Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азық-түлік қалдықтары - бақшадағы органикалық тыңайтқыш

Автор:   •  Март 30, 2025  •  Реферат  •  890 Слов (4 Страниц)  •  166 Просмотры

Страница 1 из 4

«Азық-түлік қалдықтары - бақшадағы органикалық тыңайтқыш»

Мақсаты. Жылыжайда жұмыртқа қалдықтарын тыңайтқыш ретінде қолданудың қияр өнімділігіне әсерін анықтау.

Міндеттері:

  • Жұмыртқа қалдықтарын жылыжайда тыңайтқыш ретінде қолданудың тиімді жолдарын анықтау;
  • Жұмыртқаны тыңайтқыш ретінде қолданудың экономикалық тиімділігін есептеу;
  • Жұмыртқа қалдығының қияр өнімділігіне әсерін зерттеу.

Практикалық маңыздылығы. Алынған зерттеу нәтижелері бойынша жұмыртқа қалдықтарын кәдеге жаратуға болады, сондай-ақ саяжайшылар үшін қияр өсіруде тыңайтқышқа кететін шығын көлемін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Зерттеу гипотезасы. Жұмыртқа қалдықтарын жылыжайда тыңайтқыш ретінде қолдану қияр өнімділігін 40-50%-ға арттырады, ал тыңайтқышқа кететін шығынды 100%-ға төмендетеді.

Ғылыми жаңашылдығы. 

Жұмыртқа қабығының пайдалы қасиеттерін бақшада қолдану, экономикалық, биологиялық маңызын қияр өнімділігімен ашу.

Бүгінгі таңда,көріп отырғандарыңыздай, адам саны күн санап өсуде. Бұл дегеніміз Жер шарында адам саны көбейген сайын ресурс тапшылығы мен қоршаған ортаға шығарылатын қоқыс санының артуына алып келетіні сөзсіз. Мол өнім алуға деген ұмтылыс, бағбандардың тыңайтқыштар, нитраттарды қолдануына итермелейді. Ол өз кезегінде химикатсыз, таза өнім тапшылығымен қатар, топырақтың химиялық құрамының өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Күнделікті  қоқыс контейнерінде жатқан азық-түлік қалдықтары мені зерттеу жұмысын бастауға итермеледі.

Азық - түлік қалдықтары көбінесе керемет тыңайтқыштар болып табылады. Бала күнімнен әжемнің бөлме өсімдіктеріне шай қалдығын(заварка) құйғанын, пияз қабығы тұнбасын орамжапыраққа, сиыр тезегін бақшада қолданғанын көруші едім. Көбіне азық-түлік қалдықтарын компост ретінде пайдаланады. Алайда оларды бөлек қолданған жөн, өйткені белгілі бір азық-түлік қалдықтары  әртүрлі өсімдіктерге түрлі әсер береді.  Жұмыртқа қабығы - бұл ас үйдің әдеттегі қалдықтары. Бірақ тыңайтқыш!  Бұл органикалық тыңайтқышты бақшада қолдану жолдарын зерделей топырақ қышқылдығын жақсартуға пайдасын мектеп жылыжайында тәжірибеде тексеріп көруді шештім.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 38  бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті» деп жазылғандай  шағын үлескісі бар әр адамның әрекеті топырақты қорғауға бағытталуы керек.  

Мен де жұмыртқа қабығын бақшада қолдану әдісін зерттеу арқылы жер үлескісі бар жерлестеріме үндеу жолдаудамын.

Жұмыртқа қабығының артықшылықтарының құпиясы оның бай химиялық құрамында жатыр.

Жұмыртқаның қолдану аясы кең, медицина, асхана, косметология және де бақшада да қолданылады.

Жұмыртқа қабығы тыңайтқыш ретінде, зиянкестерден қорғау, кампост, топырақтағы қышқылдықты азайтуда  қолдануға болады

Шикізатты қалай өндіреміз?

Жұмыртқа қабығын келесі маусымда тауықтарда қысқа үзілістен кейін жинау ұсынылады. Бұл уақытта жұмыртқа қабығында ең жоғары тығыздық бар, және маусымның соңымен салыстырғанда (мамыр-қыркүйек айлары) көп қоректік заттар (әсіресе кальций) жиналады.

Жұмыртқа қабығын жинағанда жуып, кептіру міндетті.Әйтпесе,көп ұзамай жағымсыз иіс шығады, барлық жиналған материалдар тасталады.

1 м2 топыраққа шамамен 40-50г ұнтақталған жұмыртқа қабығы қажет. Біздің отбасы 1 айда 40-50 дана көлемде жұмыртқа тұтынады. Сол негізде жиналатын материалдың жалпы салмағын анықтау үшін келесі формула қолданып есептедім: онда А - бір жұмыртқадан алынған қабықтың шамамен салмағы (8 г),

В - ай ішінде тұтынылған жұмыртқалардың саны,

С - айлар саны.

В*А*С= шикізат көлемі

 40*8*6 ай = 1920г

Сонымен қатар көрсетілген сайты арқылы электронды калькулятор арқылы қабық мөлшерін есептеуге болады.

Тақырып бойынша теориялық материалды зерттей отырып, біз практикалық бөлікке: алынған деректерді тексеруге кірістік.

...

Скачать:   txt (13.4 Kb)   pdf (141.7 Kb)   docx (195.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club