Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Діндарлықтың – адами құндылықтарға әсері

Автор:   •  Апрель 26, 2021  •  Статья  •  418 Слов (2 Страниц)  •  440 Просмотры

Страница 1 из 2

Діндарлықтың – адами құндылықтарға әсері

    Қазіргі таңда дүйім жұрт діндарлық  дегенімізді – діни ақпарттарды ала отырып, оларды өз ойлау шеңбері бойынша жүзеге асыру деп білсе , енді бірі адамның  діни бір міндетті орындап жүруін  осы ұғымда тануы. Яғни тырнақшаның ішіндегі діндар болу. Осындай діндарлылық адамды тек артқа құлдыратады. Себебі оның белгілі бір салада ұстазы жоқ, тек еліктегіш келеді. Жаһандану заманында желілік немесе алып-қашты информациялармен ғана өзінің діни көзқарасын қалыптастырып, өзін діндар қылып көрсетеді. Сөздерінің көбі жаттанды, ой елегінен өткізілмеген болады. Иә, келісем онда тырысу бар, деседе оның осы біз айтып жатқан «діндарлық»  ұғымына еш қатысы жоқ. Яғни аталмыш нәрсенің функционалды қызметін атқармайды. Жоғарыдағы қате діндарлық көзқарасы бойынша нәтиже талап етер болсақ. Онда біздегі кейіпкер: адасқан, жат ағымдық, сектант,фанат, я болмаса бұхара халықты теріс идеологияға шақырушы болып табылады.  

Ал, шынайы діндарлықты айқындасақ ол төменде жазылатын принциптерге негізделеді.  «Ұстазсыз ақыл тұл» және «тәрбиесіз алған білім, адамзаттың қас жауы» деп қарға тамырлы қазақ халқымыз бекер айтпаса керек. Себебі осы ұстаз бен оның тәрбиесі арқылы діни дұрыс ұстаным қалыптасады, ал сол ұстанымнан адами құндылықтардың пайда болатыны шүбәсіз.  

«Дінді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» демекші, шынайы діндар адам ол абсолютті адами құндылықты қалыптастырушы түп нұсқа болмақ. Бұл мәтелден біз діннің өте нәзік мәселелерге толы екенін байқаймыз. Өмірлік мысал келтірсек: қазір біз бірер секундта қосатын  электр шамын Томас Эдисон тек он мың мәрте тәжірибе жасау арқылы жүзеге асырды. Адами құндылықта басым рөл ойнамайтын материалды басқарудың өзіне осыншама тәжірибелі және еңбекқор адам қажет болса, XXI ғасыр болғанымен әлі күнге бағамы жоғары руханият әлеміне бастаушы адамның қандай болу керектігін, оған қанша қажыр мен қайрат және нұрлы ілімнің қажет екенін осыдан біле беріңіз! Біз білетін кешегі Абай мен Мәшһүр Жүсіп бабаларымызда алғашында медреседе ұлағатты ұстаздардан теңіздің көпірігіндей ілім алып, кейін қарапайым халықтың адами құндылықтарын қалыптастыру негізінде қара сөздерін, тәрбиеге толы өлеңдерін жеткізген. Осы арқылы Абайға Әбіш секілді ұрпақ пен Шәкәрім секілді шәкірт дарыған.

...

Скачать:   txt (5.5 Kb)   pdf (41.5 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club