Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өмір құндылықтары дегеніміз не?

Автор:   •  Ноябрь 18, 2020  •  Эссе  •  328 Слов (2 Страниц)  •  2,861 Просмотры

Страница 1 из 2

Өмір құндылықтары дегеніміз не?

    Философия құндылықты белгілі бір объектінің жағымды немесе жағымсыз жағын сипаттайтын ұғым ретінде қарастырады. Бұл анықтаманы 19ғ. философияға Р.Лотце мен Г.Коген енгізген. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылық ретінде сұлулық, қайрымдылық, мейірімділік секілді этикалық мінез-құлықтарды қарастырған.

     Ал қазіргі заманда оның ауқымы кең. Құндылық – бір нәрсенің маңыздылығы. Шынында да өмірде әр адам әртүрлі деңгейде маңызды, қымбат деп санайтын құндылықтар көп, олар ата-ана, достар мен туған-туыстар, ұлтымыз бен мемлекетіміз, тіпті кейбір адамдар үшін ақша болуы мүмкін. Құндылықтың жеке адамдар үшін жеке нәрселер екенін Ж.Сартрдың мына сөздері дәлелдейді:- «Құндылық өзінше бір нормативтік шынайылық ретінде адамның өз жасампаздығы актісінен, оның өз ойын еркін білдіруінен туындайды».

    Құндылықтарды шынайы және алдамшы деген типтерге бөліп қарастыруға болады. Шынайы құндылық деп — адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұлғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке адамдар құндылық деп қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.

     Адамның өміріндегі ең жоғарғы құндылық деп оның білімі мен санасын және адами қасиеттерін атар едім. Басқа тіршілік атаулыдан адамды ерекшелеп тұрған осы нәсілер. Адами құндылықтар – ол қасиеттер, яғни мейрімділік, адалдық, еңбекқорлық, табандылық, сүйіспеншілік, қайырымдылық. Адам осы қасиеттерді иемденсе басқа адамдар алдында сыйлы, мағызды адамға айналады. Яғни, адам үнемі өзінің жаман жағын тиып, жақсылыққа ұмтылып отыруы қажет. Бұны ерте ғасырлардағы философтар да айтады. Олар адамда адами қасиеттер болмаса, ол жануарға айналып кетеді. Адам өзін жамандықтан тазартып отыру керек.Философияда оны катарсис деп айтады. Бұл термин Аристотельдің «Поэтика» шығармасында кезедседі, бірақ кейбір ғалымдар катарсис терминінің Аристотелден де бұрынғы ғалымдардың айтып кеткендеріне сенімді.

...

Скачать:   txt (4.5 Kb)   pdf (49.6 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club