Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Конституция- басты құндылықтар бастауы

Автор:   •  Февраль 25, 2022  •  Эссе  •  587 Слов (3 Страниц)  •  342 Просмотры

Страница 1 из 3

              Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

          ЭССЕ

Тақырыбы: «Конституция- басты құндылықтар бастауы»

Орындаған:

Факультет: Экономика және құқық

Мамандық: 6В04201 – Құқықтану

Курс: 1

Тобы: 101/1

                               Атырау қаласы, 2020 жыл        

                    Конституция – басты құндылықтар бастауы

         Жер шарындағы қай мемлекетті алып қарайтын болсақ та, адамның құқығын қорғау, еркін әрі тең және бақытты өмір сүруін қамтамасыз етететін  заңдар қабылданады. Мұндай заңдар біздің елімізде де бар. Еліміз Қазақстан Республикасы деп, КСРО құрамынан бөлініп шығып тәуелсіздігін алғаннан соң, алға қарай жылжуға кірісті. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып сайланғаннан кейін, біздің ұлттық рәміздріміз, әнұранымыз, ұлттық валютамыз және Конституциямыз қабылдана бастады.

      Конституция дегеніміз- мемлекеттің негізгі заңы, маңызды құжаты. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда өз күшіне енгізілді, бұл біздің тарихи сахнамыздан ойып тұрып орын алатын маңызды сәттердің бірі. Дегенмен, реформалардың тереңдеуіне байланысты, заңдарды да қайта өңдеуге тура келеді. Соның нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан Конституциямыз қабылданды. Жаңа Конституциямыз қабылданғанның арқасында Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Қазақстан республикасы өзін зайырлы, құқықтық, әлеуметтік және демократиялы мемлекет жүзінде орнықтырды. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси реформалардың ілгері жылжуына, дамудың қайнар бастауына жол салды.

     Мемлекетіміздің Конституциясы 9 бөлімнен тұрады. Ата Заңымыздың «Жалпы ережелер» деп аталатын 1-бөлімінде «Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдары- зайырлы,демократиялық, және құқықтық мемлекет құру» деп көрсетілді. Осының арқасында ,мемлекетіміздің Конституциясы халқымыздың зайырлы мемлекет болуды армандағанын заң тілінде айқындап, бүткіл ғаламға Қазақстан деген мемлекет бар екенін жар салғандығы дәлелденеді.

    Отанымыздың ең қымбат қазынасы- адам және оның адамның өмірі,  бостандықтары мен құқықтары болып табылады. Осылайша, Ата-заңымыздың «Адам және азамат»  деп аталатын екінші бөлімі азаматтардың  құқықтарын қорғау қарастырылған. Біз дүние есігін адам боп ашып, азамат боп қалыптасамыз. Өзіміздің құқықтарымызды тек біліп қоймай, оларды қорғай білгенімізде азамат екенімізді сезінеміз. Кімде-кімнің екінші бір адамның өмірін қиюға хақысы жоқ. Қазіргі таңда адам өмірі шыбын құрлы татымай жатқандықтан осы сөздерді басып айтқым келеді.

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (66.7 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club