Бәсекеге қабілеттілік
Автор: hannay.z • Март 31, 2019 • Реферат • 1,056 Слов (5 Страниц) • 1,096 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі
[pic 1]
СӨЖ
Орындаған: Жумабаева А.К
Тексерген: Айтуганова З.Ш.
Бәсекеге қабілеттілік – басты талап
23 маусым 2017
Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы бұрынғыларынан ел экономикасын модернизациялауға арналуымен ерекшеленеді. Сандық технологияларға негізделген келешегі зор салаларды дамыту – Жолдауда көрсетілген басымдықтарды шешудің бірегей жолы.
Жолдауда айтылғандай, еліміз жаhандық дамудан қалып қоймауы керек. Әлемде басталған төртінші өнеркәсіптік революция аясында бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін елімізде зор мүмкіндіктер бар. Сандық экономиканы құру экономиканың кейбір салаларының жойылуына, бұрынғыдан бөлек салалардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Сондықтан Елбасымыздың биылғы Жолдауы әрбір қазақстандыққа үлкен міндет артып отыр. Өйткені Жолдауда көрсетілген ауқымды жұмыстар ел болашағы үшін, ең алдымен, орындалуымен құнды.
Еліміздің үшінші жаңғыруы өсіп-өркендеу мен дамудың бес басымдығына негізделіп отыр. Әр басымдықты орындау үшін нақты атқарылатын жұмыстар белгіленді.
Атап айтқанда, бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Бұл жерде сандық технологияны қолдану арқылы жаңа индустрияларды дәріптеуіміз керек, яғни тікелей сауда, мобильді банкинг, сандық сервистер, соның ішінде денсаулық сақтау және білім беру салаларында шешуді талап ететін мәселелер нақтыланды. Сандық технологияның дамуы экономиканың барлық салаларының өркендеуіне үлкен серпін беретінін Елбасымыз өз сөзінде атап өтті және үкіметке тапсырмалар берілді. Енді үкімет «Цифрлық Қазақстан» арнайы жобасын дайындап бекітуге тиіс.
Жаңа индустрияны дамытумен қатар базалық салаларды, соның ішінде ауыл шаруашылығын, транспорт пен логистиканы, құрылыс салаларын да дамыту көзделіп отыр. Бұл жерде, ең бастысы, еңбек өнімділігін арттыруымыз қажет. Ол үшін өндірісті автоматтандыру, роботтармен жабдықтау және басқа да жаңалықтарды енгізуді ұйымдастыру керек.
Бәсекеге қабілетті экономиканы құру шикізат сатудан арылып, дайын өнімді сыртқы нарыққа шығаруды талап етеді. Осыған байланысты Елбасымыз үкіметке 2025 жылға дейін дайын өнімді экспорттауды екі есеге өсіруді тапсырды. Сонымен қатар жаңа нарыққа шығып, өнім жеткізу аумағын кеңейтіп, геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу талап етілді. Осы жылдың аяғына дейін жер қойнауы туралы жаңа кодексті, салық кодексіне тиісті өзгерістерді енгізу тапсырылды.
Екінші басымдық – бизнес ортаны түбегейлі жақсарту. Әрбір азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуына барлық жағдай жасалады. Ол үшін мемлекет тарапынан қаржылай көмек берілетін болады, яғни әрбір азаматтың қалада болсын, ауылдық жерде болсын, өз кәсібімен айналысуына мүмкіндік зор. Сондай-ақ барлық мемлекеттік қызметтер электронды түрде азаматтардың қатысуынсыз жүргізілуге тиіс.
Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылықты қалыптастыру. Бұл жұмыстар қаржы саясатын жақсартуды, инфляцияның мөлшерін төмендетуді, жеке капиталдың мүмкіндіктерін пайдалануды көздеп отыр.
...