Отбасылық құндылықтар
Автор: Зарина Каримовп • Сентябрь 24, 2021 • Лекция • 851 Слов (4 Страниц) • 421 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстірлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»КМҚК
[pic 1]
Колледж әдіскері:Керимбаева А.Д.
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
[pic 2]
Тақырыбы:«Отбасылық құндылықтар»
Сыныбы:7«А»
Мерзімі: 02.02.2021
Тобы: 309
Машықкер:Каримова Зарина Газизқызы
Баға: «___» ___________
Семей 2020
Мектеп:«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-бақша»КММ Мерзiмі:02.02.2021 № 19-20 сабақ
Тақырып:«Отбасылық құндылықтар»
Құндылық:дұрыс әрекет
Қасиеттер:қайырымдылық, жанашырлық,жауапкершілік
Мұғалiм: Каримова Зарина Газизқызы
Сынып 7 «А»
Оқушылар саны:20
Сабақ мақсаты: Отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеті: -отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде түсіндіру; -қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту; - оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу. | Ресурстар:үнтаспа, суреттер,нақыл сөздер, слайд, баяу әуен,интерактивті тақта, калонка |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу.[pic 3] Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын" Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет. 2.Үй тапсырмасын тексеру. №19 сабақ 74 бет «Атасы мен әжесі» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау, Сұрақтар:
| Сабақ барысын талқылау: https://youtu.be/7bFlxlfHWZ4 [pic 4] |
3.Дәйексөз. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туымқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты» Н.Назарбаев Сұрақтар:
Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, қорытынды жасау. Дәйексөзді дәптерге жазғызу. | |
4.Әңгiмелеу. «Ұлыма хат»әңгімесі 78 бет | |
5.Шығармашылық жұмыс. 1-тапсырма. Оқулықтағы В.Сухомлинскийдің кеңестерімен танысып, ата-аналарыңның, туыстарыңның алдындағы парыздарың туралы жазу. 2-тапсырма. Дәптерде берілген «Менің отбасым» атты сөзжұмбақты шешу. | |
6.Топпен ән айту. Е.Хасанғалиевтың «Бозторғайым» әні орындалады. | https://youtu.be/EkEElxsJW4w |
7.Үй тапсырмасы:«Бақытты отбасы» мәтінін оқу, 78 бет | |
8.Сабақтың қорытынды сәтi. Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар. | https://youtu.be/JZZ3y30leUM |
...