Аймақтық экономиканы реформалау
Автор: Assel2201 • Сентябрь 14, 2021 • Практическая работа • 670 Слов (3 Страниц) • 349 Просмотры
Аймақтық экономиканы реформалау
1.Қазақстан аймақтарының түрлерге бөлінуі: өнеркәсібі дамыған аймақтар; пайдалы қазбаларды өндіруге және өңдеуге бағытталған аймақтар; экологиялық апатты және артта қалған аймақтар.
2.ҚР-ның экономикасын қайта құру.
3.Әр аймаққа мемлекеттің ерекше саясатын жүргізуі.
4.Аймақтық басқаруды оңтайландыру.
Қазақстанның әр аймағы өзінің өндірістік мамандануына, табиғи ресурстарды игерудегі ерекшеліктеріне, халықтың түрлі тығыздығына, қала және ауыл тұрғындары үлесіндегі түрлі ара-қатынасқа ие.
Мемлекеттің жалпы саясатының құраушы бөлігі ретіндегі аймақтық саясат стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуыүшін өмір сүру мен шаруашылықтың аймақтық факторларының тиімді пайдаланылуына бағытталған.
Аймақтар арасында көптеген көрсеткіштер бойынша үлкен дифференциация әрекет етеді: су ресурстары; өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылық потенциал; табиғи және адами ресурстарды бөлудегі қамтамасыз етілу деңгейі.
Объективті шартталған айырмашылықтарға байланысты Қазақстанның аймақтары 4 топқа жіктеледі:
Бірінші топ - Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, жартылай Қызылорда, Жамбыл облыстары. Бұл стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың әмбебап қорларына және ғылыми-өндірістік потенциалдың жоғарғы қарқынына ие аймақтар.
Аталмыш топтың басымдықтары (көміртегі) бай жер қойнауын интенсивті игеру, сонымен қатар көміртегі шикізатын өндіру мен кешенді қайта өндірудің жаңа технологиясы негізінде шикізаттың өзге де түрлерін (хромит, калий тұздары, борат, никель, кобальт және т.б.) игеру.
бірінші топ аймақтары үшін аймақтық инфрақұрылым (әсіресе көліктік), нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру мен шетелдік инвесторларды тартуда мемлекеттік қолдау жүйесі қажет.
Екінші топ Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Аталмыш аймақтар жоғарғы ғылыми-өндірістік потенциалмен, ауыр индустрия салаларына маманданумен, жоғары технологиялық ғылыми сыйымды өндірістерді құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлардың болуымен, қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілумен сипатталады.
Топтың басымдықтары жаңа ғылыми сыйымды өнімді, электроника құралдарын, ақпараттану құралдарын, автокөлік құралдарын (Павлодар және Қарағанды облыстары) шығаруды ұйымдастыру; лазерлі технологияны шығару, құрылғылар мен автоматтандырылған басқару жүйелерін шығару (Солтүстік Қазақстан).
Екінші топ аймақтарында мемлекеттік реттеу әдістері кеңінен жекешелендіру өткізу арқылы экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпал етуге бағдарланатын болады.
Үшінші топ Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары. Осы облыстардың агроөнеркәсіптік кешендері республиканың өндірістік қорын қалыптастыруда басымды ретінде танылған.
Топтың басымдықтары меншіктің түрлі формаларын реформалау курсының жалғасуы; ауылшаруашылық өнімді өндірудің тиімді мамандануы.
Үшінші топ аймақтарында экономикалық тетіктер мен ынталар ауылшаруашылық өндірісті реформалау, меншіктің түрлі формаларын дамыту бойынша жұмыстың жалғастырылуына шоғырланырылатын болады.
Төртінші топ Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауылды аудандары, яғни экстремалды климаттық, әлеуметтік-экономикалық, технико-технологиялық жағдайлары бар депрессивті аймақтар. Осы аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуынан әлеуметтік және экономикалық дағдарыс шекті деңгейіне жетті.
Төртінші топтың басымдықтары экономикалық дағдарыстың тереңдеу процесінің алдын алу; жергілікті ресурстардың пайдаланылуын ескере отырып, шаруашылық кешенді тереңнен қайта құрылымдау.
...