Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

20 ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Лекция  •  6,684 Слов (27 Страниц)  •  1,467 Просмотры

Страница 1 из 27

1)20 ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы

ХХ ғасырдың басында Қазақстанның тарихи өмірінде елеулі өзгерістерге толы,

аса бір алмағайып оқиғалар болған еді. Атап айтқанда, бұл кезеңде Қазақстан

территориясы Ресей империясының ішкі отарына айналып, өзінің саяси-экономикалық

дербестігінен айырылған, орыс мемлекетінің құрамдас бөлігі ретінде танылды. Бірнеше

ғасыр бойы ұлы далада қалыптасқан көшпелі цивилизацияның рухани, мəдени, саясиқұқықтық жүйелері дағдарыс шырмауығына маталып, қазақ қоғамында бұрын мүлде

беймəлім болып келген құбылыстардың орын тебе бастағанына Ресей ықпалы тигендігі

анық еді. Атап айтқанда, орыс, шетел капиталдарының енуі мен өнеркəсіп

ошақтарының пайда болуы, жұмысшы табының қалыптаса бастауы, қалалар мен

поселкелердің көбеюі, т.б. құбылыстар қазақ даласына буржуазиялық қатынастардың

алғашқы нышандарын таныта бастаған.

Ресей капитализімінің кеңістік шеңберінде өсуі – Қазақстанда тауар

айналымының күшеюіне тікелей жағдай туғызып, қазақ қоғамында да капиталистік

қатынастардың дамуына ықпалын тигізді .

Қазақстанның негізгі халқы ауылдық жерде тұрып, жартылай көшпелі мал

шаруашылығымен айналысты. Оған мал ұстаудың жайылымдық-жартылай қолда бағу

жүйесі, егіншілікпен, шөп шабумен жəне басқалар шұғылдану тəн болды. Қазақтар

жылқы, қой, ірі мүйізді мал, түйе жəне ешкі өсірді [2].

XIX ғ. аяғында – ХХ ғ. басында Қазақстанда егіншілікпен айналысу барған сайын

кең тарады. Егіншілік Сырдария облысының Шымкент пен Əулиеата уездерінде басым

болды. Бұларда əрбір тұқым себуші шаруашылыққа егістік жер орта есеппен 10,7

десятинадан келді. Жетісу облысының Қапал уезінде 1910 жылы қазақ

шаруашылықтарының 81 проценті, ал Верный уезінде 79,3 проценті егіншілікпен

айналысты. Қостанай уезінде егіншілікпен қазақ үй қожалықтарының 88 проценті

31 шұғылданып, олар əрбір тұқым себуші шаруашылыққа 22,2 десятина жерден келетін

107440 десятина егісттікке тұқым сепкен.Егіншілікті дамытуда қоныс аударғандар елеулі рөл атқарған. Егіншіліктің қазақ халқы арасына тез тарауы, жаңа ауылшаруашылық құралдары мен жер өңдеу тəсілдерін меңгеру, рыноктар астықтық жəне жемдік дақылдарға сұранымы егістіктерде

бидайдың, арпа мен сұлының барған сайын көп орын алуына көмектесті. Күріш, бақша

дақылдарының егістіктері кеңейтілді.ХХ ғ. басында өлкеде қала халқының өсу бағыты байқалды. 1897-1914 жылы аралығында барлық облыстарындағы қалалар халқы 1,5 еседен астамға өсті.

Қалада неғұрлым ірі əлеуметтік топ сауда буржуазиясы болды, олар тұрғындардың 20,3 процентін құрады. Қалалықтардың 33,1 проценті тау-кен, кең қазып шығару жəне тамақ өнеркəсіптерінде істеді, 20 проценті ауыл шаруашылығымен жəне кəсіпшіліктермен шұғылданды. Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркəсібі даму үстінде болды.Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. Таукең өнеркəсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындары пайдаланылып жатқан.Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. ХХ ғ. басында мыс, алтын, темір жəне басқа қазба байлықтары шығаратын тау-кен өнеркəсібі кəсіпорындары шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына көшті. Мысалы, 1904 жылы Лондонда пайда болған Спасск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спасск-Успенск мыс кені мен заводын, Саран-Қарағанды таскөмір кенін, темір рудниктерін сатып алды.Қоғамның акциялары ұстаушылар американдықтар, немістер, шведтер, австриялықтар жəне басқалар болды. 1914 жылы Риддер руднигінің, Екібастұз қорғасын-мырыш заводының құрылыстары басталды, темір жол салынып жатты. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды.Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды.Өлкенің ХХ ғасырдың басында тау-кен өнеркəсібінің басты салаларының бірі шығару болды.Екібастұз, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары пайдаланылды. Өндірілген көмір темір жолмен жəне су жолдарымен Перьм губерниясына, Омск мен Барнауылға сондай-ақ өлкенің Павлодар, Петропавл жəне басқа қалаларына жеткізіліп отырды. Қазақстанның экономикалық өмірінде негізінен өлкенің батыс жəне солтүстік-шығыс аймақтарында орын тепкен тұз өндіру

...

Скачать:   txt (96.9 Kb)   pdf (231.8 Kb)   docx (35.7 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club