Қызметкерлер құрамы және ұйымның бәсекеге төтеп беру қабілетін қамтамасыз етудегі оның рөлі
Автор: dramaqueen • Май 25, 2018 • Доклад • 3,537 Слов (15 Страниц) • 622 Просмотры
1-ТАҚЫРЫП. ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРАМЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Қызметкерлер құрамы және ұйымның бәсекеге төтеп беру қабілетін қамтамасыз етудегі оның рөлі
- Қызметкерлер құрамын басқару тұжырымдамасы
Әдебиет:3,4,17,22,23,35.
- Қызметкерлер құрамы және ұйымның бәсекеге төтеп беру қабілетін қамтамасыз етудегі оның рөлі
Нарықтық қатынастарға көшу, өнімдер сапасы мен оның бәсекеге төтеп беру қабілетін қамтамасыз ету мәселелерінің басымдылығы әкімшілік басқару қызметкерлеріне қойылатын талапты өзгертіп, еңбекке және жоғары кәсіби шеберлікке деген шығармашылық көзқарастың маңызын арттырды. Бұл қызметкерлер құрамын басқарудың принциптері, әдістері және әлеуметтік-психологиялық мәселелерін түбегейлі өзгертуге әкеліп, бәсекеге төтеп беру қабілеті бойынша олардың ролін арттырды.
Қазіргі әлемде кәсіпорындардың бәсекеге төтеп беру қабілетіне әлемдік экономиканы жаһандастыру және аймақтандыру процестері, ақпараттық технологиялар мен байланыс технологияларының бұрын-соңды болып көрмеген прогресі, сондай-ақ бизнес стратегиясы мен басқарудың жаңа әдістері сияқты факторлар барған сайын көбірек күшті әсерін тигізуде. Осы өзара байланысты құбылыстар еңбекті ұйымдастырудың жаңа формаларын маңызды дарежеде айқындауды ұсынады. Тауарлар өндірісі мен қызметтер көрсету, жалданбалы жұмыс күшінің өндіру қабілетін немесе фирмалардағы адам капиталын айқындайтын жұмыс күшінің біліктілігі мен білімге барған сайын көбірек тәуелді болады.
Фирмалардың адам капиталы, яғни ұйым кызметкерлері құрамы бәсекеге төтеп беру қабілетінің негізін құраушы болып саналады.
Қызметкерлер құрамы бұл кәсіби немесе қызметтік белгілері бойынша топтарды құрайтын, мекеменің, кәсіпорынның жеке құрамы немесе қызметкерлері (жұмыскерлері).
Қадрлар түсінігі кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың білікті қызметкерлерінің (жұмыскерлерінің) негізгі (штаттық) құрамын білдіреді.
Адам капиталының неғұрлым кең таралған және жалпыға бірдей қабылданған анықтамасы белгілі бір уақыт ішінде тауарлар өндіру мен қызмет көрсетуде фактор сапасында пайдалануы мүмкін, адам болмысы соған ие, білім алу, дағдыларды дамыту, мотивация мен қуаттарды кристализациялау нәтижесінде ие болған әлеуеттен тұрады.
Ол, еңбек әлеуеті жүзеге асырылатын, қабілеттерді дамытатын, орындалатын жұмыстардан адамдар қанағаттанушылық және өз жетістіктері үшін қоғамның ризашылығына ие болатын қолайлы орта қалыптастырады. Нарықтық жағдайларда бәсекеге төтеп беру қабілеті проблемасы қазіргі әлемде әмбебап сипатқа ие болады. Біздің республикамыздың экономикалық және әлеуметтік өмірі, іс жүзінде кез келген кәсіпорынның өмірі, іс жүзінде кез келген кәсіпорынның өмірі оның қаншалықты табысты болатынына көп жағдайда қатысты болады.
Фирмалардың бәсекеге төтеп беру қабілеті – бұл бәсекеге төтеп беретін тауарлар өндіру мен қызметтер көрсетудегі фирмалардың қабілеті. Бәсекеге төтеп беру қабілеті – елдің, кез келген өндірушінің тауарлар шығару және өткізу, қызметтер көрсету мүмкіндігінің бүкіл жұмылдырылған (шоғырландырылған) жиынтығын білдіреді.
Бәсекелестік факторы тауар өндірушілерді нарықтан ығыстырып шығару қауіп-қатерін туғыза отырып, оларды тұрақты түрде сапа жүйесімен және тұтастай алғанда өз тауарларының бәсекеге төтеп беру қабілетімен айналысуға итермелеу арқылы, ал нарық олардың қызметін объективті және қатаң бақылайтын мәжбүрлеу сипатына ие болады.
Бәсекелестік нарық жағдайындағы қызметкерлер маркетингі тауарлар сапасы мен оның бәсекеге төтеп беру проблемаларын шешудің тиімді құралына айналады.
Қазақстан экономикасында болып жатқан нарықтық қайта жаңарулар, ертеңгі күні дамыған бәсекелестік нарық, тауарлардың (өнімдердің) бәсекеге төтеп беру қабілетін дамытудың деңгейі мен қарқынына өз әмірін жүргізіп, тауарларды (өнімдерді) жасаушылардың бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайтындығымен байланысты, бәсекеге төтеп беру қабілеті проблемасына жаңаша қарауға итермелейді.
...