...............11
2.2 Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің тудыратын мәселелері, талдау жүргізу........................................................................................................................16
3.ҚОНАҚЖАЙ ИНДУСТРИЯСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қонақжайлық индустриясын ұйымдастыру қызметін жетілдіру,туристік бизнесті дамыту жолдары.........................................................................................21
3.2 Туризм саласын мемлекеттік реттеу мақсатында бекітілген бағдарламаларды жетілдіру мен туристік бизнесті дамыту..................................25
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................29
Кіріспе
Біздің елімізде қонақ үй қызметін арттыру мәселесі үлкен орынға ие. Қонақжайлық индустриясында туристік бизнесте қонақ үй саласында персоналдың имиджін құру, квалификация білікті жұмыскерлерді дайындау-халықаралық қатынас пен байланыстағы, республика аумағындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Курстық жұмыстың өзектілігі Қазақстан деңгейін қолдаудағы туристік индустриясын дамытуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру керек. Қонақжайлық индустриясы қоғамдағы экономикалық мәселелерін шешуге маңызды әсер етуде. Дамыған елдерде туризмнен түскен табыс қара және түсті металлдардың халықаралық саудасынан түскен табыстан екі есе жоғары екені белгілі. Туризмнен түскен табыс сол аумақтың экономикасын көтеруге қабілетті. Қонақжайлық индустриясы Қазақстан Республикасындағы іскерлік шеңберде қызығушылықтарын арттырады. Сондықтан, Қазақстандағы қонақ үй индустриясы мен туризм нарығындағы персонал имиджін қалыптастыруды ішкі туристік саудасы мен халықаралық байланысын күшейту мәселесі тұр. Туризм инфрақұрылымы мен қонақ үй индустриясының бастапқы бағыттарының арасында Республикамыздың «Қазақстан-2030» әлеуметтік-экономикалық стратегиясында маңызды мәселелер бөлініп отыр. Бұл мәселелер тез арада өз шешімін табу керек.
Курстық жұмыс мақсаты: қонақжай индустриясына мемлекеттік қолдау және реттеуді жетілдіру жұмыстарына көмектесетін бағдарламалар арқылы туристік бизнестің әлсіз тұстарын анықтап,дамыту жолдарын іздестіру.Берілген мақсат келесідей міндеттерді шешеді:
- Қазақстан Республикасының қонақжайлық индустриясындағы қонақ үй бизнесінің даму деңгейін анықтау және саралау;
- Қазақстандағы қонақжайлық индустриясын ұйымдастыру қызметін жетілдіру;
- Қонақжай индустриясын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары;
- Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің тудыратын мәселелері, талдау жүргізу, дамыту жолдары.
- Туристік қызметті мемлекеттік реттеуге арналған бағдарламаға талдау жүргізу.
Қонақжай индустриясындағы қонақ үй құрылымы, экономикалық белсенділіктің арнайы формасы ретіндегі кәсіпкерлік - зерттеу объектісі болып табылады. Зерттеулердің теориялық-әдістемелік негізі ретінде ресейлік ғалым А.Д.Чудновскийдің қонақ үй және туристік бизнес жайлы түсініктеме берілген еңбегі алынды. Сонымен қатар, А.Л.Лесник пен А.В.Чернышевтің қонақ үй бизнесін ұйымдастыру мен оны қалай басқару керектігі жайында жазылған еңбектерін пайдалана отырып, қонақ үй қызметте ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру және заңнамалық құжаттары сараланды, мұнда туризмде экономикалық қызмет теорияларының мәселелері көтерілген.
...