Курил мәселесі және оның геосаяси-аймақтық аспектісі
Автор: aiko9595 • Март 14, 2019 • Дипломная работа • 23,137 Слов (93 Страниц) • 722 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: «Курил мәселесі және оның геосаяси-аймақтық аспектісі»
«5В050500– Аймақтану» мамандығы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі ___________
т.ғ.к., Жұматай Ғ.Б.
« »__________________2017 ж.
Орындаған:
4 курс студенті
Маулен Айганым
Ғылыми жетекші:
Ф.ғ.д профессор
Қадыржанов Р.К
Алматы, 2017
МАЗМҰНЫ
Кіріспе................................................................................................................. | 3 |
1 Куриль аралдарының КСРО уакытындағы тарихы............................. 1.1 Орыс-жапон соғыс ықпалының тарихи анализі | 7 |
1.2 Екінші дүниежүзілік соғыс шешімі (И.В Сталин)................................... | 16 |
1.3 Н.С.Хрущев пен М.Горбачев кезеңіндегі Куриль мәселесі.................... | 24 |
2 КСРО ыдырағанан кейінгі Куриль жағдайы.......................................... 2.1 Жаңа ғасыр Б.Н.Ельцин кезеңі | 32 |
2.2 В.Путиннің нақтылы шешімдері................................................................ | 56 |
Қорытынды....................................................................................................... | 68 |
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі................................................................ | 70 |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ресей мен Жапон елдерінің мемлекет аралық ресми қатынастарына тарих–экономикалық тұрғыда анализ жасау. Нақтырақ, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Ресей мен Жапон елдерінің саясатын көрсету. Оңтүстік Куриль аралдарының иесі кім деген сұрақ Жапон мен Ресей елдерінің бейбітшілік келісімінің орындалуына кедергі. Бәріне мәлім, Жапон мемлекеті Ресейдің КСРО кезіндегі, яғни екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде иемделінген жерлерді талап етуде. Негізгі дәлел ретінде XIX ғасырдағы келісім шартты ұсынып отыр. Осымен қатар, нақтырақ айтатын болсақ, екі ел арасындағы ғасырлар бойы болған соғыстар, дипломатиялық кездесулер, талқыға түскен ғасырлық оқиғалар. Осының барлығы кәзіргі заманда Жапония мен Ресей елінің Куриль аймақтарының мәселесіне байланысты геосаяси тұрғыда мемлекеттердің дамуына кедергі келтіріп отыр. Бұл аралдардың қандай маңызы бар.
Курил аралдары Жапониямен тек шекаралық межені белгілеуші аймақ емес, сондай-ақ Ресейдің бүкіл қиыршығыс жағалауын қорғаушы, Охот теңізінің айдынын қадағалауға мүмкіндік беретін және ресейлік әскери-теңіз флотының Тынық мұхитқа шығу мүмкіндігін қамтамасыз ететін маңызды обьект. Сонымен бірге, Жапония үміттенетін оңтүстік Курил аралдары өзінің қатпайтын және терең бұғаздарымен ерекшеленеді. Дәл осы аймақта ресейлік сүңгуір қайықтар Тынық мұхитына су үстімен жүзіп өте алады. Аталған бұғаздардан бас тартқан жағдайда, Охот теңізі «ішкі» теңізге айналады да, ал Тынық мұхит флоты өзіне берілген әскери мақсатын толықтай орындай алмайды.
Оңтүстік Курил аралдарының аймағындағы әскери-стратегиялық жағдайды қарастырғанда, Жапонияның бұрынғыдай Америка Құрама Штаттарымен Азиялық-Тынықмұхиттық аймақтағы және соңғы кезде үлкен масштабтағы одақтасы екендігін ұмытпаған жөн. Оның айқын дәлелі ретінде жапондық әскері контингенттің Иракқа бағытталуы, жапон парламентіндегі конституциядан әскери күштерден бас тарту және соғыс жүргізу құқығына ие болу туралы тармақты жою жөніндегі дебаттар, жапон әскери күштерін жүйелі түрде арттыру, саясаткерлердің ядерлық қаруға ие болу туралы қолдау дауыстары және тағы басқа фактілер орын алған.
...