Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі рухани құндылықтар көрінісі
Автор: khasan_dias • Май 1, 2021 • Реферат • 867 Слов (4 Страниц) • 1,684 Просмотры
Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі рухани құндылықтар көрінісі
Агабекова Куляш Маханбетовна
№72 жалпы орта мектебі, Сарыағаш ауданы, agabekova_74@mail.ru
Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады.
Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Аударма саласында да Ыбырай Алтынсарин жасөспірімдерге адамгершілік рухында тәрбие бере алатын еңбектерді ғана аударды және осы аудармалары арқылы Ыбырай Алтынсариннің қандай нақтылы тәрбие мәселелеріне көңіл бөлгендігін де біле аламыз. Оның аудармаларының негізгі тақырыптары еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасты қадірлеу т.б. болды. Бұл мәселелер Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының озық сипатын танытады. [1]
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл», т.б. . [2]
Сонымен қатар жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай шығармалары бар. Мысалы, «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» т.б. [2]
Мектеп бағдарламасында Ыбырай Алтынсариннің бірнеше әңгімелері берілген. Оның қай әңгімесінің болса да баланың рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға әсері мол. Кейбір әңгімелерін оқытуда келесі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өз бетімен қорытынды жасауға бағыттау арқылы оқушының бойындағы құндылықтарды жарыққа шығара аламыз:
1-мәтін. Ы. Алтынсарин «Бақша ағаштары» әңгімесі
Тапсырманың мақсаты: рухани құндылықтарды басшылыққа алу арқылы оларды өз бетімен қорытынды жасауға бағыттау.
1-тапсырма. Әңгіменің ғибраттық мәнін ашыңыз.
«Креативті матрица» тәсілі.
Проблема. Қандай мәселе? | ||
Адамдар. Кімдер? | ||
Орын. Қайда, қай жерде көрініс тапты? | ||
Себеп. Не себептен? | ||
Шешу жолдары. Сіз қалай ойлайсыз? |
2-тапсырма. Әңгімені оқып шығып, екі ағаш бойындағы қарама-қайшылықтарды кестеге жазамыз.
«Т кестесі» әдісі
Қисық ағаш | Түзу ағаш |
Нәтижесі: Отбасындағы әкенің, баланың міндетіне байланысты құндылықтарға қатысты қайырымдылық, қамқорлық, адалдық, жауапкершілік қасиеттерінің мәнін ашып, олардың отбасылық қарым-қатынастардағы рөлі жөнінде қорытынды жасайды. [5]
...