Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қажетті шарты ретінде персоналды басқару тиімділігі

Автор:   •  Июнь 26, 2020  •  Статья  •  2,128 Слов (9 Страниц)  •  473 Просмотры

Страница 1 из 9

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қажетті шарты ретінде персоналды басқару тиімділігі

Мақалада ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін персоналды басқару тиімділігін арттырудың рөлі көрсетілген. Ұйымның стратегиялық ресурсы ретінде еңбек ұжымының маңыздылығы анықталды.

Түйін сөздер: персоналды басқару жүйесі, бәсекеге қабілеттілік, тиімділік критерийлері персоналды басқару, құзыреттілігі, біліктілігі, тиімділік көрсеткіштері

Қазіргі экономикалық жағдайларда шикізат бағасының тұрақты өсуіне, валюта бағамдарының тұрақсыздығына және ішкі бәсекелестіктің күшеюіне байланысты компаниялар өз потенциялдарын арттырудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуге мәжбүр. Оларға бәсекеге қабілеттілік факторлары болатын жаңа артықшылықтар қажет. Шетелдік компаниялардың тәжірибесіне сүйенсек, көптеген ұйымдар бұл потенциалды өз персоналынан іздейді.

Ерте кезден бері еңбек қызметін ұйымдастыру және басқару мәселелеріне көп көңіл бөлініп келеді. Бірде-бір ұйым тиімді басқарусыз табысқа жете алмайтыны анық. Қазіргі уақытта еңбек ұжымын басқару жүйесін жетілдіру және дамыту ұйымның нарықта тұрақты орның орнатуына және табысты қызмет көрсетуіне қажетті шарттардың бірі болып табылады. Көптеген компаниялар нарықтық экономиканың қазіргі заманғы шарттарына сәйкес келетін қазіргі танда қалыптасқан еңбек ұжымының қызметін басқару жүйелеріне түзету еңгізумен немесе жаңа жүйе ойлап табумен айналысып келеді, бұл аталған тақырыпты одан әрі өзекті етеді.

Ұйымдар арасындағы коммерциялық табыстың басты көрсеткіштерінің бірі нарықтық қатынастар субъектісінің бәсекеге қабілеттілігі және оның табыстылығы болып саналады. Кәсіпорындардың көбісі алуан түрлі стратегиялық мақсаттарды қалыптастыруда бір ғана аргументке сүйенеді, ол — кәсіпкерлік құрылымдар үшін мақсатты бағдар бизнес табыстылығымен байланысты болуы. Сонымен қатар, табыстылық көрсеткіші кәсіпкерлік құрылым жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде барлық ұйымдық ресурстарды, оның ішінде әрбір персоналды дұрыс пайдалану нәтижелерінен құралады.

Әрине, компанияда жұмысты ұйымдастырудың принциптері мен тәсілдері үлкен рөлге ие, Бірақ қызметтің табыстылығы көбінесе осы компанияда жұмыс істейтін адамдарға байланысты. Сондықтан, ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және табысты қызмет ету дәрежесі, ұйымның еңбек ұжымының тиімді қызметімен тікелей байланысты. Бүгінгі күні кәсіпкерлік құрылымның алға қойған мақсаттарына қол жеткізу өз еңбегінің нәтижесіне мүдделі білікті және білімді персоналсыз мүмкін емес деп сеніммен айтуға болады. Компания қызметкерлері кәсіпорынның ең үлкен құндылығы болып табылады, өйткені компанияның дамуы, жұмыс процесі және нәтижесінде пайда болатын ұйымның пайдасы компания құрамындағы персоналға тікелей байланысты. Персонал жоқ болса – жұмыста жоқ.

Экономикалық әдебиетте "бәсекелестікті" және "бәсекеге қабілеттілікті"анықтау жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Экономикалық бәсекелестікті зерттеу саласында танылған маман М. Портер бәсекеге қабілеттілікті "... жұмыс күші мен капиталын тиімді пайдалануды білдіретін өнімділік..."деген анықтама береді. Портер бәсекелестік артықшылыққа жету жолында — инновация, сапа және шығындардағы көшбасшылық сияқты аса маңызды факторларды атап өтеді. Барлық үш фактор ұйым персоналының сапасына байланысты. Бәсекелестік басымдықты құру және ұстап тұру қабілеті ұйымның өсуі, дамуы және өркендеуі үшін қажетті шарт болып табылады.

Sony корпорациясының негізін қалаушы Акио Моританың қағидаттарының бірі: «Ешқандай теория, бағдарлама немесе үкіметтік саясат кәсіпорынды табысты ете алмайды, мұны тек дұрыс ұйымдастырылған персонал ғана жасай алады».

"Сбербанк" АҚ ЕБ персонал саны (жылдар бойынша)

Сурет

...

Скачать:   txt (32.3 Kb)   pdf (66.7 Kb)   docx (16.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club