Аймақтық экономика
Автор: yrystysundetbai1 • Февраль 9, 2021 • Лекция • 12,293 Слов (50 Страниц) • 787 Просмотры
ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН
АЕ «Аймақтық экономика» пәні бойынша
Алматы, 2020 ж.
1-тақырып. Аймақтық экономика пәні, әдістері және міндеттері
Лекция мақсаты-пәннің зерттеу заты және міндеттерін анықтау,курстың құрылымына сипаттама беру және «Аймақтар экономикасы» пәнінің басқа экономикалық курстар жүйесіндегі орнын анықтау болып табылады.
Түйінді сөздер: аймақ,әдістер,міндеттер.
Лекция сұрақтары:
1.1.Аймақтық экономика пәні
1.2.Аймақтық жүйе классификациясы
1.3.Аймақтық даму мемлекеттік реттеудің пәні ретінде
- Аймақтық экономика пәні
Аймақтық экономика – экономика ғылымының өндіріс салалары мен кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлерінде ұтымды орналастырады. Өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды көздейтін бөлім.Ол материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдаланады,шаруашылықты дамытуды, саларалық маманданған шаруашылық түрлерін өрістетуге жағдай жасауды, аймақтардағы өндірістік салаларды жетілдіруді зерттеуде.
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады. Әрі өндірістік кешендерді құруға жол ашады. Ол үшін аймақтық экономикалық, минералды шикізат, материалдық-техникалық базасы зерттеледі.
Өндіргіш күштердің дамуына табиғи ортаның экологиялық бұзылмауы негізге алынады.
Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады.
Халық шаруашылық шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын жасауды талап етеді.
Минералды шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді.
Аймақтық экономика ғылымымен ҚР экономикасы дамуының аумақтық аспектісі зерттеледі.
Аймақтық экономиканы зерттеу пәніне аудандардың дамуы мен өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары мен ерекшеліктері, сонымен қатар аймақтық дамуымен орналасу факторлары жатады. Ол тек аумақтардың экономикалық мәселелерін зерттеп қоймай экология, әлеуметтік мәселелер және т.б. қамтиды.
Аймақтық экономиканың зерттеу факторы болып аймақтар табылады.
Әдебиетте аймақтар деп – белгілі бір жалпы сипаттамалармен қойылған әр түрлі аумақтарды айтады.
Аймақтық экономика бір елдің аймақтарын зерттейді.Сонымен бірге өндіргіш күштердің орналасу мәселелері және шет елдегі аймақтық сипатты да қосады.
Аймақтық экономика саласында келесідей мәселелер қарастырылады:
- Мемлекеттің аймақтық саясаты;
- Экономикалық және әлеуметтік дамудың аймақтық бағдарламаларын жолдау және жүзеге асыру;
- Аймақтық кешенді дамуымен мамандандырылуының тиімділігі;
- Аудандық жоспарлау.
Аймақтық экономика өнеркәсіпті орналастыруды экономикалық реттеу механизмін аймақтық дамудың экономикалық тиімділігін анықтауды зерттейді.
Аймақтық ғылым терминін американдық ғалым Уолтер Изард енгізді.
1.2 Аймақтық жүйе классификациясы
Аймақтық даму мемлекеттік аймақтық жүйелер әлеуметтік-экономикалық немесе аумақтық әкімшілік ретінде сипатталуы мүмкін.
Аймақтық жүйе болып табылатын аумақтық-экономикалық бірлестіктір ретінде келесілер кіреді:
- Өнеркәсіптік орталықтар;
- Ірі экономикалық аудандар;
- Орта деңгейлі аудандар;
- Еркін экономикалық зоналар;
- Іріленген аудандар(макроаймақтар);
- Аймақтар.
- Өнеркәсіптік орталықтар әдетте үлкен аумақтарды алады.Оларға экономикалық ресурстардың ауқымды бөлігі шоғырланған.Олар арқылы басқа аумақтық бірлестіктердің өзара байланысы іске асырылады;
- Ірі экономикалық аудандар – аумақтық бірлестік болып табылады.Олардың белгілі өндірістік мамандандырылуы болады.
- Орта деңгейлі аудандар- аймақаралық еңбек бөлініс жүйесінде белгілі орын алады,бірақ кіші аймақтық жүйе болып табылады.Сонымен қатар оларға ірі экономикалық аудандардың пораметрлері тән.
- Еркін экономикалық зоналар бірқатар жеңілдіктері бар.Белгілі бір дәрежеде елден бөлек аумақтық бірлестіктер.Олардың мақсаттары – тиімді өндірісті ұйымдастыру үшін шетел инвестицияларын тарту.
- Іріленген аудандар(макроаймақтар)- бұл өзіндік ерекшеліктері бар экономикалық зоналарды құрайтын бірлестіктер.Олар табиғи,еңбек,өндіріс потенциалдардың жалпылығына негізделген.Оларға шаруашылықтың белгілі бір түрінің мамандандырылуы сипат.
- Экономикалық зоналарды іріленген аудандар құрайды.Мұндай зоналар өндірістік ресурстарды бөлуде болмау үшін әлеуметтік – экономтикалық және басқа процестерді ұйымдастырудың тиімді жолдарын жасау үшін қажет.
Аймақ – елдің әлеуметтік-экономикалық бірлігі ретінде жұмыс істейтін экономикалық шекаралармен бөлінген аумақтық бірлестік.
Аймақтың белгілі бір экономикалық мамандандырылуы болады және өндірістік билік құрылымымен сипатталады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының қағидалары:
...