Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің ұстанатын өмірілік құндылықтарым

Автор:   •  Ноябрь 6, 2021  •  Эссе  •  390 Слов (2 Страниц)  •  5,888 Просмотры

Страница 1 из 2

            ЭССЕ

“Менің ұстанатын өмірілік құндылықтарым”

                                                     

Өмірлік құндылықтар өте кең түсінік, ол шын мәнінде адам өмірінің барлық салаларын қамтиды. Құндылықтар материалдық немесе рухани болуы мүмкін. Біреулер карьералық сатымен көтерілуді және байлықты көксесе, енді біреулері үшін рухани дамуы,адами ұасиеттерін шыңдауы басты ұстанымы болуы мүмкін, ал үшіншілері үшін өзінің және жақындарының денсаулығы мен амандығынан артық ештеңе жоқ. Бірақ,қалай болмасын құндылықтар әр адамда бар. Жай ғана олар белгілі бір нәрсеге басқасына қарағанда көбірек көңіл бөледі, және бұл жағынан таңдау әркімде әр түрлі.

Құндылықтар адам өмірінде маңызды орын алады. Жар таңдау, жұмыс таңдау,тіпті бір кітап таңдау болсын сенің өмірлік құндылығыңмен тікелей байланысты болып тұрады. Ал өзінің құндылықтарын анықтау тек сол адамның өзіне ғана емес, оны қоршаған ортасына, тәрбиесіне,тұрып жатқан елінің мәдениетіне де байланысты.  Құндылықтар арқылы адам физикалық, психикалық және оны қоршайтын заттардың әсерінің мағынасын таба алады. Неміс философы Макс Шелер үшін өмірлік құндылықтар жеке жіктелімде, өйткені оларды сұлулық пен рахатқа бағынатындармен салыстыруға болмайды. Өмірлік құндылықтардың мәні әлдеқайда терең.

 Әр дәуірдің,әр мемлекеттің  құндылықтары әр түрлі болған,бола береді де. Біздің заманымызда өте көп адам өмірлік құндылықтар жайындағы ойын өзгерткен. Қазір олар үшін өзіне қызық,жаны сүйіп істейтін емес,жеткілікті көлемде ақша таба алатын жұмыс маңызды. Сол себепті қазір адамар отбасына,достарына, тіпті денсаулығына да жеткілікті мөлшерде көңіл бөлуден қалған. Бірақ,уақыт өтіп,жасы ұлғайған сайын адам өмірдің құндықтары жайлы ойы бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Бұрын тек мансап пен ақшаны ойлап, жұмысына көп уақытын,көп күшін арнаған адам өмірде ең бастысы ол емес,отбасы мен жақындары екенін ұғынуы мүмкін. Жоғарғы қызмет пен дөңгеленген материалдық жағдай адамды толық қанды бақытты ете алмайды. Себебі дүниелік заттардың барлығы бүгін бар,ертең жоқ.

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (52.4 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club