Батыс Қазақстанның мұнай мен газ қорының ерекшеліктерін талдау
Автор: Balnur Osharkhan • Июнь 27, 2018 • Курсовая работа • 2,373 Слов (10 Страниц) • 1,200 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
1 Қазақстан Республикасының мұнай мен газ қорларының ерекшеліктеріне сипаттама 5
1.1 Мұнай мен газ қорларының экономикалық –экологиялық маңызы 10
1.2 Мұнай мен газ қорларының қоршаған ортаға кері әсері
12
2 Батыс Қазақстанның мұнай мен газ қорының ерекшеліктерін талдау 16
2.1 Қазақстанда мұнай газ қорының алатын орны 17
2.2 Мұнай газ қорларын қоршаған ортада тиімді пайдалану жолдары 23
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді.
Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды.
Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сактау технологиясын колданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды. Мұнайды бұрғылау орындарын су басып кетпеу үшін арнайы дамбалар тұрғызылуы керек. Мұнай және газды өндіретін және еңдейтін аудандарға жақын орналаскан елді мекендердегі адамдарды басқа жакка, яғни колайлы жерлерге кешіреді.
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.
Мұнай өнімдері – көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут. жатады. Мұнайға серік газдар пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен бірге кездесуіне байланысты – олар мұнайда еріген күйде болады немесе мұнай кенінің үстін "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады.
Сонымен, Қазақстандағы ірі салааралық кешендердің біріне отын-энергетикасы жатады. Оның ішінде мұнай өнеркәсібі жетекші рөлді атқарады. Газ өнеркәсібі де жылдам дамуда. Бұл салаларды дамытуда табиғи ресурстарды тиімді пайдалана және қоршаған ортаны қорғай отырып игеру кажет.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мұнай мен газ қорларын тиімді пайдалану шараларын талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Батыс Қазақстанның мұнай мен газ қорының ерекшеліктерін талдау.
2. Қазақстанда мұнай газ қорының алатын орны.
3. Мұнай газ қорларын қоршаған ортада тиімді пайдалану жолдары
1 Қазақстан Республикасының мұнай мен газ қорларының ерекшеліктеріне сипаттама
Мұнай көбіне қара түсті, арнайы иісі бар, жанғыш, жағармайлы сұйықтық болады. Химиялық құрамы жағынан мұнай негізінен химиялық құрамын анықтайтын көмірсутектердің жиынтығы болып келеді
Мұнайда көмірсутектердің
...