Оңтүстік Қазақстан облысының сирек кездесетін және эндемикалық өсімдіктері
Автор: aray_96.96.kz • Апрель 27, 2018 • Дипломная работа • 17,438 Слов (70 Страниц) • 1,654 Просмотры
КІРІСПЕ Өзектілігі. Қазақстанның флорасында 5700-ге жуық түр бар, оның арасында 1000-ға жуығы сирек кездесетін өсімдіктер. Соңғылардың біразы реликті (көне қалдық) өсімдіктер. Реликті өсімдіктер жасыл әлемнің тарихы мен эвлоциясының куәсі. Сондықтан сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау және көбейтуге үлкен мән беріледі. Олар біздің кең байтақ республикамызда да кездеседі. Бетпақдала шөл даласында және Сырдария Қаратаудың сілемдерінде – Шренк тобылғысы (Spireanthus schrenkianus), Іле Алатаудың жапырақты орманында Мүшкетов түйесіңірі (Atraphaxis muscketowii), Шу–Іле тауларында өте көне – Niedzwodzkio comirotohoekia өсімдігі кездеседі. Осы өте сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауға аса мән берілмей келеді. Бұлардың түрінің жоғалуы адамзат үшін орны толмас ағаттық. Өсімдіктерді қорғау жұмыстары, бірінші кезеңде, тізім жасаудан басталады. Қазақстанның ғылыми-зерттеу Ботаника институты және Бас ботаника бағы «Қызыл кітап» баспадан шығарған еңбектерінде 306 өсімдік енгізілген. Бірақ тұқымы, түрі жойылып бара жатырған өсімдіктерді қорғау өз деңгейінде емес. Бұлай дейтініміз, соңғы жылдары қорғалатын ,өсімдіктердің тағы 100-ден асатын түрлері белгіленіп отыр [1]. Жерімізде өсетін жабайы өсімдіктер генофондында мәдени дәнді дақылдарға туыстас арпа, қара бидай кездессе, бағалы тағамдық жемістерден сирвес алмасы,өрік, қарақат, таңқурай, қой бүлдірген, жабайы жүзім секілді өсімдіктер де өседі. Ал шипалы өсімдіктердің түрлері болса, олар 500-ге таяу. Қазіргі медицинада соның тек 30-дан астамы ғана пайдаланылады. Шырғанақ, дәрмене, қырықбуын, қылша, қара андыз сияқты дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс жылдан жылға артып отыр [2]. Солай бола тұрса да жерімізде толып жатқан себептерге байланысты реликті өсімдіктер аймағы, олардың көптеген түрлері жойылып кетуінің қаупі бар. Оларға: жетісу инкарвиясы, сексеуіл, регель қызғалдағы т.б. жатады. Міне, осындай сан алуан өсімдіктер дүниесін қорғаудың экологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңызы ерекше болғандықтан, біздің таңдаған тақырыбымыздың өзектілігі айқындала түседі. Жоғарыда көрсетілген жағдай Оңтүстік Қазақстан облысын да орын алады. Сирек кездесетін өсімдіктердің жоғалуына көптеген факторлар кері әсерін тигізуде. Сондықтан реликті өсімдіктерді тек «Қызыл кітап»-қа енгізіп қоймай, қорықтар ұйымдастырудың маңызы бар. Жұмыстың мақсаты : Оңтүстік Қазақстан облысында сирек кездесетін және эндемикалық өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін анықтап, қорғау шараларына ұсыныстар беру болып табылады. Зерттеу міндеттері: 1. Оңтүстік Қазақстан облысында сирек кездесетін өсімдіктердің түрлеріне жүйелік, экобиоморфологиялық талдау жасау. 2. Сирек кездесетін өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңыздылығына талдау жасау. 3. Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғаудың тәрбиелік мәнін ұсыну. Осы жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз жұмысты мынандай бағытта жасауды ұйғардық: а) Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы. ә) Оңтүстік Қазақстан облысында кездесетін эндемикалық өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері және таралуы (дала және тауда кездесетін өсімдіктер түрлері). б) Эндемикалық өсімдіктерді қорғаудың тәрбиелік маңызы. Зерттеу нысаны: Оңтүстік Қазақстан облысында сирек кездесетін және эндемик өсімдіктер. Зерттеу пәні: Сирек кездесетін және эндемик өсімдіктерге биологиялық ерекшеліктеріне сипаттама. Зерттеу әдістері:
Алынған нәтижелер:
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы. Реликті өсімдіктердің экологиясын, биологиялық ерекшеліктерін, нәсілдік информациясын зерттеу барысындағы мәліметтер жойылып кетуге қаупі бар түрлерді қорғауға, көбейтуге септігі тиеді деген сенімдеміз. |
I. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
...