Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалық көрсеткіштерге көптік сызықтық регрессия

Автор:   •  Март 30, 2022  •  Контрольная работа  •  1,405 Слов (6 Страниц)  •  337 Просмотры

Страница 1 из 6

Экономикалық көрсеткіштерге көптік сызықтық регрессия

Мазмұны:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2.1. Көптік сызықтық регрессия

2.2. Модель тұрғызу

  1. Қорытыңды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Инфляция дегеніміз – бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі.

Инфляцияның пайда болуына әсер ететін факторлар шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты:

  • Бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Мысалы, ақша масасының көбеюі, жалақының артуы жиынтық сұраныстың артуына ықпалын тигізеді, ал оның салдары бағаның қымбаттауына алып келеді.
  • Егер инвестицияларды қаржыландыру жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жургізілетін болса, түптен келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
  • Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады.
  • Ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қаупі артады. Өндірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап өздерінің өнімдеріне бағасын арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгісі бір комбинациясы қалыптасады.

 

 Негізгі бөлім

2.1. Көптік сызықтық регрессия

Көптік сызықтық регрессия бірнеше тәуелсіз айнымалылар мен тәуелді айнымалылар арасындағы байланысты талдайды.

  1. Көптік сызықтық регрессия моделі: 

[pic 1]

  1. мұн, y– тәуелді айнымалы,
  2. х1,х2,х3 – түсіндіруші айнымалылар
  3. B1,В2,В3 – регрессия коэффициенттері
  4.  – кездейсоқ шама.[pic 2]

Регрессия теңдеуіндегі b параметрі регрессия коэффициенті деп аталады және көп жағдайда белгілі бір экономикалық мәнге ие болады.

Егер b> 0 болса, онда х пен у арасында байланыс тура және х коэффициенті мәнінің өсуімен у көрсеткіштің мәні де өседі;

Егер b <0 болса, байланыс  кері және х мәнінің өсуімен у  мәні төмендейді.

Ковариация екі кездейсоқ шаманың өзара байланыс өлшемі болып табылады.

[pic 3]

        

        Екі кездейсоқ айнымалының өзара әсерінің болуын корреляция коэффициенті көрсетеді. Оның мәні -1 мен 1 арасында өзгереді.

Егер:

  • rxy = 1 болған жағдайда екі айнымалы арасында оң қатаң сызықтық байланыс.
  • ал rxy = -1 болса, теріс қатаң сызықтық байланыс болады.
  • rxy = 0 болса, айнымалары арасында байланыс жоқ.

        [pic 4]

Сызықтық регрессия сапасын бағалау үшін детерминация коэффициентін пайдаланамыз. Детерминация коэффициенті мәндерді қабылдай алады [0; 1]. 1-ге жақындаған сайын, байланыс сапасы жақсарады.

Салынған модельдің сапасын бағалау үшін Аппроксимацияны (А) есептейміз, ол у көрсеткіштің нақты мәндері салынған модельмен у^ есептелген мәндерден орташа есеппен қанша пайызға айырмашылығын көрсетеді.

Аппроксимация формуласы:

[pic 5]

Икемділік бұл х шаманың 1% өзгергенде у қанша % өзгеретінің көрсетеді. Бұл көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады. Формуласы:

...

Скачать:   txt (16.8 Kb)   pdf (1.4 Mb)   docx (1.7 Mb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club