Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары

Автор:   •  Март 3, 2021  •  Реферат  •  280 Слов (2 Страниц)  •  6,211 Просмотры

Страница 1 из 2

«Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары»

   Еліміз қазіргі кезеңде экономиканың  және  технологияның жоғарғы деңгейге жетіп, қарыштап, қанат жайған  шағында деуге болады.Осыған сай өркениетте дамыған шақта. Адам санасымен дүниетанымы кең ауқым алып жоғарылаған сайын қоғам мен заманда соған сай  өзгереді. Қазіргі заман жастары, Тәуелсіз мемлекетте, өркениет кезеңінде  өмір сүріп жатқандығы аян.Соған сай, жастардың этикалық, эстетикалық санасы жоғары деп  көрсетуге болады әрине, бәрі бірдей саналы  немесе санасыз деп көпке топырақ шаша алмаймыз.Білім деңгейі жағынан қазіргі жастардың мүддесі аса жоғары. Жалпы алғанда этика дегеніміз-  қарапайым адамзаттық құбылыс,мінез-құлық ұғымдарының жиынтығы. Қазіргі заман жастарының басым көпшілігі рухани байлығы жағынан көрсем, білсем деген ұмтылысы зор. Талабы мен шығармашылық қабілеті, технологияны игеруі  жақсы дамыған, ұмтылысы жоғары жалпы алғанда  туған жер, отан, отбасы сыңды  баға жетпес  рухани құндылықты сүюге жетелейтін  төте  жол  деуге  болады. Қазіргі  жастарды тарихи жетістіктердің  мирасқоры және  халық бірлігін  құраушы ретінде  сендіру маңызды рөл атқарады. Осы  тұрғыдан  қарастырғанда рухани бай,  кеудесі алтын  сандық жастардың дүниеге деген көзқарасы кең әрі қырақты  келеді. Қазіргі  жастардың ертеңгі  ел  болашағының тізгін иесі, ел ертеңі екендігі  ескеретін болсақ, олардың этикалық құндылықтарды бойына сіңіруіне баса ден қою қажет. Дүниеге танымы зор жастардың кемел келешекке ұмтылысы,білім, ғылымға деген құштарлығы биік болуы керек.Ұлы белестер мен мақсаттарды бағындыруда жастардың бойындағы асыл қасиеттердің болуы басты қаруымыз.
  Еліміздің  маңызды адами ресурсы, ол-жастар.
  Қорыта айтқанда, Ел-болашағы жастардың қолында.Қай заманда болсын, өз ұлтының тарихы мен ұлттық құндылығын, қасиеті мен мәдениетін, ұлттық этикасын, елдің ұлттық менталитетін  сақтап, сіңіріп өскен білімді ұрпағы ғана сақтай алатындығын мәңгі есте  сақтауымыз қажет.Бүгінгі жастар-ертеңгі ел болашағы.

...

Скачать:   txt (3.6 Kb)   pdf (46.2 Kb)   docx (7.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club