Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шығыстанудың аймақтық салалары

Автор:   •  Октябрь 12, 2021  •  Контрольная работа  •  1,154 Слов (5 Страниц)  •  408 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

                   Факультеті «___Шығыстану_____________________________»

                   Кафедрасы «___Таяу Шығыс_____________________________»

СӨЖ

Тақырыбы: Шығыстанудың аймақтық салалары

                            Орындаған: Сембай А.Т

                                      Тексерген: Қалиева Ш.С

Алматы, 2021ж

                                     Шығыстанудың аймақтық салалары

Жоспар:

  1. Шығыстану
  2. Шығыстану салалары

         Шығыстану – Азия және Солтүстік Африка елдерінің тарихын, экономикасын, тілдерін, этнографиясын, мәдениетін, дінін, философиясын, материалдық және рухани мәдениеттерінің ескерткіштерін кешенді түрде зерттейтін ғылым. Осы ғылымды атау үшін «ориенталистика» термині қолданылады, яғни шығыстану ғылымының екінші атауы бар, ол – ориенталистика.                                                        Шығыс елдері мен олардың тарихының сол елдердің өз өкілдерінің тарапынан зерттелуі ерте заманнан бастау алады. Ерте және ортағасырлық шығыс авторларының негізінен, тарихи шежіре мен географиялық сипаттау мазмұнындағы еңбектері шығыстану ғылымы үшін құнды дереккөздер болып табылады.                        Шығыстану ғылымы өз ішінде бірнеше аймақтық салаларға бөлінеді: египтология, семитология, ассириология, арабистика, шумерология, урартология, кумранистика, малаистика, ирантану, түркітану, синология, моңғолтану, үндітану, жапонтану және т.б.                                                                                                 Египтология немесе мысыртану – көне египеттің тарихы, мәдениеті, тілі және жазуымен шұғылданатын тарихи – филологиялық ғылымдардың жиынтығы. Египтология ғылымының негізін салған француз ғалымы Ж.Ф.Шампольон. Ол көп жыл зерттеп египет жазуының жүйесін танып ажыратты. 1824 жылы египет тілінің алғашқы грамматикасын, 1841 жылы сөздігін жариялады. 1828 жылы Египетке алғашқы ғылыми экспедицияны басқарып, нәтижесінде «Египет пен Нубия ескерткіштері» еңбегін жазды. Египтологияның өркендеген кезі 19 ғасырдың 90 жылдарында неміс ғалымы А.Эрман басқарған Берлин мектебінің зерттеулерімен байланысты. Эрман египет тілінің классикалық грамматикасын жазды.                          Семитология – Семит халықтарының тілін, әдебиетін, мәдениетін және тарихын зерттейтін ғылым. Еуропада араб, сирия, эфиопия және ежелгі еврей тілдеріндегі деректемелерді зерттеу ерте кезеңнен басталды. 17-18 ғасырларда голланд ғалымдары семиттанудың жеке саласы – араб зерттеу ғылымының негізін қалады. 18 ғасырда Ж.Бартелеми финикия жазуының кілтін тапты. 19 ғасырда жалпы және салыстырмалы тіл білімінің жетістіктері семиттану ғылымын толықтырып байыта түсті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін семиттану ғылымы Египет, Сирия, Ливан, Израиль елдерінде қолға алынды.                                                 Синология – Қытай тарихын, экономикасын, саясатын, философиясын, тілін, әдебиеті мен мәдениетін зерттейтін ғылымдар кешені. 17-18 ғасырларда француз миссионерлері негізін қалаған. Кейіннен синологияны 6 томдық қытай тілінің сөздігін құрастырған ағылшын Г.Моррисон, ежелгі қытай деректерін аударған неміс ғалымы Ю.Клапрот пен француз Э.К.Био әрі қарай дамытты. 19 ғасырдың екінші жартысында Синология кешенді ғылым саласы ретінде қалыптасты. 20-30 жылдары АҚШ, Англия, Жапония, Швеция, Италия, Голландия, т.б елдер Қытайды барынша кеңінен зерттеу ісін қолға алды.                                                                                 Моңғолтану – тарих ғылымының Моңғолия мен ішкі Моңғолиядағы жергілікті халықтарға байланысты мәселелерін зерттейтін саласы. 13 ғасырдың бас кезінде Шыңғыс хан басқарған моңғол мемлекетінің тарихи сахнаға шығып, аз уақытта орасан зор империяға айналуы моңғолтану мәселесін сол кездің өзінде-ақ зерттей бастауға әкелді. Қытай, Еуропа, араб, түркі зерттеушілері моңғолдар, олардың атақты билеушілері Шыңғыс хан жөніндегі мәселелерге көңіл бөле бастады. Ресейде Моңғолтану 19 ғасырдың орта кезеңінен бастап дами бастады.                                         Жапонтану- Жапонияны зерттейтін ғылымдар жиынтығы, жапон тілін зерттеумен айналысады. Жапонияда тілдік ұғым туралы түсініктер 8 ғасырда қытай иероглифтерімен жазылған көне ескерткіштерді зерттеуден басталады. 9 ғасырдан бастап буын жазуының ұлттық жүйесі – кана қалыптасқан, 11 ғасырда үнділердің әсерімен кананын фонетикалық жүйені білдіретін әліпбиі – годзюон пайда болған. 11-12 ғасырларда мәтіндерді түсіндіру жұмысы жүргізілген. 19 ғасырдан бастап Жапонтануға Еуропа тіл білімі ықпал ете бастады. 20 ғасырдың бірінші жартысында Е.Д.Поливанов жапон тілінің филологиялық жүйесін түбегейлі зерттеді. Н.И.Конрад кеңес заманында жапон тілін зерттеушілер мектебінің негізін қалады. Жапон тілін зерттейтін орталықтар Токиода, бұрынғы КСРО- да құрылған.                                        Шығыстанудың Қазақстанда дамуына Орынбор, Ташкент қалаларында жұмыс істеген орыс географиялық қоғамының бөлімшелері, Түркістан археология әуесқойлар ұйымы, Орта Азия мен Қазақстандағы шығыстану қоғамы бөлімшелері зор үлес қосты. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде  Шығыстану мәселелері бойынша көптеген зерттеу еңбектері жарық көрді. Осы салада М.Әбусейітова, К.Хафизова, З.Қинаятұлы, т.б ғалымдар елеулі еңбек етті. 1996 жылы Қазақстан ғылым академия жанынан Шығыстану институты құрылды.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (126.3 Kb)   docx (57.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club