Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оңтүстік Қазақстан облысының

Автор:   •  Сентябрь 20, 2018  •  Реферат  •  6,591 Слов (27 Страниц)  •  1,211 Просмотры

Страница 1 из 27

КІРІСПЕ

         Оңтүстік Қазақстан облысының териториясы негізінен алғанда солтүстік шөл аймақта орналасқан және алуан түрлі рельефімен көзге түседі. Рельефіне қарай ол айқын айырмалы төрт бөлікке: солтүстік, оңтүстік-батыс жазықтық, жазықтық – оңтүстік және таулы оңтүстік –шығыс – таулы бөліктерге бөлінеді. Географиялық жағынан облысқа Қызылқұм шөл даласының оңтүстік – шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы аңғары, Мойынқұмның батыс шеті, Шу өзенінің төменгі ағысындағы алқап, Бетпақдала шөлінің сазды батыс бөлігі, Қаратау жотасының көпшілік бөлігі және батыс Тянь-Шаньнің  бірқатар жоталары қосылады. Қаратау жотасы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай облысты екіге-солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөліп жатыр.                                  

         Облыс бойынша ауаның жылдық орташа температурасы 8-9ºС-ден  14ºС-ге дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғары көтеріліп, өзгеріп тұрады. Ақпан -жылдың ең суық айы, ондағы орташа температура облыстың териториясында  -1ºС-ден (оңтүстікте)  10ºС-ге (солтүстікте) дейін ауытқиды. Ең ыстық ай – шілде, ауаның шілдедегі орташа температурасының мейлінше жоғары деңгейі (29-30ºС)- Қызылқұмда, төменгісі – таулы аудандарда (20-24ºС) және ең төменгі деңгейі – биік таулы аудандарда. Жаз кезінде кейбір күндері облыстың оңтүстігінде-температураның  45-47ºС-ге дейін, солтүстігінде  43-44ºС-ге дейін көтерілуі мүмкін. Облыстың жазық бөлігінде жауын-шашынның жылдық мөлшері 130-250 миллиметр ғана, тау бөктерінде  400-700 миллиметр және оданда көп болады. Алайда жауын–шашын тұрақты емес, кейбір жылдары оның мөлшері ауытқып тұрады. Жауын-шашынмен нашар қамтамасыз етілетін аудандарда (жазықта) мейлінше қуаңшылық жылдары жыл ішінде  80-100 миллиметр болады, бұған керісінше, аса ылғалды жылдары 300-400 миллиметрге дейін жетеді,таулы аудандардағы жауын-шашын тиісінше- 300-500 милиметрден  1000-1400 миллиметрге дейін ауытқиды. жауын-шашын мейлінше көп болатын екі кезеңі бар: ол-көктем мен күз. жауын-шашынның ең көп болатын кезі- март пен апрель, ең аз (5-7 пайыз) болатын кезі – жаз. Күздің бірінші жартысы құрғақ келеді. Қысқы –көктемгі жауын – шашын жылдары мөлшердің  70-80 пайыз болады.

Облыстың территориясы аграрлық климаттық тұрғыдан мынандай аймақтарға бөлінеді:

I.        Ыстық шөлді құрғақшылық аймақ

II.        Өте қуаң ыстық тау бөліктерлі аймағы.

III.        Таулы аймақ.    

1.1.  Зерттеулер жүргізілген  ММ  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданының табиғи-географиялық және климаттық жағдайы

          Қазығұрт ауданы жалпы алғанда, екінші агроқұрылымдық  аймаққа жатады.  + 100 C жылылықпен есептегенде жыл бойғы жылылық қосындысы 4000 С -4500 С-ге шамалас. Мұндай көрсеткіш ауданда егілетін түрлі ауыл шаруашылық дақылдарының жақсы өсіп жетілуіне, жақсы өнім алуға жағдай жасайды.

           Таубөктерлі аймаққа: С.Рахимов, Жаңа-базар, Алтын-төбе, Турбат, Қақпақ, Қарабау ауыл округтері кірсе, шөлейтті аймаққа: Шанақ, Қ.Әбдалиев, Қызыл-қия, Шарбулақ, Шарапхана ауыл округтерінің басым бөліктері жатады.Топырақ құнарлығы орта сары топырақты Қақпақ, Қызыл-қия, Шарбулақ,  ауыл округтерінің біршама қырлы аймақтары “Газалкент” магистральды каналынан суландырылады.

           Ауа-райы негізінен қыста жылы, көктемі ылғалды, жазымен шілдесі ыстық, күзі салқын келеді. Сондықтан  егін еккенде, оны бастағанда көпжылдық ауа-райының құбылысын есепке ала отырып, жұмыс жүргізген жөн.

           Әр ай сайынғы ауа райына тоқталатын болсақ, ол төмендегіше сипатталады:

           Қаңтар айы -2014 жыл- қантар айының 04,15,16,21, 22, 23,24, 27,30, 31-күндері қар жауып, барлығы 14-мм ылғал  түскендігі болмаса, басқа күндері  ауа-райы кейде ашық, кейде ала бұлтты болып  ауаның ең жоғарғы тем-сы +8оС, төменгісі -9оС болды.. Бұлай қалыптасқан ауа-райы егілген күздік бидайдың жақсы қыстап шығуына қолайлы болды.

           Ақпан айы -   01, 02, 03,07 -күндері қар жауып, барлығы -16 мм ылғал түсті, қалған күндері ауа-райы кейде ашық, кейде бұлтты болды. Ауаның ең төменгі тем-сы -180С, ең жоғарғысы + 50 С-ді құрап, жауған қар, түнгі суық салдарынан күздік астықтар өз фенологиясын жалғастыра алмады.

...

Скачать:   txt (68.7 Kb)   pdf (557.6 Kb)   docx (299.7 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club