Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азық - түлік бағаларының өсуінің жұмыссыздыққа әсері

Автор:   •  Апрель 13, 2023  •  Статья  •  762 Слов (4 Страниц)  •  164 Просмотры

Страница 1 из 4

АЗЫҚ – ТҮЛІК БАҒАЛАРЫНЫҢ ӨСУІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

        Аннотация. Бұл ғылыми жұмыста азық-түлік бағаларының өсуі мемлекеттегі жұмыссыздыққа қалай әсер ететіндігі қарастырылады. 2020 жылдан бастап еліміздегі азық-түлік бағасының өсу тенденциясы өткен жылдармен салыстырғанда күшейе түсті. Азық-түлік бағасының дәл осылай қарыштап өсуіне теңгенің құнсыздануы мен азық-түлік ресурстарының қалыптасу құрылымындағы өзгерістер үлкен әсер етті. Нәтижесінде азық-түлік бағасының өсуімен елдегі жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші артқан болатын. Зерттеу жұмысының нәтижесінде елдегі азық-түлік бағасы өсуінің жұмыссыздыққа қалай әсер ететіндігі анықталады және қазіргі таңда Қазақстанда орын алып жатқан дағдарыс, теңгенің құнсыздануы сияқты басты тақырыптарға жан-жақты талдау жасалып, аталған мәселелерді реттейтін бағдарламалар әзірленіп шығарылады, сонымен бірге азық-түлік бағасының қымбаттауы салдарынан жұмыссыздықтың өсуіне бейім аймақтар айқындалып, оларға мемлекет тарапынан әлеуметтік жеңілдіктерді енгізудің негізгі бағыттары ұсынылатын болады.  

        Кіріспе

        Қазақстандағы жұмыссыздық тақырыбы қазіргі таңдағы ең өзекті әрі басты мәселелердің бірі болып отыр, елімізде дағдарыстың халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер етпеген аймағы жоқ. Осы уақытқа дейін аталған тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген сарапшылар елдегі жұмыс орындарының қысқаруы азық-түлік бағасының өсу кезеңімен тұспа-тұс келетіндігін дәлелдеп шығарды. Салдарынан елдегі жұмыссыздық деңгейінің артуына бірден-бір себепші фактор – азық-түлік бағасының өсуі екендігі анықталды. Сонымен бірге, осы фактордың нәтижесінде елдегі бейресми жұмыс істеуге мәжбүр болған азаматтар санының өсуі де байқалған болатын. Жалпы елдегі жұмыссыздықтың жоғары деңгейі халықтың саяси көңіл-күйі мен мемлекеттегі және әлемдегі ортақ экономикалық жағдайға әсер ететіндігін ескерсек, азық-түлік бағасының өсіп, теңгенің құнсыздануы шешілуі қиын әрі күрделі мәселе екендігіне көз жеткізуге болады.

        Осы салада жүргізілген көптеген зерттеулер негізінде азық-түлік бағасының өсуі елдегі жұмыссыздыққа кері әсер етеді деп баға беру қажеттілігі туындайды. Тарихи деректерге жүгінсек өткен онжылдықтың соңында орын алған дағдарыс ұлы депрессиядан кейін енді ғана дамыған елдер үшін ауқымы жағынан ең күшті мәселелердің бірі болды, өйткені ол ЭЫДҰ-ға кіретін барлық дерлік мемлекеттерге өте қатты әсер етті. Ұлы дағдарыстың экономикалық өмірдің көптеген салаларына, соның ішінде еңбек нарығына берген теріс әсері бүгінгі күнге дейін сезілуде. Ал, кез келген мемлекеттің еңбек нарығының жай-күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерінің бірі – жұмыссыздық деңгейі болып саналады. Дәл осы жұмыссыздық деңгейіне кері әсер етуші факторларды дәл анықтап, жан-жақты зерттеу жүргізу қай кезде де өте өзекті әрі маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек. Сондықтан да зерттеу жұмысының тақырыбы ретінде азық-түлік бағаларының өсуі жұмыссыздыққа қалай әсер ететіндігін талдау арнайы мақсатпен таңдап алынды.  

...

Скачать:   txt (10 Kb)   pdf (79.8 Kb)   docx (11 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club